Бастауышым – бал бұлағым
Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан
басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып
қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды
құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының
адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу.
Көрнекілігі :
«Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен
шарлармен
сахнаны безендіру
Нұрдәулет-ж : Ассалаумағалейкум , ағайын
!
Настя
-ж. : Армысыздар , аяулы
ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер
!
Нұрдәулет
-ж. : Қош келіпсіздер , құрметті
қонақтар !
Настя-ж. : Ия, бүгін бізде қуаныш ,
бүгін бізде үлкен той.
Нұрдәулет-ж. : Өйткені 4 жыл бойы білім
беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған ,
қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың
сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен
қоштаспақпыз.
Білімнің мына өмірде жеңгені
көп,
Білім қалап халқымның сенгені
көп.
Сондықтан салтанатты
кешіміздің,
Қойдық біз атын «Бастауышым -
бал бұлағым»- деп.
Настя- Ұрпағың мақтануға болса
лайық,
Біз бүгін , мақтанайық жар
салайық.,
Биылғы жыл бастауыш
түлектерін
Құрметпен қол соғып қарсы
алайық.!
(Сахнаға оқушылар
шығады.)
Настя.- Мектеп қой еліміздің қаны
жаны,
Бастауыштан басталады бәрі
бәрі.
Бастауышпен қоштасу
салтанатында.
Шырқалсың Қазақстан ән
ұраны!
( Ән ұран
орындалады.)
Настя-ж. : Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы
ұстаз ғой»
Арай : Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты
!
Бекжан :Армысыздар әжелер мен
аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар
Нұраят: Армысың
сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім
!
Настя-ж.: Дұрыс айтасың
Нұраят ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші .
Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де
мектептен тәлім алудамын.Олай болса , алтын ұя мектебімізге
арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән : хор: Мектеп
вальсі
Слайд «Мектептегі
мерекелер»
Нұрдәулет
-ж: Ия , мектебімізге қандай жыр
арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың мектепке арнаған
жырларын тыңдайық.
Бекболат : Кітап, қалам қолға
алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Дамир
: Тек үйреттің әділдікті
, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар
деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Азамат
: Қоңыр үнді даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене
қарап қойып біздерге
Күн
астынан сабақ беріп тұрғандай.
Хор : Мектеп әні.
Нұрдәулет-ж : «Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,
42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз –
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын
айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
Настя
-ж : Әр шәкіртін өз баласынан кем
көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім –
мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер
айтпаған.
Нұрдәулет
-ж : Дұрыс айтасың , ғылым иесі
ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да ,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған
ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие
алған.
Настя-ж : Ия , бұл туралы батыр
Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын
да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген
екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз.
Балназар.
Н: : Бастауышым – бал
бұлағым ,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп
танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Жансая : Алғашқы ұстазымыз анамызбен
тең келеді,
Бар
асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр
шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Жаннұр
: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің
асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан
басталарын.
Би : Орыс
би
Бәрі хормен
:
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !
Нұрдәулет-ж
: Олай болса шәкірттерінің
ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән : Ұстазым .
Орындайтын: Арай Дамир
Нұрдәулет1-ж : Біздің жамандығымызды
жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз.
Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып
жүруі де сол кісілердің арқасы .
Әр ана өз баласын
мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса
екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге
үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда
ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін
!
Би :
Өзбек
Нұрдәулет
-ж: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6
жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп
табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне
сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып,
орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Настя
-ж : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа
!
Жансая : Алғашқы ұстазымыз анамызбен
тең келеді,
Бар
асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр
шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Бекжан : Бастауышым – балбұлағым
,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау
қыраның.
Нұрбек : Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім
үйреткен.
Ана тілін
оқыдық,
Ерекше зор
құрметпен.
Ана тілін сүйеміз
,
Құрметпен бас
иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз
,
Әдебиетпен
достасамыз.
Наурызбек: : Ойланып есеп шығартып,
Төрт амалды
білдірген.
Ғылымдардың
патшасы ,
Математика данасы.
ӘН: Ұстаз ана. Орындайтын:
Жаннұр Жансая
Настя-ж : Кане балалар, сендердің
негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр
түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін
сынап көрейік.
1..
Туған жер туралы 1 шумақ өлең
шығар.
Туған жерде өстім мен ,
Бір
гүлі болып құлпырып
Туған
елім - күн көзі
Жайнай берем ұмтылып.
2.
Анаға арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?
: Ана-
деген ең асыл,
Мейірімі күнмен тең.
Анама айтам мың алғыс,
Мені әлдилеп тербеткен.
3. 1
шумақ өтірік өлең
ұйқастыру.
Қыстыгүні бақшадан
Алма теріп әкелдім.
Алма сатып, көкеме
Шетелдік көлік әпердім.
Ойын: «Тапқырболсаң,
таласжоқ»- деп аталады. Яғни берілген сұрақтарға жауап бере отырып,
білім ағашын жасап шығасыңдар.
-
Бір центнерде неше кг бар
?100кг
-
Көбелектің көпше түрін
айт?
-
Қашықтықты қалай табамыз
?
-
1
кг неше грамм бар ?
-
«Ана тілі» өлеңінің авторы ?
-
Кез
келген санды 0-ге көбейткенде неше шығады
?
-
Жылдамдықты қалай табамыз ?
-
Жатыс септігінің сұрағы ?
-
-
Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар
?
-
Туған жер туралы бір
мақал айт ?
-
Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа
айт?
-
Тіл
не үшін қажет ?
-
Сөз
неден құралады ?
-
Тік төртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені
8 см. Периметірін тап ?
-
Мектепте 30 мұғалім,450 оқушы бар.
Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі артық ?
-
120
минутта неше сағат бар ?
-
2 жылда неше ай бар
? 24
ай
-
Бөлудің компоненттерін ата
?
-
5-тәулікте неше сағат
бар?
Жер
шарында неше мұхит бар ?
-
Мәтіннің түрлерін
атаңдар?
-
Адам денесінің тірегі не
?
Настя-ж : Жарайсыңдар балалар , міне
енді осы алған білімдеріңді 5 сыныпта жалғастырмақ .талаптарың таси
берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде
екен.
Би
Валсь
Нұрдәулет-т : Олай болса сөз соңында
бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып,
әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік
ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық
күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын
әріппен
сақталады.
Ән «Алғашқы
ұстазым»
Апайымызға арналған аз
ғана видео роликті тамашалайық.
Құттықтау сөз ата
–аналарымызбен. Ұстазымызға
берілсін.