400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Атамның жеңісі- менің жеңісім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысына қатысқан атам жайлы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



АТАМНЫҢ ЖЕҢІСІ - МЕНІҢ ЖЕҢІСІМ!

Жетекшісі: Даулетова Айнур Турсынкановна

информатика пәнінің оқытушысы


Семей қ, «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі


«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.»
(Бауыржан Момышұлы)


Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
    Жеңіс күні – бұл өткенге құрмет, газеттердегі мадақтаулы шумақтарды жазу, тіпті әскери техниканың салтанатты шеруі емес. Бұл күн рухтың күші, жігерлік және Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны. Біз бұл күнді тек 9 мамыр күні ғана емес, барлық күндерде еске алуымыз керек. Бүгінгі ұрпақтың әлсіздігі мен инфантильділігі үшін аталарымыз соғысқан жоқ. Ал біз Бейбітшілік Жалауын, Отанымзға деген құрмет пен сүйіспешілігімзді қостауымыз керек. Бұл біздің міндетіміз
     Менің туған атам Баткенов Нұрғазы Мүсірепұлы (1907-1990жж) біздің отбасымызда батырлықпен қаһармандықтың үлгісі.

Атамыз 1907 жылы семей облысы Көкпекті ауданында дүниеге келген. Көкпекті аудандық әскери комиссариатынан ауылдастарымен бірге майданға аттанады. Қан майданында ерлікпен шайқасып артилерия дивизиясында Берлин қаласына дейн барған. Өзінің айтуы бойынша Украйна, Белорусия, Польша Венгрия қалаларын азат етуге қатысқан. Осы мемлекеттердің қалаларын азат еткені үшін медальдармен марапатталған.




Неміс фашистерін жеңгеннен кейін 1945 жылы мамыр айынан 1946 жылы Жапон әскеріне қарсы соғысқа жасақталған әскер қатарында болып, Жапон әскері жеңілдік деп копитуляцияға қол қойған соң, елге оралған.

Соғыстан соң Шұғылбай ауылында жұбайы Зейнеп екеуі колхозға еңбек етіп 5 бала тәрбиелеп өсірді.

(жұбайы Зейнеппен)




Мен білемін, ол нып-нық өзінің бар жігерлілік күшін қарсыластарына жұмсаған. Қарсыластарға шығатын кез келгенде ол тағдырға бағынып қашпай, тығылмай шыққан.    Соғыстың бірінші жылдарынан бастап шақырылған және 1943 жылға дейін күрескен. Ол мен үшін ылғида жеңімпаз болып есептеледі. Тіпті тылдада ол мыңдаған километр арасында жаулармен айқасқан. Менің атам- менің Батырым. Қалайша ол қолына мылтықты ұстап шаң топырақтың ортасында жауларды атып қайтадан окопта отырғанын көзге елестетудің өзі өте қиын. Ол артында туған туыстары түнімен ұйықтамай жалынып оның оралуын күткендігін білген. Оның бір артқа берілген қадымы, жауларға бір қадым алға болатындғын білген. Соғыс жым-жылас өтпейді. Соғысқан адамның ішінде барлық тарихы өмір бақи жүрегінде сақаталып қалады. Соғысты ұмыту мүмкін емес. Бәрібір қаншама уақыт өтседе, ол өзін білдірткізеді. Ал менің атам жақсы және адал өмір сүрді. Бірақ, әттеген-ай, ол астам ұзақ өмір кешпеді, маған оның қолында отырып, оның әңгімелерін тыңдап, фотоларын көре алмадым. Жара өзінің болғандығын білдірді. Ол менің атам! Мен оны мақтан тұтамын!  .
    Жеңіс күні – тек қана мейрам ғана емес, ол біздің мақтанышымыз. Бұл күні біз, өткенді еске түсіріп, ойланып одан сабақ алатын кез. Біз олардан ілім алуымыз керек, яғни осы күнге дейін тірі жүрген сол соғыстың тарихын білетін ардагерлерімізден, өйткені біз осы заманның ардагерлерін көрген ең соңғы ұрпағымыз. Мүмкін олармен әңгімелесе келе тәжірибе мен білім алармыз. Біз болашағымызды өзіміз жасаймыз, ал ертеңгі күнді өткен күннің негізінсіз құру мүмкін емес.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі