Баяндама "5 сынып оқушыларының бейімделуі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "5 сынып оқушыларының бейімделуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бейімделу туралы қысқаша түрде мәлімет берілген. Оқу барысында оқушылар қандай қиындықтарға тап болған, сонымен бірге әрі қарай тілді үйрену бойынша ұсыныстар айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуі

Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс. Ғалымдардың айтуы бойынша, кейбір балалар бұл кезеңнен онша қиналмай өтсе,яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын.  Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.

Бесінші сынып оқушыларымен жұмысымды жалпы білім беретін мемстандарт және жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде әзірленген қысқа мерзімді жоспарға сәйкес жүргіземін, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлаймын. Оқушылармен жұмыс жасауда сараланған тәсілді қолдануға тырысамын. Жоғары мотивациясы оқушылармен де, үлгерімі төмен оқушылармен де әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Сабақтарда көркем жазу жұмысын тұрақты негізінде жүргіземін. Қосымша жұмыс ретінде грамматикалық ережелерді, лексикалық тақырыптарды бекіту үшін балалармен ереже дәптерін, сөздік дәптерін бастадық. Сонымен қатар, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту үшін музыканы тыңдауға, фильмдерді көруге, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқуға кеңес беремін. Мотивацияны арттыру және танымдық қызығушылықты дамыту үшін сабақта үнемі карточкаларды қолданамын. Онда тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес жасалады, міндетті түрде дескрипторларды ұсынамын. Балалардың көпшілігі карточкаларды алған кезде тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Шаршауды жеңілдету, ақыл-ой белсенділігін арттыру үшін үнемі физикалық минуттарды өткіземін.

1 тоқсанда бесінші сынып оқушыларымен жұмысты талдағаннан кейін мен келесі нәтижелерге қол жеткіздім: білім сапасы 53%, үлгерім пайызы 100%.

Қорытынды:

Бесінші сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуін қанағаттанарлық деп тану. Оқушылардың сауаттылығын арттыру, орфографиялық қырағылықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыру. Оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, осындай қызығушылықты оятуға ықпал ететін іс-шаралар ойластыру.

Ұсыныстар: көркем жазу жұмысын жалғастыру, сондай-ақ тыңдалым, айтылым дағдыларын әрі қарай жетілдіруге жоспарлау. Жоғары мотивациясы бар оқушылармен конкурстар мен олимпиадаларға қатысу, ал үлгерімі төмен және ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін менталды карталарын әзірлеу. Оқушыларға сенім білдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жылы лебізден ықылас пен көмек көрсету.
Мұғалім өзін-өзі меңгеріп, ұстамдылық үлгісін көрсету, әдісшіл болу. Оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2022
2697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі