Материалдар / Бастауышым –бал бұлағым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауышым –бал бұлағым!

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныппен қоштасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышым –бал бұлағым!

Мұғалім : Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4- сынып оқушылар.

Жас жүректің өмірінің құштары гүл,

Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.



Толқимыз , толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда,

Қол соғып қошеметпен шақырайық

4 – сынып оқушыларын ортамызға.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 – сынып оқушылары осыдан 4– жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиалдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгінгі біздің бүлдіршіндер өміріне із қалдарған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағыда есейгілі отыр. Ендеше қызықтыда ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса кезекті түлектерге берейік.











Бөгембай: Ассалаумағалейкум, ағайын!



Іңкәр: Армысыздар , аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!



Бөгембай: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар!



Іңкәр: Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той.



Бөгембай: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адамгершілікке , адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстазадарымызбен қоштаспақпыз.



Іңкәр: Қолға қалам ұстатып ,

Білім құйған санаға



Хормен: «ОЛ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ ҒОЙ»



Ерасыл: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армызырдар , ұстаздарым қымбатты!



Нұрсұлтан : Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен гой Абай, Ыбырай бабалар.





Нұрасыл: Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүретерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!



Іңкәр: Дұрыс айтасың Нұрасыл! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да , әжем де, әкем де , анам да, енді міне мен де мектептен тәлім алудамын. Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім » әнін шырқайық!



(Хормен: ән «Мектебім ») (Оқушылар астына түседі.)



Бөгембай:Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

Урмат: Кітап , қалам қолға алдық

Бір сыныпқа жиналдық

Ажырамай арамыз

Болашаққа барамыз.



Аяулым: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.



Мақсат: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.



Балерке: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



(ұлдар шығып кетеді)



Бөгембай:4 сынып қыздарынан ән шашу «Бұлбұлым»әні



(ұлдар қайып орындарына келеді)



Бөгембай: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балардың ұстаздарға арнылған ән-жырларын айтпас бұрын , ұстаз туралы не айтар едің Іңкәр.

Іңкәр: Әр шәкітті өз баласынан кем көрмей , оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Бөгембай:Дұрыс айтасың Іңкәр ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғашыркер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.



Іңкәр: Ия, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз «болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Сағыныш: Менің – үйім ұстазым, менің ата- анам,

Сенен өсіп , сенен ғана нәр аламын.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып, сан тарапқа тараған.



Ермат: Мектебім – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.



Альбина: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді



Абдуллаһ:Тек үйреттің әділдік пен адалдыққы,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты



Арай : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай!

Мейірлене қарап қойып біздерге

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.



Алмас: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.





Кәусар: Нұр құйған санасына зейіндінің

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

(Іңкәр Сағыныш киімін ауыстырады)

(Хормен «Ұстазым әні»)



Хормен : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден



Бөгембай: Ой рахмет оқушылар! Іңкәр мен Сағыныштың

«ТЕ МОЛА» биін тамашалаңыздар.



Іңкәр: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтатын тілегін де

дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Мектебіміздің директоры Оразалиева Мадина Қырғызәліқызына сөз беріледі. (қыздар гүлдер биіне дайындалады)



Бөгембай:Көп – көп рахмет! Олай болса 4 сынып қыздарының «Көктем гүлдері» биін тамашалаңыздар.



(қыздар киінеді Альбина Кәусар өз биіне киінеді)





Бөгембай:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруіде сол кісілердің арқасы.

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін

Ақылды балаларың соны білген.



Іңкәр: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынандай нақыл сөз бар «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсың » деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!



Бөгембай:Ия , дұрыс айтасың Іңкәр. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалады деген осы емес па?



Іңкәр: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын аман болсын анашың.

Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата- аналарымызға сөз кезегін береміз.

Сөз кезегі ата – аналарда

(Іңкәр Сағыныш киімін ауыстырады)

Бөгембай: Көп –көп рахмет! Келесі тамашалайтындарыңыз Кәусар мен Альбинаның заманауи қазақша биін тарту етеміз.



(барлық оқушы Гүл ұстап шығады)



Іңкәр: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби бала болып сөмкемізід зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.



Бөгембай: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, ортаға қосылғалы тұрмыз.





Іңкәр: Біздер бастауышта жоғары сыныптарды өтілетін әдебиет, тарих , биология, алгебра, физика, химия т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика , дүниетану, орыс тілі пәндеріне зер салып үйрендік.

Сезілмеген қасиетті өзгеден,

Сырын білем көкіректегі көзбенен.

Ұстаздарды мектептегі сипаттап

Жыр жаздым мен жүрек жарды сөзбенен.



(қыздар тақпақтарын айтып вальске киінеді)



Урмат: Бала Бидей ауылдың даналары

Талай-талай асуларды алар әлі.

Мектептің жүз жуық оқушысы

Бәрі – Мадина апайдың балалары.



Бөгембай : Өсе келе директордың ізін басар,

Жақсы апай, үлгілі етіп ісін жасар.

Директордан кейінгі адам Мереке апай

Ұстаздармен құрбысындай сырласар.



Іңкәр: Өткізіп өз алдынан талай бала,

Бойына құйды ақыл ой мен сана.

Гүлназ апай сарп етіп күш қуатын,

Ақылшы , тәрбиеші, болды ана.



Сағыныш: Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз

Ұстаздарды ең алғашқы көргеніміз

Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта

Өзің болдың Айнұр апай сенгеніміз.



Кәусар: Анашымдай сыр шерткен,

Ақылды білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Эльвира апайға мың алғыс!



Альбина: Ойланып есеп шығартып,

Төрт амалды білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Назым апайға мың алғыс!

Арай: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадық.

Айжан апайға мың алғыс!

Аяулым: Ағылшынша оқытқан,

Good morning teacher айтқызған.

Мәтіндерді аудартып.

Сөздіктерді жаттатқан.

Гүлнұр апайға мың алғыс!

Алмас: Ағылшын тілін білген орасан ор талабы,

Әрқашанда ашық – жарқын қабағы.

Таңшолпан апайдың әрбір берген сабағы,

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Балерке: Әр адамға құрметпенен қараған,

Өз бойынан мол ізгілік тараған.

Еңбекпенен шеберлікті ту етіп,

Жанат апай сіздей қайда бар адам?!

Мақсат : Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

Ратбек ағайға мың алғыс!

Нұрсұлтан : Читать и писать на русском

Нас научила она

Это наша царица

Кашекова Сабыркул Нуржаубековна

Абдуллаһ: Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржанын дарынтқан.

Алдындағы баламен,

Тіл арқылы табықан

Орыс тілін меңгерген

Үйретуді жөн көрген

Расилова Светадай

Ұстаздарымыз әрқашан.

Ұрпаққа жаңа өн берген.

Ерасыл: Қазақ тілі, өз тілім, ана тілім

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.

Осы тілдің ұқтырған терең сырын,

Шолпай апай біздерге берген білім.



Нұрасыл: Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады.

Әзілі бірге жүрер өзімен

Ербұлан ағай қашып кетсек аямады.



Ермат: Өзін – өзі танытқан,

Тақпақтарды жаттатқан.

Өзін-өзі тану ұстазы,

Нұрзат апайға мың алғыс!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!