жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: "БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БИОСФЕРАСЫНА ӘСЕРІ"
БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БИОСФЕРАСЫНА ӘСЕРІ
Байқоңыр космодромы жер бетіндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс.Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес.Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін,космос станцияларын,зымырандарды,зымыран-тасушыларды сынау,космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстарыжүргізіледі.Байқоңыр космодромында құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді.
Космодром 1957 жылы салынған.Оның орталығы-Байқоңыр қаласы.Онда осы кезде 60 мың халық тұрады.Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені,15 зымырани ұшыртатын қондырғылар бар.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында,яғни Қызылордаоблысының территориясында орналасқан,ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті.Ол өзгерістер төмендегідей:
1.Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппарттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды.
2.Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардыңпайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан,айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
3.Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне,жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді.Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілің ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кетіп,бірнеше өзгерістер,олардың ішінде өте көп қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалды.
4.Жер бетіндегі зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап-түсіп,оны ластайды.Ол жер не егін егуге,не болмаса мал жаюғада жарамай қалады.
Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген.Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының үстін басып ұшады.Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.
а)Усыз отынның негізгі компоненті-сұйық күйіндегі оттекпен Т-1 маркалы кәресін,сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі сутек болады.
ә)Өте улы зымыран отынның құрамында-улы тотықтандырғыш типіне жататын “самин” және “меланж”болады.Сонымен қатар симметриялы емес радиоактивті –диметил гидразин бар.Осы аталған компонеттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады.Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін,әсемдік әлемін,жануарлар дүниесін айрықша уландырады.
Олар биосферадағы барлық тіргшілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.Сынақтан өткізілген зымырандардың отынның қалдықтарыозон қабатын бұзып жібереді.Өйткені зымырандардың отынның қалдықтары озон қабатына айрықа әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады.Зымырандар пайдаланған отындарының өте улы қосылыс-көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады.Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді.Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-теңдікті бұзып жібереді.Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса,онда күн сәулесі жерге түспей,мәңгілік қараңғылық басады.Күн сәулесі жерге түспегендіктен жерің үстіңгі қабаты жылынып,тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп,теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді.Құрғақ жерлерді су басып,топан суы қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді.Ақырзаман боларда топан суы қаптайды екен деген қағидалардың бар екенін қазақ елі жақсы біледі.Ауа райының жылынып келе жатқанын халық сезеді.Өйткені бұрынғы кездерде болатын аяздар осы уақытта аз болады.Бір ғана-“Протон” зымыранының космос кеңістігіне ұшырғанда ауаға 200 тонна радиактивті көміртектің қос тотығы,ал “Союз”зымыранын ұшырғанда,атмосфералық 133тонна көміртектің қос тотығыкеліп қосылып отырады.Қазақ жерінің атмосфералық ауасына қосылған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері,кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда 221478миллион тоннаға жеткен.Бұл цифр аз ба,жоқ болмаса көп пе өздеріңіз есептеп байқаңыздар.Мұндай зымырандардың ашық түрде жасырын жағдайында Байқоңыр космодромынан ұшырылып жатқан санын бір құдайдың өзі ғана біледі.Қазақстанның атмосфералық ауасына бөлініп шыққан көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 пайыз.Атмосфералық ауаға бөлініп шығатын өте улы қосылыстардың бірі-радиоактивті көміртек тотығы оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі.Қазақстанның атмосфералық ауасына бөлініп шыққан көміртектің қос тотығының көлемі 0,001 пайызға жеткен.Бұл көрсеткіш өте көп сан,өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының көлемі 0,003 пайыз.Атмосфералық ауағат бөлініп шығатын те улы қосылыстардың бірі-радиоактивті көміртек тотығы,оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі.Тек қана бір “Протон”зымыранын космос кеңістігіне ұшырған кезде,атмосфералық ауаға 17 тонна көміртек тотығы қосылады.Ал автомобильдерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна ғана көміртек тотығы қосылады.Ал автомобильдерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна ғана көміртек тотығы бөлінеді.Бір жылда 40-50 автомобильдер небәрі 4-5тонна көміртек тотығы бөлінеді.Бұл сан “Протон”зымыранының бөліп шығаратын көміртек тотығының мөлщерінен әлде қайда аз екенін көрсетеді,сонымен қатар зымырандарға пайдаланылатын отын көміртек тотығының бөлініп шығуының қайнар көзі деп есептеуге болады.Облыс тұрғындары арасында қан тамырлаыр,асқазан,көз аурулары,қол,бет терісінің түсі өзгеруінің көп таралуы соның айғағы.Бүгінгі осы ғарыш аймағында 2,2млн гектар жерде облыс халқының 70 пайызы тікелей оның экологиялық зардабын шегуде.Облыста адамдардың орташа өмір сүруі 58 жас болса,кешенгі жақын орналасқан аудандарда 46-49 жас аралығында.Әрбір он мың адамға шаққанда,өліп жатқандар134ке дейін жеткен,оның ішінде онкологиялықьаурулар 31,тыныс мүшелеріауруларынан 27,жүрек және қантамырлар ауруынан 61 адамға дейін өлуде.Туылған әрбір 1000 сәбидің 30,8-і шетінеуде,1 жасқа дейін өлген сәбилердің 15,2 пайызы туа мүгедек.Зымыран ұшқан сайын ауа райының кенет өзгеруі осы ауруларды меңдетіп өршітуде.
Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып есептелінеді.Ол өте үлкен қысыммен жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады.<<Протон>>зымыраны космос кеңістігіне көтерілгенде зымыран артынан шыққан оттың әсерінен радиоактивті азот тотығы көп түзілетінін арнаулы зерттеулер анықтап берді.20-30 шақырым биіктіктегі озон қабаты зымырандардың әрекетінен көп мөлшерде бұзылатыны анықталды.Зымырандарды ұшыруға гептил отынын пайдаланғанда,озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шықты.Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі-хлор.Оның бір молекуласы,озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді.Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі.Әсіресе, <<Спейс-Шатл>> зымыранына пайдаланылатын отынның ішінде ол көп болады.Бұл зымыран Америка Құрама Штаттаында жасалынады.Сол елде космос кеңістігінеұшырылып отырады.Өте қуатты зымырандардың қатарына жатады.Бұл зымырады космос кеңістігіне ұшырғанда,ол 180 тонна хлор және хлорды сутекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады.Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп,аса қауіпті қосылыс-метоболиттер түзеді.Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де,тропосфераға онша зиянды әрекеттеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкңн.Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады.Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп төндіреді.Улы қосылыстарың ішіндегі ең қауіптісі-гептил және оныі туындылары болып есептелінеді.Радиоактивті гептил-суда ерімейтін қоылыс.Ол жер бетіне көп жинаоып,улылығын жоғалтпай ұзақ сақтай алатын ғажап қосылыс.Зымырандар апатқа ұшырағанда ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетеді.
Қорыта келгенде,<<Байқоңыр>>ғарыш-зымыран кешенінің техногендік әсерлері адамзатқа,фауна мен флорға және де көптеген факторларға кері әсерін туғызып отыр.
1.Нұрғызарынов А,Шапшанов Қ,Арал өңірінде өндірісті экологияландыру(Қызылорда облысы)-Қызылорда 2010ж.
2.Х.Суханбердин <<Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғаудың кейбір мәселелері >> Қызылорда Тұмар,2009ж.
3.Боровский В.М.Волков,А.И.Нургизаринов М.М.-Қызылорда облысының табиғи-климат жағдайы.Алматы Қайнар 2007 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген