Бау бақшаға барағанда

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бау бақшаға барағанда

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Білім көздері: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бау-бақшаға барғанда


Мақсаты: Балаларды бау-бақша өсімдіктерімен таныстыра отырып, сөздік қорын байыту. Заттың көлемін, түсін, пішінін, ажыратуға дағдырландыру.Тіл ұсату жаттығуларын айтқызу. Күзгі табиғаттың сұлулығын байқауға баулу. Үлкендердің еңбегін,тұған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бау-бақша,көкөніс,жеміс,себет.

Көрнекіліктер: күз туралы, адамдар еңбегі туралы суреттер. Көкөністер муляждары

Барысы: Ұйымдастырылуы: Балалар шаттық-шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.

Күз туралы сурет бойынша әңгіме

Қойылатын сұрақтар мен балалардың жауабы:

Тәрбиеші: - Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

1-бала: - қазір жылдың күз мезгілі.

Тәрбиеші: - Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?Суретке қарайық



2-бала: - Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз: жапырақтар сары,қызыл,жасыл болып алқаптағы шөптер қоңыр,сарғыш түске енеді.Ауа-арайы салқындайды,күн қысқарып,кеш ерте түседі.


Тәрбиеші: Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

3-бала: Құстар күн суытқаннан жылы жаққа ұшып кетеді.

Күзде үлкендер қалай еңбек етеді?

Бау-бақшада жеміс-жидек,көкөністер піседі,ұлкендер жиын- терінге шығады, астықты қамбаларға жинайды.

Тіл ұсату жаттығуы:

Тәрбиеші: - Алманы ағаштан қалай аламыз?

Балалар: - үз – үз – үз, үзіп ал

- үз – үз – үз, үзіп сал

Тәрбиеші: - Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?

Балалар: - күз – күз – күз, күзде алма түс

- күз –күз – күз, күзде алма піс

Тәрбиеші: - Кане бәріміз тәтті жемісті жегісі келіп,дәмін татқысы келіп

ұшып журген ара боламыз.

Балалар: - ыз – ыз – ыз, біз татумыз.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер»

Шарты:себетке салынған көкөністерді қолдарына алып, қатты,дәмді,тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.Пішіндерін айту.



Мысалы:сәбіз-қатты,сопақша,бұрыш-ащы,сопақша,қызанақ-жұмсақ,домалақ,қияр-қатты,сопақша.


Тәрбиеші: «Көкөністерді қандай тағамдарға пайдаланады?»

Жұмбақ шешу: Бақшада өседі,көп өнімдерін береді. (көкөніс)

Қалың киімді үнатады

Шешіндірсең жылатады (пияз)


Жаздай інге тығылып

Жатқан түлкі

Түлкіні әкелді әкем бір күні

Ол не ? (сәбіз)

Енді сәбіз бен қызанақты салыстырайықшы.

Сәбіз-сопақ,түсі қызғылт сары,қатты

Қызанақ-домалақ,түсі қып-қызыл,сырты-тегіс,жұмыр ,жұмсақ болады.

Сергіту сәті: Секірейік –секірейік,

Ұзын – құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.

Тәрбиеші: «Қазақстанда өсетін көкөністер мен жемістердің түрлері көп.

Жемістер-адамға өте пайдалы,бақта,ағаштарда өседі.Жемістерді кептіріп,қақ жасауға болады.Шырынын адамдар сүйсініп ішеді.Жемістер жақсы өсіп,мол өнім беруі үшін адамдар жеміс ағашын күтеді. Оларды түрлі зиянды құрттардан сақтайды.»



«Ненің дәмі?» дидактикалық ойыны

Шарты: Кесулі үстел үстіндегі түрлі жемістердің бөліктерінен,көзі жұмулы бала дәм татып,қандай жеміс екенін айтып,сипаттайды.

Қорытындылау: Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенде»

Мақсаты: - Балалардың оқу іс-әрекеті барысында алған білімдерін дүкенші мен сатып алушылар арқылы бекіту. Санау, салыстыру дағдырларын жетілдіру.Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қүтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: - Жемістер мен көкөністердің аттарын,олардың түстерін,пішіндерін ажырата алуды.

Қөрсете білу: -Жемістер туралы өз ойларын жеткізе алады,күзгі табиғатты әнгімелейді.

Қабылдау: - Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін білуі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.12.2018
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі