Материалдар / Бата - ұлттық тәлім - тәрбиенің бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бата - ұлттық тәлім - тәрбиенің бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бата - ұлттық тәлім - тәрбиенің бастауы"тақырыбындағы тәрбие сағаты
Авторы:
12 Маусым 2023
495
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Класы: 7 «А»

Күні: 28.12.2022.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бата - ұлттық тәлім тәрбие бастауы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату, тың материалдар жинау арқылы оқушылардың ойын дамытып, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнелі суреттер, плакаттар, слайд дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кіріспе сөз: Бата дегеніміз не?

Оқушылардың ойы сұралады.

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «Ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын тілейді. Олай болса, тілек айту, бата беру – дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.

Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей.

Батаның негізгі түрлері:
1. Ақ бата.
2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, Аллаһ Тағаладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке–бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).

Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Аллаһ Тағаладан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», - деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені, «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».

Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Этнограф – жазушы Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады: «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», - деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».

Көрініс: "Малайсарының Сырымға берген батасы"
Мұғалім сөзі: Ел есіндегі баталар
Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан да атақты баталар бар. Ол оның тәлім-тәрбиелік маңызының, өлең болып өрілу шеберлігінің өте жоғарылығынан, көркемдігінен екені мәлім. Солардың ішінде Төле бидің Қойгелді батырға берген батасын, Анасының Райымбек батырға берген батасын, Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасын, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға берген батасын, Қарасай батырдың балаларына берген батасын, Бауыржан Момышұлының батасын, Кененнің келіндеріне берген батасын халық жыр қылып айтады.
Оқушылардың баталары: Қарасай батырдың балаларына берген батасын,  Төле бидің Қойгелді батырға берген батасын, Шәкір Әбеновтың Ел басына берген батасы.

Ой қозғау. Қандай бата білеміз? Батаны кімдер береді?
Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтар-ға да жасалған. Батаның өз қисыны бар. Оның айтылатын да, айтылмайтын да жерлері болады. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.
Көрініс: "Баланы оқуға шығарып салу"
Оқушылар ізденісі: Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша ізденіп жауап береді.
1. Бата туралы қысқаша кім түсінік береді?
2. Батаны қай кезде береді?
3. Батаны беретін адамды кім дейді?
4. Батаның негізгі неше түрі бар? (ақ, теріс батаны түсіндіріңдер)
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Қорытынды: Ендеше балалар ата бабамыздан мирас-өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік. Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз:
Ниет, ықылас білдіру,
Әр адамға аманат!
Ата – баба дәстүрі –
Батаны біл жамағат.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!