«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Тақырыбы: «Әдепті бала – арлы
бала!»
Педагог-психолог: Аскергалиева
Ж.Қ
Құмкөл
ауылы
2017-2018
оқу жылы
Баяндама
Тақырыбы: «Әдепті бала – арлы
бала!»
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның
мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен
санасуға тура келді. Ұлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал
баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам
баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік
әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен
ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара
қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің
шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары
қалыптасты.
Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке
түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру
тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін
ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының
төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік
қағидаларында жатыр. Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык
тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін дамыта алғанда
ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта
бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен
технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін
ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды. Адамдардың
орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер
сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері
келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп
отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол
кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы
керек.
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет
етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал
тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің
орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін
емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті
болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір
түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам.
Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай
қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы
да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі
міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын
келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",-
дейтіні сондықтан болса
керек.
Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі
негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол
қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін
атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды
ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде
байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі
оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен
қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе
білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат
құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты
болмақ.
Әдептілік адам бойында бірден
қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы
тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен
сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы
тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке
негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса
қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен
көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда
мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға
сәйкес ұстай білу.Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды
болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да
басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа
адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында
білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін
қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола
түседі.
Тақырыбы: Әдепті бала – арлы
бала
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,
қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке
үйрету. Әдеп пен сыпайлық арқылы жаман әрекеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата
отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным
белсенділігін
арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап
талдау
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер
тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, үлетірме
қағаздар
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыр мезеті
ІІ. Балалар бүгінгі сабақта
біз әдептілік туралы сөз етпекпіз.
Сұрақ:
—
әдептілік деген не? Оны қалай
түсінеміз?
—
әдепті бала қанай деп
ойлайсыз?
—
әдепсіз дегенді қалай
түсінесің?
—
әдепсіз бала қандай
болады.?
—
әдептілікті бізге кім
үйретеді?
Сонда адам бойында жақсы , жаман қасиеттер болады
екен. Бізге ақылдылықпен адалдылықты, қарапайымдылық пен
кішіпейілділікті, инабаттылықты үлкендер үйретеді. Бойымызға
анамыздың ақ сүтімен, анамыздың тілімен дариды. Біз оны түсініп
ата-бабамыздың салт-дәстүрі, әдеттерін үйренуге тырысамыз. Адам
болатын болатын бала жақсы қасиеттердіүйреніп жаман мінез
әдеттерден ұнамысыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Басқалармен қарым – қатынас жасағанда әдеп пен ақылды
ұмытпайды. Осы орайда «адам болам десеңіз» деп нені айтады. «
ананың тілін алса егер» өлеңінде не делінген
еді?
ІІІ. Енді, әдептілік
турлы сендер не айтар едіңдер? Оқушылардың
тақпақтары.
Көрініс: «Үлкендерді сыйлаңдар»
Оқушылар бір – бірімен ойласа отырып көрініс
көрсетеді. Уақыт беріледі.
ІV. Суреттер бойынша
адамгершілік сыпайлық, әдепілік жайында
әңгімелесу.
2)
« Жалғастыр» ойынын ойнату. «Не істеуге болмайды?» мұғалім
бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыру
керек.
-
Ø
Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.
-
Ø
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
-
Ø
Құстарды атуға болмайды.
-
Ø
Сабақтан кешігуге болмайды.
-
Ø
Сыныпта айқайлауға болмайды.
« Не істеу
керек?»
-
Үлкен кісні сыйлау
керек.
-
Үлкеннің тілін алу керек
-
Үлкендерге сәлем беру
керек
-
Оқу
құралдарды күтіп ұстау керек
3) «Сырлы хатқа»
жауап беру керек.
4) «Тыйым
сөздерді» айтып жарысу
керек
V.
Қорытынды.
Соныен балалар, біз бүгін не туралыәңгімелесіп
көрініс қойдық? әдептіліктің ең бірінші белгісі
не?
Жаман әдеттен аулақ болып, әдепті бала болыңдар.
әдепсіз деген сөзді өздеріңде, ата-аналарың да, ұстаздарыңа да
естіртпеңдер.