Материалдар / Баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Чаева Сауле Мамаркалиевна

Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің«Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тəрбиешісі





Баяндама «Ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын режиссерлік дамуда ойын құралы ретінде»




Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
театрландырылған ойынның жіктелуі.




Драматизация Режиссерлық


Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.


Драматизация түрлері: 

жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;

мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;

шығармашылық көрсетілім;

бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.

Ал , драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.


^ Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Режиссерлық ойындарда – ойыншықтар «әртістер» болып табылады. Режиссерлық ойындардың түрлері: үстел үсті ойындар, жазықтық және көлемді, қуыршақ (саусақ, марионетка т.б.)

Балаларды дамыту бойынша театрландырылған ойындар жертесі үш түрге бөлінеді:

—         Әдеби және фольклорлық шығармаларды әдеби түрде қабылдау;

—         Негізгі және қосымша қойылымдарды арнайы білу үшін игеру;

—         Өздік шығармашылықты көрсету;

—         Балалардың театрландырылған ойын түріндегі іс – әрекеттерді өзара байланысты екі аспект түрінде қарастырылады;

—         Әдеби, музыкалық және бейнелеу түрлері арқылы көркем әдебиетті интеграциялау;

—         Ойын барысында баланың өзін – өзі сюжеттік шығармашылықты түрде көрсетуі.

Театрландырылған ойндарды ойнату барысында 4 – 5 жастағы балалардың бойында ерекше қызығушылық пайда болады. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен қоян», «7 лақ және қасқыр», «Мысық пен тышқан», «Алдар көсе және бай», «Дос іздеген бота» ертегілерін театрландырылған ойындар, яғни спектакльдер ретінде жеке – жеке рөлдерді орындау арқылы көрсеткен кезде балалардың бойында өздеріне деген ерекше сенімділік сезімі пайда болады, өздеріне тапсырылған рөлдерді үлкен ынтамен орындайды. Топтардағы тәрбиеленуші балалардың шығармашылығын, өнердің әр саласында өздерін көрсете білуді ұйымдастыруда театрландаралған ойындардың алатын орны ерекше. Shape1


Shape2

Режиссерлік ойындарда ойыншықтар немесе оларды алмастырушылар «әртіс» болып табылады, ал бала «сценарист және режиссер» ретінде әрекеттерді ұйымдастырады, «әртістерді» басқарады.Кейіпкерлерді «сөйлетеді» және мазмұнға түсінік береді, ол ауызша мәнерлеудің түрлі

құралдарын қолданады. Балабақшада қолданылатын режиссерлік ойындардың түрлері театрлардың алуан түрлілігіне: үстелдік, жазықтықтық және көлемдік, Қуыршақтық (бибабо, саусақтық, марионетка) және басқаларға байланысты анықталады



А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыстада көп жағынан ұқсас болады». 

 В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқандай «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы балаланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Режисерлік ойын – балалардың ойындарының бір түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың режисерлік ойыны кинодағы, спектакльдегі режиссердің іс-әрекетіне ұқсас келеді.

Режиссерлік ойын балалардың бір мезетте әр түрлі рөлдерде орындауға және іс-әрекет пен сөздерді ойлауына ойынның дұрыс өтілуіне талап етеді. Балалар рөлдерде үлкендердің іс-әрекетіне дауыс ырғақтарына еліктеп айтулары балалардың сөйлеу тілін дамытуда үлкен әсерін тигізеді.
Балалар ойнау барысында үлкен кубиктерді машинаға, адамға, кірпішке, үлкен жұмсақ итті аюға, сұр матаның қиындысын қасқырға теңейді. Бала өзінің ойынан сценарий жүйесін өзі ойлап табады. Бұл сценарий жүйесі 2-3 сөйлемнен тұруы мүмкін. Бұл баланың өз тілек талабы. Бала сценарийдегі барлық рөлдерді өзі жалғыз орындайды, не болмаса 2-3 баламен ойнайды. Балалар ойнап жатқанда балалардың үлкендердің рөліне кіріп ойнап жүргенін көруге болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында режиссерлік ойындар және ойын драматизацияларын ұйымдастыру.
Диалог күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде үлкендермен, өз достарымен жүзеге асырылады. Мұндай қарым-қатынастың өзі баланың қойылған сұраққа дұрыс жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді.


Диалогты байланыстыра сөйлеудегі тілге қойылатын негізгі талаптың бірі – оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағын тәрбиеші қызықты әсерлі түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлесу қажеттілігін тудырады. Оқылған ертегіні айтып беру, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейіне қойылған мақсатқа да байланысты.

Тәрбиешінің айтқан ертегісін зейін қоя тындап, ертегіні диалогты түрде айтып беруде, грамматикалық тұлғада, дұрыс байланыстырып айтуға үйретеді. Диалогты сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде, шығармаларда сахналар арқылы дамытылады.

Балалар диалогты байланыстыра сөйлеуін дамыту барысында режиссерлік ойындар және ойын драматизациялар баланың дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, лепті сөйлеу, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таң қалу, қуануды келтіріп айтуға жаттықтырады.

Драматизациялық ойын кезінде тәрбиеші оқып берген шығармадағы өз рөлінің сөздерін, бала жүйелі түрде диалогты сөйлеу арқылы толық жеткізеді.

Олай болса баланың тілін дамытуға алдымен бірінші сөйлеу процесін дұрыс жолға қоя керек.

Диалогты дұрыс сөйлеу дегеніміз – әдеби тілдік нормасының сақтап ойдың дұрыс берілуі. Баланың сөздік қорын байыту сөйлеумен байланыстыра жүргізіледі. Ал сөздік қорының баюы баланың байланысырып сөйлеуінің кепілі болмақ. Олай дейтініміз сөйлеу үшін бала өз ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу қажет.

Естиярлар тобында драматизациялқ ойында «Балбөбек» бағдарламасындағы жас ерекшеліктеріне байланысты халық ертегілерін аламыз. Мысалы «Үйшік», «Тырна мен түлкі», «Жетіс қозы мен қасқыр» т.б. ертегілерден кейіпкерлерді қимыл арқылы және сөзбен айтуы. Балалар әр қимылды айтылған сөзге қарап отырып жұмбақ ойынның шешуін айтады. Сұрақ-жауап әрі қарай жалғастырылады.

Естиярлар тобында «Үйшік» ертегісін сахналағанда, ата-аналар көмегімен дайындаған кеіпкерлердің дайын костюмдарын киіп, балалар берілген рөлдерін диалогты айту және қимыл арқылы ойнап шықты. Балалар ертегідей жағымды, жағымсыз кейіпкерлермен, олардың достарын осы ертегіде диалогты ойлау арқылы танысты және ауыз екі сөйлеуге үйренді.

Ересектер тобында «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналадық. Ертегіні сахналамас бұрын маскалар балалармен бірге дайындалдық, Дамирдың анасы билеттер, ақшалар, жарнамалар дайындап берді. Ертегідегі «Мақта қыз бен мысықтың» үйінің ішкі көрінісіндегі заттарды алдын ала дайындап, балаларға ертегідей рөлдер, карточкаларды үлестіру арқылы бөлініп берді. Кейіпкерлердің кейпіне ене отырып, кейіпкерлердің атынан балалар диалогты байланыстыра сөйлеу тілін дамыта айта білді. Рөлдерде ойнағанда көркем сөздермен танысып, сөздік қорларын толықтырды. Берілген ертегідей кейіпкерлерге байланысты балалар қуанышты, жалынышты, мұңлы дауыс ырғақтарын интонациясын дұрыс қойып айта білді.
Драматизациялық ойын мен бірге режисерлік ойынын да балалар диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында тигізер әсері мол.

Режисерлік ойын – балалардың ойындарының бір түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың режисерлік ойыны кинодағы, спектакльдегі режиссердің іс-әрекетіне ұқсас келеді.
Режиссерлік ойын балалардың бір мезетте әр түрлі рөлдерде орындауға және іс-әрекет пен сөздерді ойлауына ойынның дұрыс өтілуіне талап етеді. Балалар рөлдерде үлкендердің іс-әрекетіне дауыс ырғақтарына еліктеп айтулары балалардың сөйлеу тілін дамытуда үлкен әсерін тигізеді.

Ересектер тобында балалар фантазиясы өте жақсы дамиды. Балалар ойнау барысында үлкен кубиктерді машинаға, адамға, кірпішке, үлкен жұмсақ итті аюға, сұр матаның қиындысын қасқырға теңейді. Бала өзінің ойынан сценарий жүйесін өзі ойлап табады. Бұл сценарий жүйесі 2-3 сөйлемнен тұруы мүмкін. Бұл баланың өз тілек талабы. Бала сценарийдегі барлық рөлдерді өзі жалғыз орындайды, не болмаса 2-3 баламен ойнайды. Балалар ойнап жатқанда балалардың үлкендердің рөліне кіріп ойнап жүргенін көруге болады. «Шаштараздың», «дәрігердің» рөліне еніп көрген іс-әрекеттерді қайталап 2-3 баламен диалогты сөйлеу арқылы ойнайды. Машина жүргізушісі, сатушының т.б. ойындар. Болашақта мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында режисерлік ойындар және оның драматизацияларды жиі ұйымдастырып кіші топтағы балаларға ертегілерді көрсету. Балалар айна тәрізді өмірде нені көреді соны қайталап көрсетеді

ҚОРЫТЫНДЫ
Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С Макаренко былай деді; «Бала ойында қалай болса өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады» Сондықтан балалар үн-түнсіз ойнайды. Тіпті бала жалғыз болғанын өзінде де сөйлесіп жүреді. Сөйлесе жүріп бала пікірлесіп, әсер алысып, ойының түркі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Тәрбиелі балалардың физиологиялық психологиялық ерекшеліктері есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай келмесе кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттылып, тәрбиесінде оң әсерін тигізуді, өзіне де баға бере алады. Әр бір ойын балалардың адамгершілік жолындағы бір көтеріліп баспалдағы секілді. Ойының түркі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтының жалпы анықтамасы. Мысалы: «дүкен», «аурухана», «ұшқыштар», Отбасы, балалар бақшасы және т. б болып ойнайды.
Ойын негізінен сергу кезінде ұйымдаcтырылады. Сондықтан ауада арнаулы құрылыстар ғимараттар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Сюжетті рольді ойындар мектепте дейінгі балаларға тән ең сипатты бар .Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!