Материалдар / баяндама: " Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін пайдалану "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама: " Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін пайдалану "

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама :" Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін пайдалану ". Заманауи инновациялық технологияларды сабақта қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
4094
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА

ӘДІС –ТІСІЛДЕР

Кулмуханбетова Нургул Сериккызы

61 ЖББОМ

Көркем еңбек пәні мұғалімі



Білім беру саласындағы әр пәннің қандай орта болмасын өзінің өмірге деген көзқарасы, айтар ойы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруда өзіндік үлес қосары анық. Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық ,тұлғалық ,этикалық дамуын ,өзіндік , кісіптік айқындалуын , қазіргі әлеуметтік –экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді . Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында заманауи материалдардың пайда болуы, инновациялық даму болып табылады. Осы заманауи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшыратып келеді. Осыған куә болытын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеациялын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгілердегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте , қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.

«Көркем еңбек» пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышаттарын үйрену арқылы оқушыға берілетін тәлім -тәрбие үрдісін жетілдіру, жас ұрпақты қоғамдық өмірге , отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыру.

«Көркем еңбек» пәнінен оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізгі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады.

Көркем еңбек сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа , әдемілікті сезініп қабылдауға үйретеміз. Оқушы алған теориялық білімін іс- жүзінде қолдана отырып , оны өмірімен, өзінің іс- әрекетімен байланыстыра білгенде білгенде ғана өзіне де пайдасын тигізе алады. Сабақта іске асырылатын көркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде көркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік. Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:

1. Ойындық технология- мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.

2. Коммуникавтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекші әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық т.б.

3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі. Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, өза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық жене де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайданалуға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.

Модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын молельдеу. Модульдік оқыту технологиясы-балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызыметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау. Білім алушылардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Технология мектепте» әдістемелік журнал 2014 №4

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық /үшінші деңгей/ Әдістемелік құрал Астана 2015

  3. Т .Ш. Оралбекова .Технология оқулығы . Алматы 2016ж

  4. «Жаңартылған білімге –жаңаша көзқарас» Әліпбаева А.Қ









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!