баяндама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Атырау облысытық білім беру басқармасының

Қызылқоға аудандық білім бөлімі Миялы балалар өнер мектебі









Баяндама



Тақырыбы:

Киім конструкциясы туралы түсінік













Дайындаған: Киім үлгілеу сыныбының мұғалімі Үмбетбаева Б.





2024 жыл

Бекітемін:

Оқу ісінің орынбасары: Б.Кушелекова

« 8 » « қараша » 2024 ж

Shape2 Shape1






Мақсаты: Оқушыларға шығармашылық ізденіс пен қатар конструкциялау әдісін таңдауды және эскизді жоба көлемінде бұйым сызбаларын әзірлеуді, яғни конструкцияны есептеуге арналған формулаларды таңдауды, күрделі пішіндер мен пішімдерді өңдеуді, формулаларды есептеу, сызбаны құрастыру, лекалоларды дайындауды үйрету.





I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Киім конструкциясы туралы түсінік

III.Қорытынды




















I.Кіріспе


Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.

Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік.

Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Жақсы киіне білуде өнер. Десе де киімді кию үшін ең алдымен тігу қажет.Ал тігу үшін ең алдымен пішу керек.Киімді жарасымды етіп пішу қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Олай болса мен сіздерге киімді конструкциялау туралы түсінік беретін боламын.



II.Негізгі бөлім

Киімді конструкциялау дегеніміз - бұйым бөліктерінің сызбасын келтіру және бекітілген -үлгілерді дайындау процесі.

Киімді конструкциялау екіге бөлінеді:

Муляждық тәсіл

Жадағай мата кесіндісімен адам денесін айналдыра орап, дене мүсінінің дөңестеу жерлеріне мата бөлшегін молдау қалдырып немесе бүрмелі бүктесін қалдыра отырып, артық қалғанын кесіп дене мүсінді бүркейтін ыңғайлы желбегей құрастыру. Бүгінгі күні бұл тәсіл киім конструкциялаудың жаңа, түрлерін жасауға пайдаланылады.

Есептеу тәсілі

Бұл тәсіл бойынша мата қиындысынан киім бөліктерін пішіп алып, бір-бірімен қосып, ыңғайлы жебегей құрастырады. Қосылған бөліктер қажетті пішім үйлесімін тапқанға дейін бірнеше рет есептеледі.

2.1 Киім конструкциясы туралы түсінік

Ең алдымен киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу-ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі-түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Киімнің пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады.

Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім өндірісі - адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талаптарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылыммен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады. Оқушылар киім үлгісін әзірлеуде бүгінгі күн талаптарына сай меңгерту үшін теориялық және практикалық негіздер арқылы оқушыларды адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде сырт киімдердің үлгілерін тігуге үйретуді талап етеді. Бұның бәрі жеке тұлғаны рухани байытады, жан- жақты дамуға әсер етеді, қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық өнерді бағалауға, түсінуге үйретеді. Киім өндірісі - адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талғамдарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылым мен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.

Мен өзімнің тәжірибемде ,киімді конструкциялау,құрастыру барысында оқушыларымның осы бағытта қатесіз жұмыс жұмыс жасауына,дұрыс есептеуіне,сызуына ,тігуіне аса мән беремін.Ең әуелі оқушы адам денесінің өлшемдерін шартты белгісімен және де әр өлшемге  қосылатын қосымшаларды жатқа білуі керек .Адам денесінің жарты бөлігіне есептеулер арқылы сызба құрастырып ,киім үлгісіне қарай сызбаны моделдеп,лекало дайындауды үйретіп жүрмін.Оқушыларым  белдемше ,блузка ,жилет ,шалбар т.б бұйымдардың конструкциясын сызып ,лекало дайындап

бөлшектерді ең әуелі қолмен көктеп  шақтап алып содан соң қауіпсіздік ережесін сақтай отыра  тігін машинасында орындайды.



III.Қорытынды

Конструкция (лат. constructio) – қандай да бір зат, машина, аспап және т.с.с. бөлшектерінің оның міндетімен айқындалатын құрылымы, құрылысы, өзара орналасуы. Ал киім конструкциясы бірнеше ұстанымдармен сипатталады: сыртқы пішіні (силуэт және пішім); бұйымның құрамды бөлшектерінің құрылымы; біріктіру тігістерінің түрі, материал түрі. Бөлшектердің мөлшері мен конфигурациясы тұрақсыз болып келеді. Олар сәннің, киім пішімінің, пішіннің бет түрінің, дене бітім ерекшеліктерінің, материал қасиеттерінің және бұйымды өңдеу технологиясының ықпалымен өзгеруі мүмкін.





Киімді конструкциялау — моделін жасау, құрылмасын құру, киім бөлшектерінің жайма сызбаларын есептеу және құру шеберлікпен ептілікті,табандылықты қажет етеді.Мен баяндамамды қорытындылай келе оқушыларыма киім бөлшектерін модельдеуді үйрету арқылы заман талабына сай киім тігуге,модельдеуге пішуге үйретіп және еңбек сүйгіштікке,ұқыптылыққ,сұлулыққаіскерлікке баулығым келеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі