Баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі.

Әдебиеттік оқу пәнін өткізу кезінде бағдарламада ұсынылған жеті модульде қарастырылған идеяларды пайдалана отырып, сабақтарымды өткіздім. Оқушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тартуға тырыстым. Топтық жұмыстардың ережелерін оқушылармен бірігіп құрастырдық. Топтық жұмысты жасауда ынтымақтастық атмосфера жасадым. Топтасу барысында әр оқушы қамтылды. Оны тренингтер арқылы жүзеге асырып отырдым. Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетті. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін білді. Алғашқы сабақта оқушыларды біріктіру үшін топтарға бөліп отырғыздым. Кейінгі сабақтарда топтағы оқушылар орындарымен ауыстырылды.Әр сабақта топтарды өзгеріп отырғанын қадағалауға тырыстым. Өткізген сабақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау барысын қадағалаушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы, бақылаушы. Сабақ барсынды АКТ-ны жиі пайдаланып отырдым.Өйткені  АКТ арқылы оқушылардың  ойлау қабілеті мен тіл байлықтары дамыды.

Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырды. Жаңа бағдарлама бойынша өткізген сабақтарымда оқушылар жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай, ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп немесе презентация құрып, тіпті тақырып бойынша көрініс көрсетіп, өлең жолдарын шығарды. Бұдан  қорғаудың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік болды.

Топтық жұмыс әдебиеттік оқу сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты  сабақ өтетінін  білген жоқпын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым жалығып отырушы еді. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай  біледі. Орташа оқитын оқушы  төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында  топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал  түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы  кеңінен талқылап отырды.  Менің ойымша осы сабақтарда  сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беру үшін  бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып өтілді. Әсіресе, әдебиетік оқу пәнінде «Адам болам десеңіз» тарауы бойынша өтілген әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік керек.

«Сабақ кезеңдерінен .....»

Picture 1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі