Материалдар / Бастың негізгі мүшелері және оларды салудың жолдары

Бастың негізгі мүшелері және оларды салудың жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары. Оқушыларды адам басының негізгі мүшелермен таныстыру, мағлұмат беру, құлақ,мұрын,ауыз,көзді салу,қағаз бетіне дұрыс орналастыру, көлеңке жарық арқылы оларға дұрыс пішін беру.Сурет салу шеберліктерін арттыру. Оқушылар адам басының негізгі мүшелермен танысады, мағлұмат алады, құлақ,мұрын,ауыз,көзді жеке салып қағаз бетіне дұрыс орналастырып, көлеңке жарық арқылы оларға дұрыс пішін беріп үйренеді.Топпен жұмыс жасап үйренеді.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні, айы, жылы


Сыныбы: 5

Пән: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Бастың негізгі мүшелері және оларды салудың жолдары


Мақсаты:

Оқушыларды адам басының негізгі мүшелермен таныстыру, мағлұмат беру, құлақ,мұрын,ауыз,көзді салу,қағаз бетіне дұрыс орналастыру, көлеңке жарық арқылы оларға дұрыс пішін беру.Сурет салу шеберліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар адам басының негізгі мүшелермен танысады, мағлұмат алады, құлақ,мұрын,ауыз,көзді жеке салып қағаз бетіне дұрыс орналастырып, көлеңке жарық арқылы оларға дұрыс пішін беріп үйренеді.Топпен жұмыс жасап үйренеді.

Оқыту әдіс – тәсілдері:

Топтық жұмыс,жеке жұмыс,диалогтық әңгіме,

ОҮБ және ОБ, салыстыру

Сілтеме:

Бейнелеу өнері оқулығы

Ресурстар:

Стикерлер, бағалау парақтары,бейнеролик,слайд

Дереккөздері:

Оқулық, үлестірмелі материалдар

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс постер қорғау,сурет салу

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің іс – әрекеті


Оқушының іс - әрекеті

1.Сәлемдесу

2.Шаттық шеңбері

3.Топқа бөлу (бейнелеу өнерінің жанрлары бойынша)


1.Сәлемдеседі.

2.Оқушылар есімдерінің бас әріптерінен келетін бойындағы жақсы қасиеттерін айтады

3.Ітоп Пейзаж

ІІтоп Портрет

ІІІтоп Натюрморт

ІYтоп Анималистік жанр

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау



Гүл сыйлау әдісі

Оқушылар бір-бірлеріне гүл сыйлау арқылы сүрақтар береді.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Мағынаны ашу

1.Ой қозғау.Жұмбақ шешу

І топтық тапсырма

Тақырыпты топтарға бөліп беремін .

Ітоп Көз

ІІтоп Мұрын

ІІІтоп Ауыз

ІYтоп Құлақ

ІІ тапсырма

Бастың мүшелерінің суретін салу

1.Жұмбақтардың жауабын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айтады

2. Топтар бөліп берілген тақырыпты жұп болып және топ болып талқылайды, бір – біріне түсіндіреді,постер қорғайды.

Топтар бастың мүшелері көз,мұрын, ауыз,құлақтың суретін салады

Топтар бір-бірін бағалап отырады

Сергіту сәті:

Қыдырып қайтайық әні

Оқушылар билейді

V. Сабақты бекіту

Лездеме ойыны

Оқушылар конверттегі сөздерге жауап береді

VІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу,бастың негізгі мүшелерінің суретін салу

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

VІІ. Кері байланыс

Сабаққа кері байланыс жасаймын Күн

Тақтаға күннің дөңгелегі ілінеді, оқушыларға сары, жасыл күннің тармақтары таратылады. Тармақшаларды күннің дөңгелекшелеріне жапсыру керек:


Сары түс – маған сабақ ұнады, көптеген ақпарат алдым.

Жасыл түс – сабақ ұнамады, себебі, пайдалы ақпараттар ала алмадым.

Оқушылар сабақтың қалай өткендігі туралы, алған әсерлері туралы білдіреді .

VІІІ.Бағалау

Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне, сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағаланады.

Топтар бір – бірін бағалайды.





ЖИ арқылы жасау
03 Қаңтар 2019
1060
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі