400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бата жаттап үйренейік.Тілге жеңіл 12 бата .

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда тілге жеңіл,балалардың есте сақтауына ыңғайлы баталар жинақталған.Өте мағыналы әрі мәнді.Кез -келген жағдайда пайдалана беруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.Жорытқанда, балам,жолың болсын,

Қалтаң байлыққа толсын!

Бір толмасын,жылда болсын,

Өмір-жасың ұзақ болсын!

Қатарынан озған өрен бол,

Қыз көзіндей терең бол!

Сынай қалса-құлақ сал,

Мақтай қалса-керең бол!



2.Отбасыларың аман болсын,

Бай-бақытты заман болсын.

Үйлеріңнен қонақ кетпесін,

Май қуырдақ - табақ кетпесін.

Соғым шүйгін болсын,

Ұрпақтарың тұйғын болсын.

Татқандарың тәтті болсын,

Келер күндерің жақсы болсын!



3.Әумин десең,жамағат!

Бермесін тәңірім жаман ат

Аман жеттік бұл күнге

Тірлігіміз қанағат

Аспан тыныш,жер тыныш,

Халқым тыныш,ел тыныш.

Тыныштықтан көңілім,

Табатындай желпініс.

Бұлт шалмасын тау басын,

Төбемнен оқ жаумасын,

Егеменді елімнің

Басынан бақ аумасын!



4.Балаларыңның жасы ұзын болсын,

Жолдасы қызыр болсын.

Өнері тасып-толсын,

Басына бақыт қонсын!

Басты болсын,

Малды болсын,

Өз құбысының алды болсын!



5.Ел мерейін өсіретін,

Сөзге шешен данаң болсын

Әрбір істі бастайтұғын,

Басар сәтті қадам болсын.

Бар әлемді жаулап алған,

Ауру-сырқау тамам болсын.

Әкені тыңдар бір айтқанда,

Ақылды ұл балаң болсын.

Ана сөзін жай қалдырмас,

Биязы қыз балаң болсын.



6.Уа,Құдайым қолдасын,

Жіберсін пейіл-жолдасын.

Өмірлерің ұзақтан,

Көгендерің тұсақтан болсын.

Алдың береке,

Артың мереке болсын.

Бақ-дәулетің шашылып жатсын.

Қазаның асылып жатсын.

Періштелер қорғай жүрсін.

Ақындар толғай жүрсін.

Үйің қонақтан арылмасын,

Құдайым пейіл-тілегіңді жарылқасын!



7.Отбасына арман болатын

Ата-анаға қорған болатын

Исламдық ақ жолдан болатын

Ұл перзент берсін РАББЫМ!

Өсек-аяң таратпайтын

Ақыл ойын сараптайтын

Жалқаулықты жаратпайтын

Жұртты жерге қаратпайтын

Қыз перзент берсін РАББЫМ!



8.Балалы-шағалы болыңдар,

Ағалы-жағалы болыңдар.

Немере-шөберелі болыңдар,

Туажат-неменелі болыңдар!

Пейілдерің тарылмасын,

Есіктерің жабылмасын.

Асыр-салып ұл-қызың,

Күндіз-түні дабырласын!



9.Ақылыңды астырсын,

Ықыласыңды тастырсын,

Балаң үбірлі болсын,

Қызың шүбірлі болсын!

Жақының көп болсын,

Жауың жоқ болсын!

Қатулықтан аулақ бол,

Татулыққа жақын бол!

Дәуренің иманмен сәнді болсын,

Ғұмырың біліммен мәнді болсын!



10.Күн күлімдеп төбемізден,

Жылулығын төге берсінІ

Әрбір адам бір-бірінен,

Тек адалдық көре берсін!

Ұлдарымыз,қыздарымыз,

Жолдарынан жаңылмасын!

Үйімізден әрқашанда,

Құтты қонақ арылмасын!

Ағарып атқан әр күніміз,

Қуанышқа тола берсін!

Арманымыз,мақсатымыз,

Ойдағыдай бола берсін!

Дүлдүлдердің ортасынан,

Атымыз алға шыға берсін!

Әр қазақтың отбасынан,

Миллиардерлер шыға берсін!



11.Азамат болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін,

Азамат болып көрікті,

Ғұмыры болсын берікті!

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты,

Өнері болсын жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі

Қабыл болып,

Алла берсін зор бақты!



12.Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.03.2023
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі