Баяндама: Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер Шет тілі пәні оқытушылары оқу процесінде қолдануға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Бейнелі сөздің ең көп тараған түрі-теңеу, жалпы көркем әдебиеттегідей, мақал-мәтелде де бір нәрсені әсерлі, айшықты суреттеу үшін, соның түр-тұлғасын көзге елестету үшін екінші бір нәрсеге ұқсастырып, баламалап айтады. Қазақ халқы: «Оқу-инемен құдық қазғандай»,-дейді.

Білім алу үшін арып-ашып қиналасың, төзім мен қажыр керек дейді, одан безіндірмей, қайта жұмылдыра түсу мақсатымен, халық ұшан-теңіз азап-мехнатты осындай тың теңеу арқылы көзге елестетеді.

«Жақсы-ай мен күндей, әмбеге бірдей».

Кемеңгер жандар бүкіл адам баласына ортақ деген өнегелі ойды беру үшін жер бетіне бірдей нұрын шашатын күн құдыреті, күн бейнесі алынған.

Мақал-мәтелдегі теңеулер зат есімге, есімшеге жалғанған –тай, -тей, -дай, -дей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы жасалады.

Дүние жүзінің халықтарының қай-қайсысы да теңеуге өте бай.

«Если вол вырастет с верблюда, то верблюд станет горой». «Өгіз нардай болса, нар таудай болар еді».

Бұл мақал көз алдымызға кереметтей бір сурет әкеледі. Теңеудің қуаты да осында. Айталық, түп нұсқада мақал теңеусіз-ақ бейнеленген. Сол қалпында қазақшаға аударсақ солғын шығады. Мұндай жағдайда қазақшасына теңеудіпайдалансақ, мақал-мәтелдің көркемдік дәрежесі биіктеп шыға келеді. Мәселен бенгал халқында: «Большое горлышко у маленького кувшина» деген мақал бар. «Кішкентай құмыраның үлкен аузы» десек тым өрескел көрінер еді. Сол себепті біз қазақшасын теңеуге алмастырдық: «Қылдырықтай құмыраның құдықтай аузын-ай!».

Осындай мақалға тағы бір мысал алып көрейік. Лезгин елі: «Маленькое лекарство большую болезнь лечит»-дейді. Теңеуге лайықтап, қазақшасын әрі үндестікке икемдеп: «Меңдей дәрі меңдеген дертті жазады» деп аудардық.

«Снаружи - как день, а внутри-как ночь», «Түсіне қарасаң- күндей, ішіне үңілсең, түндей». Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бұл сияқты теңеу мәнді мақал-мәтелдер оп-оңай метафораға айналады. «Түсіне қарасаң - күн, ішіне үңілсең-түн». Бірінші жағдайда теңелсе, жорамалдау болса, екіншісінде баланып, образ, бейне әлде қайда дәлірек, сөйлем ықшамдалады.

Мақал-мәтелдер ағылшын тіліндегі теңеулер жасауда да жиі қолданылады. Әсіресе мақал-мәтелдер антонимдік теңеулерде өте жиі кездеседі. Мысалы:

«A living dog is better than a dead lion»- «Живая собака лучше мертвого льва».

Мұндай мақал-мәтелдер бір нәрсенің екінші бір нәрседен «артық» не «кем» екендігін салыстырады. Осы негізде жасалған басқа да мақалдарға тоқталайық:

«A bird in the hand is worth two in the bush»- «Не сули журавля в небе, а дай синицу в руки».

«Better an egg today than a hen tomorrow» -«Лучше яйцо сегодня, чем курица завтра».

«Half a loaf is better than no bread»- «Полкаравая, лучше, чем совсем без хлеба»;

Ағылшын тілінде кейбір мақал-мәтелдер one`s есімдігінен басталып, компаративті сөз тіркесі бола алады. Мысалы:

«One`s bark is worse than his bite»- «От него больше шума, чем вреда».

«One`s words as good as his bond» -«На его слово можно положиться»;

Бұлардан басқа да мақал-мәтелдер айтарлықтай мөлшерде теңеу жасайды. Мысалы: «Blood is thicker than water» -«Кровь не вода».

«A miss is as good as a mile» -«Чуть-чуть» не считается, раз промахнулся, то уже все равно на сколько; «Промах есть промах».

«Words cut (hurt) more than swords»- «Злые языки-острый меч».

Қазақ тілінде:

«Арман-адам қанаты».

«Еңбек – адамның екінші анасы».

«Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім-жанып тұрған шырақ»,-дейді.

Бұл мақалдардағы арман, еңбек, өнер, білім-дерексіз, яғни абстракт ұғымдар. Теңеу тек дерексіз ұғымды деректі, нақтылы ұғымға айналдыру үшін емес, деректі атау- ұғымның өзін айқындай түсу үшін пайдаланылады.

Мысалы:

«Алтын, күміс тас екен,

Арпа, бидай ас екен»,-дейтін мақалда салыстыруға алынған ұғымдар дербес тұрып-ақ түсінікті, деректі. Өмірлік қажетіне қарағанда алтын мен күмістен арпа мен бидайдың пайдалы, артық екендігі анықтала, айқындала түскен. Сонымен, мақал-мәтелдер де теңеу жасайтын, өте көп қолданылатын тәсіл.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі