Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Баяндама
Материал туралы қысқаша түсінік
«Алаш» туралы деректер "
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
619
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Алаш» туралы деректер Жаңабаева Санигуль Каниевна №23 орта мектебінің тарих пәні мұғаліміТәуелсіздік тұғырына қонғалы бері халқымыздың бастан кешкен тарихи оқиғалары мен ел шежіресін жасауға ерен еңбек еткен, жұртын өрге тартқан тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан баға беріле бастады. Соның табысты нәтижесі боларлықтай тарихымыздың тынысын бағамдарлық істер атқарылуда. Мақсат – бүгінгі күннің мұратын айқындау, болашақтың баянды бейнесін жасау үшін кешегінің ақиқат «ақтандағын» сараптау.Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың сан ғасырлық тарихында саяси жолмен, өркениет өрендеріне тән соқпақпен туған халқының азаттыққа жетуіне қам жасаған ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының қауымдасқан зор тарихи қызметі – «Алаш» партиясы мен Алаш үкіметінің құрылғанына және дүниенің төрт түкпіріне Алаш ұрпағының тағылымды ғұмырын паш еткен Алаш азаттары армандаған ұлы мұрат – қазақ тәуелсіздігі Алатаудың баурайында басталып, Арқа төсінде бірлік пен берекенің ұйытқысына айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алаш қайраткерлерінің тарихи қызметіне зор баға бере келіп: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіреті болды. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құрылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» - деп жазған еді. Бұл тарихи ақиқатты, ғибратты мол тағылымды әрқашан жадымызда ұстап, Тәуелсіздігіміздің рухани іргетасын берік етуге әрқайсымыз мақсатты қызмет етуге тиіспіз.ХХ ғасырдың басы қазақ тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі. Бұл кезең көне Түрік дәуіріндегі «мәңгі ел», Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінен кейінгі ұлттық сананың жоғарғы деңгейге көтерілген кезеңі болды. Алайда, әлемдік тұрғыдан қарағанда, бұл кезең отаршылдардың күш алған, қазақ халқы тұтынып келген көшпенді өмір тәсілі тұйыққа тірелген тар кезең болатын. Сондықтан Алаш қозғалысы өзінің көздеген мақсатына жете алмады. Дегенмен Алаш қайраткерлерінің атқарған қызметі, Алаш қозғалысының тарихи мәні зор еді.Елінің еркіндігі мен халқының азаттығы үшін барша ғұмырларын арнаған Алаш қайраткерлерін еске түсіру, олардың өмірі мен шығармашылық мұрасына тағылым алу, әсіресе, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – баршамыздың парызымыз. Бұл – Алаш қайраткерлеріне көрсетілген тағзым. Алаш рухын асқақтату, Алаш қайраткерлерінің мұраларын зерттеу – бізге және келешек ұрпаққа керек ұлттық намысымызды жетілдіретін игі іс. Алдымызда Алаш идеясын ұлттық идеологиямыздың тарихи бастау көздерінің бірі ретінде қарастыру міндеті тұр. Жоғарыда айтылғанындай, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Алаш тақырыбына тыйым салынғандықтан, оның деректемелік негіздерін де зерттеу мүмкін болмай қалды. Алаш қозғалысының тұп нұсқалық деректері жарияланып тұрған «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы» сияқты газеттер буржуазияшыл ұлттардаң органдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмеді. Тек Тәуелсіздік жылдарында ғана ұлттық тарихымыздың «ақтандақ» болып келген беттерін, оның қатарында Алаш қозғалысы мен оның деректемелік негіздерін жан-жақты қатыстыруға мүмкіндіктер туды. Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізін төрт топқа бөлуге болады:1) ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер;2) 1913-1918 жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;3) Қазақстанның, Ресейдің, Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Түркияның т.б елдердің мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған деректер;4) Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халил Досмұхамедов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке архивтері мен жарияланған еңбектерінде кездесетін деректемелер. Енді осы деректер тобының әрқайсысына жеке - жеке тоқтап, қысқаша сипаттам беруге тырысалық. 1) 20-30-шы жылдарда Алаш қозғалысына байланысты бір құжаттар жинағы және деректемелер топтамасы жарық көрді. Оның біріншісі – 1927 жылы Қызыл-орда қаласында (сол кездегі Қазақстанның астанасы) орыс тілінде жарық көрген «Алаш-Орда» атты құжаттар жинағы болды. Оны баспаға дайындаған ВК П (б) Қазақ Өлкелік комитетінің нәсихат бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко болды да, кітапты Қазақ АССР үкіметінің сол кездегі басшысы Ораз Исаев редакциялады. Жинақта жеті бөлімге топтастырған 74 құжат жарияланды. \3б\ Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін қазақ халқына құбыжық, совет өкіметі мен большевизмге қарсы күш етіп көрсетуді көздеген жинақта жарияланған құжаттардың басым көпшілігі большевиктік үстемдікке қарсы күрес кезеңдеріне арналған деректемелер. Жарияланған деректер негізінен орыс тілінде жазылған және көпшілігі түпнұсқа емес, көшірме варианттардан тұрады. Ал жалғыз-жарым қазақшадан аударылып бпсылған текстерде түпнұсқамен салыстырғанда айтарлықтай бұрмалаулар орын алған. Мұндай жағдай, әсіресе «Қазақ» газетінің 1917 жылғы қарашаның 21- дегі санында жарияланған Алаш партиясы бағдарламасын жобасынан орысшаға аударылып, осы жинаққа басылған нұсқасынана анық көруге болады. Біріншіден, құжаттың орысша нұсқасында «жоба» деген сөз түсіп қалған да, ол пария қабылдаған нағыз программа ретінде берілген. Екіншіден, аударма нұсқада бағдарлама жобасы баптарынан (ол он баптан І тұрады) тақырыптары түсіп қалған. Атап айтқанда, терең әлеуметтік және саяси мәнге ие «Мемлекеттік қалпы», «Жергілікті бостандық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Ел қорғау», «Жер мәселесі», т.с.с. тақырыптар берілмеген. Ал бағдарлама жобасындағы жер мен мемлекеттік құрылым мәселелері бойынша тұжырымдалған принципті қағидалар өрескел бұрмаланған. Алаш партиясы бағдарламасы жобасының түпнұсқасын Н. Мартыненко жариялаған орысша варинтын мұқият салыстырсақ, жоғарыда келтірілген мысалдарға ұқсас оннан астам ірілі – ұсақты бұрмалаушылықты байқауға болады. Мұның өзі сол кезде кездейсоқ жасалмаған сиқты. Тасқа басқанда бір беттен аспайтын бағдарлама жобасын сол 20-шы жылдары орыс тілінде қатесіз тәржімалайтын адамдар болды. Бірақ олай істелмейді. Бұл ретте зерттеуші М. Қойгелдиевтің осы құжатты орыс тілінде өрескел бұрмалаулармен жариялаудың негізінде саяси мақсаттар жатты деген пікірінің жаны бар. Осындай бұрмалаулар, сол кезде (1928-ші жылдан бастап) ОГПУ құрған топ ішінде отырған Алаш басшыларын «ұлтшылдар», «орыстарға қарсы саясат жүргізушілер» деп айыптауға негіз болды.Аталмыш жинақтан соң С. Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорда тарихы бойынша очерктер» деген кітапты орыс тілінде жариялап, оған қосымша ретінде Алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар 44 құжат берді. Ол құжаттар Алашорда жетекшілерінің үндеулері мен мәлімдемелерін, Алаш партиясы съездерінің шешімдерін, басқа да деректерді қамтыды.С. Брайнин мен Ш.Шафиро жариялаған құжаттар тізбегі Н. Мартыненко құрастырған жинақты негізінен қайталаған. Н. Мартыненко жинағында бар кемшіліктер соңғы құжаттар тізбегіне де тән.Жоғарыда айтылған екі кітаптың идеялық бағыты Алаш қозғалысы жөнінде шындықты ашуға қызмет етті сондықтан да Н. Мартыненко жариялаған құжаттар жинағы мен С. Барайнин мен Ш. Шафиро кітабына қосымша ретінде басылған құжаттар тізбегі большевиктік үстемдіктің насихат апараты тарапынан Алашорданың контреволюция – шыл ұлтшылдық идеологиясын таратуға қызмет етті деп бағаланып, оларды пайдалануға тиым салынды. Содан бергі уақытта Алаш тарихына байланысты арнаулы құжаттар жинағы жарияланған емес. Тек 1993 жылы Алматыда ай сайын шығып тұратын «Ақиқат» журналының 4-ші санында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі Әлімхан Ермековке байланысты құжаттар жиынтығы Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен алынып «Қилы заман құжаттары» деген тақырыппен жариялады, 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» хрестоматиясында Алаш қозғалысы мен оның жетекшелеріне қатысы бар бірнеше құжаттар жарияланды. /2.87/2) 1913- 1918 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзін таныта – тын «Қазақ» (Орынбор), «Сарыарқа» (Семей), «Бірлік туы» (Ташкент), «Жас азамат» (Қызылжар) газеттері мен «Абай» журналы (Семей) беттеріндегі деректемелеік материалдарсыз Алаш қозғалысының пайда болуы мен нақтылы қызметін, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын орнын тарихи шындыққа сай көрсету мүмкін емес. Бұл басылымдарда Алаштын қоғамдық қозғалыс болып қалыптасуы, оның саяси партия дәрежесіне көтерілуі, ұлттық саяси партия құрылған 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші бүкілқазақтың съезд, Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкіметін құрған 1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші бүкілқазақтық съезд туралы түпнұсқалық маңызы бар деректер көптеп кездеседі. Олардың қатарында Алаш партиясы програмасынан жобасы, жоғарыда аталған екі қазақ съезі мәжілістерінің хаттамалары (протоколдары), Алаш қозғалысы көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлердің саяси, әлеуметтік мәселерге арналған концептуалдық мақалалары жарияланып, олардың көзқарас эволюциялары жөнінде мәліметтер басылған.Сонымен қатар осы басылымдардағы деректердің біразы Алаш пен большевиктердің, Алашорда мен Совет өкіметі органдарының күрделі арақатынасы туралы шындықты ашуға қызмет етеді.Әнгіме болып отырған ұлттық баспа сөз органдары қатарында «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Өйткені ол басқа басылыммен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918 жылдар) шығып, 265 саны жарық көрді. «Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарына Алаш қозғалысының бүкіл халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетінің жалпы ұлттық басылым дәрежесіне көтерді./3.46/Қалған ұлттық баспасөз органдары мұндай дәрежеге жете алған жоқ, олар қысқа мерзімде жарық көрді, халыққа кеңінен таралып үлгермей жатып жабылып қалды. Мәселен, 1918 жылы Қызылжарда шығып тұрған «Жас азаматтың» жиырмадан астам саны, «Абай» журналының (1918ж.) 12 саны ғана оқушылар қолына тиді. Қазақ ұлттының баспасөзімен қатар Алаш қозғалысының тарихын жете түсініп, оны жан- жақты зертеуге ХХ ғасыр басында Қазақстанның және Россия империясының оған жақын орналасқан қалаларда шығып тұрған «Уақыт» және «Фикер» сияқы татар тіліндегі газетер мен «Семипалатинский листок» пен «Речь» (Омбы) сияқты орыс басылымдары кездесетін мәліметтер де септігін тигізеді. /4.12/Осы басылымдағы деректерсіз Алаш қозғалысының толыққанды тарихын жасау мүмкін емес.Сонғы жылдары Қазақстан ғалымдары бұл салада ондай жұмыстар атқарды. Ұлттық басылымдар деректер көзі ретінде зертеліп, оның нәтижелерін ғылыми айналымға енгізілуде. Мұның жарқын мысалы ретінде Үшкүлтай Субханбердидинаның «Қазақ», «Алаш», «Сары - арқа» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші (А., 1993) мен Мәмбет Қойгелдиев құрастырған Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларын (А., 1994) бірінші кезекте атаған жөн. /5.26/3) Қазақстан мен басқа елдердің архивтері мен кітапханаларында сақталған Алаш қозғалысы тарихының деректері жөнінде сөз болғанда ең алдымен Қазақстанның екі орталық мұрағатының тиісті қорларын атауымыз қажет.Оның біріншісі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА). Осы архивтің № 19,25,33,317,643 қорларында Россияға Қазақстандағы отарлау саясатының барысы мен нәтижелерін терең түсінуге қызмет ететін сан қилы деректер шоғырланса, №14,15,64 т.б. қорларында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ші ғасырдың басында қазақ қауымында отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалдың қалыптасуы және соның нәтижесінде кейін Алаш қозғалысына негіз болған қазақ зиялыларының саяси күрес аренасына шығуын көрсететін І деректер сақтаған.Ал Қазақстан астанасындағы ерекше аталуға тиісті екінші архив Қазақстан Президентінің архиві. Онда жиырмасыншы ғасырдың басынан қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның саяси өміріне байланысты, оның ішінде Алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар, қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен Совет өкіметінің ара қатынасын терең түсінуге септігін тигізетін деректер молынынан жинақталған (№139,141,811 т.б. қорлар) /7.40/Алаш қозғалысының өзегі, орталық элементті өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылғы жазда құрылған Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы біріші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаханша Досмұхамедов, Әлихан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1907 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. Алаш партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнен әртекті ұлттық – демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды.Ә. Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағандар оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды бұржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық – либералдық типтегі саяси ұйым құруды ойластырды. Ал Ә. Бокейханов пен оның серіктестіктерінің 1905-1917 жылдардағы көз қарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық – демократиялық мақсат – мүделерді көздейтін Алаш саяси ұйымын құруға алып келді /8.10/«Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегіне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесіне әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғандығына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық макқсатты – қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысаны етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардың туындайтын басқада әлеуметтік- саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.1917 жылғы желтоқсанда болған екінші жалпықазақ съезінің Алаш автономиясының, Алашорда үкіметін құру туралы және басқа шешімдері аталмыш міндеттерді орындауды жүзеге асыруға бағыталған бастапқы әрі маңызды қадамдары болды. /9.38/Ә.Бөкейханов және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан революциясының ұрандарын, Совет өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты
Пайдаланған әдебиеттер
Пайдаланған әдебиеттер
- Нұрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. «Атамекен» баспасы 1995
- Байтұрсынов А. «Революция и киргизы-жизнь национальностей» 1919
- Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы-А. «Санат», 1995
- Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991
- Байтұрсынов А. Ақ жол Алматы 1991
- Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер – «Истамбул» 1997
- Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры – Алматы, 1992
- Бұл да сонда, 124-6
- Бөкейханов Ә. Таңдамалы шығармалар. Алматы 1994. І
- Дулатұлы М. Оян, қазақ! Алматы. «Алтын Орда». 1991
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)