жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: "Бала тәрбиесіндегі ата-аналармен байланыс"
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-аналармен байланыс.
Біздің еліміздің тарихындағы болашағы зор бетбұрыстың өзекті мәселесінің бірі – адам тәрбиелеу, яғни жас ұрпақ тәрбиесі; оларды еңбекке және өмірге даярлау; олардың өмірге деген белсенділігін, көзқарасын қалыптастыру, дамыту, жеке басының өзіндік қабілетін, іскерлігін қалыптастыру, осы бір жауапкершілігі мол күрделі істі іскерлікпен шешкенде ғана дұрыс нәтиже беретініні сөзсіз.
Қай қоғамда болмасын тәрбие, білім беру мәселесі сол қоғамның мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, экономикасын ілгері дамыта алатын, қабілетті де ұлтжанды, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуді көздейтіні белгілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауында «Мемлекетіміздің болашағы жастар, оларды білімді,саналы азамат етіп өсіру, отанының патриоты етіп тәрбиелеу барлығымыздың міндетіміз» - деген болатын.
Дегенмен тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ осы кез. Бүгінгідей келеңсіз құбылыстар жайлаған уақытта жас жеткіншектерді адамгершілікке баулудың маңызы зор.
Алайда, бала тәрбиесі тек тәрбиешілердің ғана ісі екен десек, қателік болар еді. Бала жүрегі кішкентай ғана күйсандық, ол сандықтың кілтін тапсақ ғана ашылады. Осы кілт мұғалімдердің ғана емес, ата-аналардың да қолында жүруі керек.
Ата-аналар өзерін-өзі сыйлауға, құрметтеуге қанша күш жұмсаса, балаларын сыйлауға, құрметтеуге екі есе артық күш жұмасуы керек. Олар ата-аналар болғандықтан өз өмірі үшін де балаларының өміріүшін де жауап береді. Демек, ұрпақ тәрбиесі ата-анаға да үлкен жауапкершілік міндеттейді. Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік – педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басылық қасиеті қалыптасады.
Отбасылық тәрбие – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:
-
Баланың өсіп дамуына толық жағдайлар жасау;
-
Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
-
Баланың адамгершілік дамытуға мүмкіндік жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
-
Өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;
-
Балаларды жанұя өміріне енгіз, ақылшы ретінде қарау;
-
Балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас құру;
-
Талап қоюда жүйелік жасау;
-
Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарына жауап беруге дайын болу;
-
Ұрып-соғуға, жазалауға тосқауыл жасау.
Міне, отбасы осы міндеттер мен принциптерге сүйеніп еңбек еткенде ғана ұрпақ тәрбиесі дұрыс бағытта өрбиді.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістер мен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Сонымен қатар, ата-аналарға мынадай алты кеңесті ұсынуға болады, олар мыналар:
Ата-анаға алты кеңес:
-
Баланы елден ерекше әлпештемеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзім елден ерек екенмін деп ойламауы керек. Басқаларды да құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды. Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырқ үйрілед дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мақтауға болмайды.
-
Баланың ырқына жүре бермеңіз. Бала не талап қойса, соған елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып бере беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қасысының қажет, қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсіндіріп қою қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады. Баланы өз бетіне қоя бермеңіз. Асырауды ғана біліп, тәрбиелеуді білмеу – ата-ананың кінәсі. Баланың ішіп-жеу, жатып-тұру, үйрену, ойнау – бәрінде тәртіп, талғам, үлгі-өнеге болуы керек.
-
Балаға жалынып, жалпаймаңыз. Тамақтану, ұйықтауы немесе тағы басқа бала атқаруға тиісті ітсерді еш уақытта жалынып істетпеңіз. Еркімен атқарудың жолын, әдісін табыңыз. Балаға ара түсіп, қорғамаңыз. Сыртта жүріп өткізген кейбір істеріне ара түсіп, сөзін сөйлеуге болмайды. Әбден саралап, көз жеткізгеннен кейін ғана дұрысын – дұрыс, бұрысын – бұрыс деген жөн. Ата-ананың біреуі балаға ескерту жасаған кезде, екіншісіне қорғауға әсте болмайды.
-
Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап, қолынан келетін, істеуге болатын істерінің бәрін өзіңізге баурап алуға боламйды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ болып қалады.
-
Бала айбар шеккенде ықтап, көне кетпеңіз. Бала орындауға болмайтын белгілі бір орынсыз мақсатты талап етіп, жыласа немесе үзілді-кесілді шарт қойса, ырқына көне кетуге болмайды. Қайта ебін тауып оның назарын басқа біпрдеңеге аударыңыз. Баланы жақсы көру бәсекесіне түспеңіз. Баланың ата-анасы, басқа да туыс-туғандары өздерін жақсы көрсету үшін өзгелерге қайрап салу, шағыстыру, ақша не зат беріп, сатып алу секілді әдеттерден аулақ болыңыз. Бұлай болғанда бала өзімшіл, іші тар, қызғаныш, кекшіл болып өседі.
-
Балаға шектен тыс үйіріліп кетпеңіз. Кейбір ата-ана баласына бірнеше сағат немесе бірер күн көрмесе болды, баласын көргенде бәйек болып, құрақ ұшады. Уақыт өте келе мұндай әдет кері нәтиже береді. Сол себепті бала бір жаққа барып, қайтып келгенде, өзіңнің жақсы көретіндігіңді сездірмегеніңіз жөн.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген