«Батаменен ел көгерер»
атты бата байқауының
сценарийі
Өтетін күні:
15.12.2016ж
Өтетін жері: Аршалы ауданының тілдерді
оқыту орталығы
Өткізілу формасы:
байқау
Мақсаты:
бата көңілге сенім
ұялатады, адамды тәубешілдікке, үміттенуге жетелейді.
Тәуелсіздігімізді ұлықтау, береке мен бірлігімізді насихаттау,
өскелең ұрпаққа салт-дәстүріміз бен мемлекеттік тілімізді, ұлттық
қазынамызды дәріптеу.
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Құрметті
қонақтар мен байқау
қатысушылары!
Бата беру
халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан салт дәстүрінің бірі.
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, ұлтымыз батаны
ерекше қастерлеген. Ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің
рухани қазынасында батаның мән- мағынасы, қадір- қасиеті айрықша
бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, санамызға
нұрлы шуақ сыйлайтын осынау ақыл, нақыл сөздер -тәрбиенің бастау
бұлағы.Қазақ халқы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға
ерекше мән бере отырып, бата арқылы ұрпағын адамгершілікке,
имандылыққа, ақылдылық пен парасаттылыққа, шешенділікке баулыған.
Олай болса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына және шарапаты мол мәуліт мерекесіне
арналған «Батаменен ел
көгерер» атты бата байқауына қош
келдіңіздер.
Жүргізуші:
«Ауылыңда қарияң болса-жазылып қойған хатпен
тең...» деген халқымыздың дана сөзі қарттарымыздың ақыл-парасаты
қазынамен тең екендігінің дәлелі болса керек. Ал, осы ақсақалдардың
дуалы аузынан шығатын маржан сөздің мәйегі, ұлтымыздың ұлық
дәстүр-ғұрпы, абзал ақсақалдың ақ тілегі мен адал ниеті саналатын
бата-қазақ халқы үшін өте қасиетті, киелі ұғым. Батаның
бақыт-байлық бастамасы екендігін ежелден жете түсінген дана
халқымыз «Батаменен ел көгереді» деп, оны тілдік алтын тамырымыздың
біріне балаған.Ендеше,байқаудың қатысушыларымен таныс
болыңыздар.
-
Жанқаев
Сейтқали
-
Мырзаев
Темірбек
-
Утеулиева
Шарипа
-
Мырзаева
Айсұлу
Бүгінгі байқаудың төрелігін
беретін қазылар алқасымен таныстырып
өтейін.
-
Ауданымыздың ардагерлер
кеңесінің төрайымы, Ұзахбаева Шырынкүл
-
Ауданымыздың мешітінің бас
имамы Ерболат Хазтай
-
Аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қуандық
Нұрхан
Байқауымызды бастамас бұрын
бейне сюжетке кезек берейік.
«Бата бере білеміз бе?»
видео көрсетіледі.
Байқауымыздың
шарттары:
Бірінші бөлім. «Баталы сөз
— аталы сөз»
Екінші бөлім. «Көп тілеуі
көл» берілген тақырыпқа бата
айту
Жүргізуші: «Баталы құл арымас», «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер»
дейді халқымыз. Осы сөздерден ақ қазақтың ақ батаға деген
көзқарасының қандай болғанын байқауға болады.Қазақ халқы
қашандаүлкеннен бата алуды жақсылыққа балаған. Балаларына жас
кезінен бастап ақ үлкендерден бата сұраған. Сол арқылы үлкендерді
құрметтеуге, қасиетті дінімізге бет бұруға ықпал жасаған. Батаның
адам өмірінде алатын орны айырықша.
Бата көңілге сенім ұялатады, адамды
тәубешілдікке, үміттенуге жетелейді. Алланы тануға, пайғамбарды
ұлық тұтуға, иман келтіруге бастайды. Сондығымен де батаның маңызы
жоғары. Ата-бабаларымыздан батаның небір жауһар үлгілері сақталып
бүгінгі ұрпақ бізге жетті.Барлығымызда баталы
болайық.