Баян аспабының шығу тарихы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баян аспабының шығу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баян- сырнай аспабының шығу тарихы мен қазақ даласына таралуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баян аспабының шығу тарихы мен маңызы

Баян – халықтық және академиялық музыканың ең жарқын әрі әсерлі аспаптарының бірі. Ол тембрлік бай палитраға, кең динамикалық мүмкіндіктерге ие және халық әуендерінің бояуын да, күрделі классикалық немесе заманауи шығармаларды да жеткізе алады. Бүгінде баян жеке орындауда да, ансамбльдерде де, халық аспаптар оркестрлерінде де, камералық және тіпті джаздық музыкада да белсенді қолданылады.

Қазіргі сырнай (баян) тілшікті гармон түріне жататын барынша жетілдірілген аспап. Гармондағы дыбыс көзі былғары көрік қозғалысының көмегімен ауа толқынын тербеліске келтіретін темір тілшіктер болып табылады.

Тұңғыш шыққан қол гармонның отаны Германия деп есептеледі. Гармондардың атасы ерінмен тартылатын гармон (ауыз-сырнай) деп саналады. Оның жасалуы өте қарапайым, яғни ол ұяларға бөлінген үзынша қораптардан түрады. Белгілі бір әуезге (дыбыс) үйлестірілген тілшіктер орналастырылады, ауызбен үрлеген кезде дыбыс шығады. Бұл аспапты 1821 жылы неміс шебері Фридрих Бушман жасаған. Бұдан кейін, 1822 жылы Ф.Бушман гармонға былғары ыдысша орнатып, екі қақпақ қойған. Қақпақтың біріне бірнеше қүлақшалар орнатып, екіншісіне былғарыны созуға арналған түтқа жасаған. Сөйтіп, қол гармоны өмірге келген.

1829 жылы австриялық шебер Кирилл Демиан қол гармонын жетілдірді. Мұның кейбір түрлері біздің күнге дейін жетті. Айталық, ол оң және сол қол үшін жасалған клавиатуралары бар екі жартыдан құралған қорап және былғарыдан тұрады. Гармонға оң қол үшін жеті, ал сол қол үшін екі клавиша орнатылды. Мүндай гармондар Германия мен Австрияда, бүкіл Батыс Европада, сондай-ақ 30-жылдары Ресейде де кең тараған. Ресейдің ірі қалаларына саудагерлер, теңізшілер және әртістердің әкелуімен көріне бастаған шетелдік қарапайым гармондарды орыс шеберлері алғашында сол қалпында жасап, кейіннен жетілдіруді қолға алды.

Бір қатарлы гармондарды бұдан әрі жетілдіру жүмысы оның сапасын айтарлықтай жақсарта алмады. Сөйтіп орыс шеберлері екі қатарлы гармондар жасап шығарды. Олар бүгінге дейін пайдаланылып жүр. Осындай гармондар Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында жасала бастады. Олар тулалық, саратовтық, касимовтық, елецкілік, вяттық (татар) деп, жасалған жеріне қарай аталады. Татар гармондары сол кездің өзінде-ақ қазақ жеріне де тарай бастады. Бұлар диатоникалық құрылымды гармондар еді.

Гармонды одан әрі жетілдіруде Н.Белобородов көп еңбек сіңірді. Ол 1870 жылы шебер Л.Чулков әзірлеген хроматикалық қос қатарлы гармон құрастырды. Бұдан кейін шеберлер қолынан үш қатарлы, төрт қатарлы гармондар дүниеге келді.

Іс жүзінде, бұлар құрылымы әр түрлі алғашқы баяндар еді.

Бүл гармондар қазақтардың да тұрмысына еніп, “сырнай" деген атпен халық арасына кеңінен тарады, гармон ойнайтындар "сырнайшы" деп аталды. Сырнай деп аталуына қазақ халқының ежелгі үрлемелі саз аспабының гармон дауысына ұқсас болғандығы себеп.

Қазақтардың сазгерлік тұрмысына үңілсек, ұлт үшін сырнай әншілік-аспаптық орындаушылық құралына айналғанын көреміз. Оған тиісті ырғақтық еркіндік, жұмсақтық және өзіндік дыбыс бояуын бере отырып, дәстүрлі әншілік өнерді танимыз. Сырнайдың қазақ халқының сазгерлік салт дәстүріне сіңіп кету себебі оның эстетикалық, атап айтқанда, аспаптық құрылыс, үнқатар, тембр (дыбыс бояуы) мен ырғақтық-дыбыс жүйелілігі. Өйткені сырнайда миксолидийлік құрылымды диатоникалық үйлесім бұрыннан бар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2025
43
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі