Бастауышым-балбұлағым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышым-балбұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауышым - балбұлағым»

Жүргізуші : Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Жүргізуші :Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші :Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей,
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді

1-оқушы:Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

2-оқушы: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

3-оқушы: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

4-оқушы: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән: Мектебім.

5-оқушы: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

6-оқушы: Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

7 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

8- оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.







9- оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

10-оқушы:Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Ән: «Ұстазым».

Жүргізуші: Иә осыдан 4 жыл бұрын , 6 жастағы сәби -балалар сөмкелерін зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған еді.

Жүргізуші : Енді міне  сауаттарын ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұр.

Жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде сендерді ұстаз ана сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Жүргізуші : Ендеше бастауыш сыныбы туралы неге айтпасқа !

11-оқушы: Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан
12-оқушы:Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

13- Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.
14-Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.
Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !



15-Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

16-Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл білім тәрбиең,

Ой – санама еккенің.

Ән «Мектебім»

Жүргізуші:- « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Жүргізуші:- Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Жүргізуші:- Ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

Жүргізуші:-Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арналады!

17-Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
18-Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!

19-Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бұл мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.

20-Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден
Оқушы: Ұсынғаны

Бәрі: адалдық,

Оқушы: Үйреткені

Бәрі: адамдық.

Оқушы: Бар ұстазға тілейміз,

Бәрі: Бақыт, табыс, амандық!

Ән. «Ұстазым, менің ұстазым»

Жүргізуші: Сендердің жамандықтарыңды жасырып, жақсылықтарыңды асырып жүрген ата- аналарыңыз. Қатарларыңның теңі болып , тамақтарың тоқ, көйлектерің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

21-Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Жүргізуші: Иә, сендер болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссеңдер ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

22-Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән: «  Мама».

Мұғалім: Мектеп өміріне етене араласып, әрқашан да белсенділік танытқан ата - аналарымыз бар. Қоғамдық шараларда көрініп «Қамқор ата - ана» бола білген...

Үнемі баласының жағдайына хабардар боп жүрген, сабағын жіті қадағалап өзі де 4 сыныптың оқушысындай боп кеткен ата - аналарымыз бар. Олардың да еңбегі зор. Баласының біліміне алаңдап. үнемі қолдау көрсетіп отырады.Әсіресе қазіргі қарқынды заманда осындай ата - аналар өте қажет - ақ
Бүгінгі озық заман талабына сай болып «Үлгілі ата - ана» атына сай ата-аналар да бар...

Ұлдар биі

23-Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.


24Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған, бастауыш мектебім.

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!

Ән

Жүргізуші: Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

Ұстаз сөзі -: Қымбатты шәкірттерім, теңіздей терең білім ап болашаққа бет алған желкенді қайықтарыңыз ешқашан да тоқтамасын. Асау толқынды өмірдің небір қиындықтарын жеңе біліп, ұстаз берген білім мен тәрбиені қару етіп талмай жүзе берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарға беріледі.

Жүргізуші: Қоштасады бүгін бастауыш – мектебің,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Жүргізуші: Осымен салтанатты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі