Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану» Баяндама
Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі. Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр. Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда. А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғаліп қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
-
Модельдік технологиясы
-
Рейтингтік жүйе
-
Дамыта оқыту технологиясы
-
Сын тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.
Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:
-
Оқушыға сенім көрсету;
-
Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
-
Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;
-
Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;
-
Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;
-
Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.
Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды.
І деңгейдегі оушыға проблемалық сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірімен есептесіп, ынталандыруды көздедім, ІІ деңгейге қиын сөздердің мағынасымен таныстыруды тапсырдым, ІІІ деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер кім және т.б. сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдетілген тапсырмалар бердім.
Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2008 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
І. Brainstorming (Ой қозғау)
Мен 6«б» сыныбында өткен «What do we know about the history of the USA» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген сабақтар бойынша бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды.
ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.
«What do we know about the history of the USA?»
V – I know |
- I don’t know |
+- It is new for me |
-?- It surprised |
America is a big, independent country. There are fifty states in the USA. |
The history of Thanksgiving Day. Where came term. Native Americans. |
The history of wild west and jeans. |
Why do people wear jeans all over the world now? Today mane Americans still keep a gun in their houses. |
III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде эссе жазу, «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасын» қолдандым. Мысалы 5 жолды өлеңді оқушылар былай жазды:
-
America
-
Independent, friendly, developed
-
To fight, to discover
-
America is a big country
-
The USA
Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға.
Мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
-
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
-
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
-
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар (мәтіндерге, сөздерге байланысты қысқа әңгімелер, эсселер);
-
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
-
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
-
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.