Баяндама " Мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу түрлері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама " Мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу түрлері

Д.Т. Темирбаев

«Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы» КММ

ШҚО Үржар ауданы


Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс –әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Психологтар қабілеттердің екі түрлі дейгейінің болатындығын дәлелдейді:

  • Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

  • «Шығармашылық» - жаңалылық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этиологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық - қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс- әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С.Выготский « шығармашылық деп жаңалық ашатын әреткетті атаған».

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетіне адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі өзін-өзі жүзеге асыра алатын жаңа әдіс-тәсілдерін іздейді.

Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көз-қарасты жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл , дербес ,ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің жеке тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады. Шығармашылық қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін, танымын кеңейтуге негіз болады.

«Шығармашылық қызығушылық» ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар төмендегідей сипаттайды:

  • Жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғарғы деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю.Н.Кулюткин);

  • Тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары (А.М.Матюшкин)

  • Индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л.В. Занков).

Бүгінгі Қазақстанған қалыптан тыс, ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет

Психологиялық-педагогикалық және философиялық зерттеулерді талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берерді.

Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзі дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басымдылығы – сыртқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.

Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы.

Шығармаышылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық, танымдық, реттеушлілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарыс-қатынас т.б жатқызылады. Олар өзін –өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компонентердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан «өзіндік» процестердің «өзін-өзі тануғ өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту» қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.

Теориялар мен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра зерделеу шығармашылық қызығушылықты шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болатындығын көрсетті:

  1. Мақсатты қызығушылық – оқушының белгілі бір мақсатына байланысты, пәннің міндеттері мен жоспарына сәйкес шығармашылық іс –әрекетке ынтасы мен тұрақты қызығушылығы;

  2. Әрекеттік қызығушылық - оқушы шығармашылық іс-әрекетте өзекті мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып, жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі;

  3. Танымдық қызығушылық - оқушының шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы мен , ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес, жаңа нәтижеге жетуі.

Шығармашылық - жаңаны жасаудағы процесс, креативтілік – адамның ішкі ресурсы, әлеуеті. Креативтілік - адамның шапшаң, нақты ойлау, жоғарғы қызығушылқтарға негізделген бай қиял және проблеманы жылдам түсіну қабілетімен танылады. Креативтіліктің негізгі шарттарының бірі - адамның өзін-өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі. Креативтілік тек қана ойлау операцияларының сапасымен ғана емес, тұлғалық сипатымен, шығармашылық кезеңдеріне қажетті білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейімен ерекшеленеді.

Креативтілік – тұлғаның өзін –өзі дамытудағы маңызды фактор. Адамның кретивтілік процеске дайындығы оның тәжірибеге деген ашықтығымен анықталады.

Шығармашылық көзі - танымдық қызығушылық, интеллектуалдық қабілет, білім, ойлау стилі, тұлғалық мінездеме, мотивация және қоршаған орта.

Креативтілік факторлары – тұлғалық бағытталу, жағдайға талдау дасау, шығармашылық процесс, шығармашылық нәтиже,

Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі рефлексия – оқыту субъектісінің өз іс-әрекетін саналы түрде ой елегіен өткізіп, өзіндік сезінуі. Рефлексияның мақсаты - іс –әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау т.б.

Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизмдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.

Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту , яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлекси нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.

Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес,жаңа мақсаттарға бастама бола алады.

Сонымен шығармашылық рефлексия - жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорыту.

Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым- қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық зерделеу мен мектептердегі тәжірибелік жұмыстарымыз оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауға мүмкіндік берді. Модельдің мазмұны: мотивациялық, мазмұндық, рефлексиялық компоненттерден тұрады.

Мотивациялық компонент - білім мен тәрбие берудің қоғам сұраныстарына сәйкес, оқушының шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдар ретіндегі ынтасы, жаңалыққа қызығушылығы, өзекті мәселенің шешуін табуға құлшынысы, ерікті түрде өз іс-әрекетін шығармашылық сипатта ұйымдастыруға талпынуы, шығармашылық дербестікке ұмтылуы және қажетсінуін қамтиды.

Мазмұндық компонент - өзін шығармашылық қызмеиттің субъектісі ретінде тануы, жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өзін-өзі шығармалышық дамытудың тәсілдерін білуі, шығармашылық іс –әрекетті іске асыру біліктілігінің болуы, ұжымдық шығармашылық жұмыстарға талаптануы және оны ұйымдастыра білуі, пәндік ғылыми білімдердің және қажетті жағдайда қолдану мүмкіндігінің болуы.

Рефлексиялық компонент - шығармашылық іс-әрекетке талдау жасай білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін анықтай білу, жауапкершілік сезімнің және жолдастық көмек, ізденімпаздық іс-әрекетке даярлығының тұрақтылығы , шығармашылық ой өрісінің белсенділігі мен рефлексиялық бағытының қалыптасуы, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақтылығы (1-кесте).

1-кесте – Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру моделі

Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық компонент

Шығармашылық іс-әрекетке танымдық ынтасы мен қажетсінуі

  • Өзекті мәселенің шешімін табуға құлшынысы,

  • Шығармашылық іс-әрекетке танымдық ынтасы,

  • Шығармашылық іс-әрекеттің тұлғалық-құндылық мәнін түсіну

Мазмұндық компонент

Өзін шығармашылық іс-әрекеттің субъектісі ретінде тани отырып, білімнің меңгеруі мен оны практикада пайдалану біліктілігін болуы.

  • Шығармашылық іс-әрекет әдістері мен тәсілдерін білуі,

  • Жаңаны табуға танымдық біліктерінің қалыптасуы,

  • Шығармашылық іс-әрекетті жоспарлау және оны тиімді ұйымдастарудың жолдарын меңгеруі,

  • Ұжымдық шығармашылық жұмыстарға талаптануы және білімдерін қажетті жағдайда өзара ықпалдастық сипатына сай, практикалқы тұрғыда сабақтастыра білуі

Рефлексиялық компонент

Оқушы тұлғаның танымдық қажеттіліктері мен қоғамның сұранысына сай үйлесімді бағдары, әлеуметтік психологиялық рефлексияның қалыптасуы

  • Шығармашылық іс-әрекетке, ізденімпаздық жұмыстарға ьалдау жасай білуі,

  • Жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақтануы,

  • Іс-әрекетті объективті бағалай, кемшіліктерді жоюға жауапкершілікпен қарау,

  • Өзін-өзі дамытуда рефлексиялық бағытты таңдау, жеке тұлғалық құндылықтарды саналы түсіну


Көрсетілген модельдің негізінде сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың үш деңгейі анықталды: жоғары, орташа, төмен.

Жоғары деңгей: шығармашылық іс-әрекетке танымдық қажетсінуі қалыптасқан, ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға талаптанады.

Орташа деңгей: оқу-танымдық материал мазмұнын тапсырма мақсатына байланысты шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра алады, бірақ үлгіні және тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді.

Төмен деңгей: өз шығармашылығын дамытуға белгілі бір жағдайларға ғана қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. Шығармашылық іс-әрекеттін жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің дамуына әсерін талдай алмайды.

Сонымен, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мәселесін талдай отырып, мектеп оқушыларының білімдік құзырлығын қалыптастыруда маңыздылығы жоғары екені анықталады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1,2 2008ж.

  2. Мен және бәрі,бәрі, бәрі. Алматы, «Аруна», 2006ж.

  3. Ахметжанова А. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары.//Бастауыш мектеп 2004.36Б

  4. «Педагогика». М.Жұмабаев. Алматы. «Рауан». 2005ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі