Материалдар / Баяндама: "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape1

Тақырыбы: БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ









Орындаған: К. Утепова

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

Бала тәрбиесі – әрбір отбасы, қоғам, мемлекет үшін кезек күттірмейтін мәселе. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз ата-ананың орны ерекше. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қажеттеріне байланысты. Тәрбие қонбайтын адам жоқ. «Сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында?» деген сұраққа жауап іздеудің өзі қисынсыз. Бала тәрбиені өзін қоршағанортадан алады десек, баланың қоғамдық-әлеуметтік дамуы, тәрбиеленуі жанұяда өз орнын алуынан басталады. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, жанұясынан алған өнегесі. Демек тәрбие отбасынан басталады. Осыған орай халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты балада» деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетіні аян. Олай болса адам өмірінің мәні, қуанышы, бақыты өз ұрпағы болмақ. Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі бас ұстазы – ата-анасы. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Бала әрқашан да ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы , жақсылығының ең бағалысы – ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Отанымыздың болашағы балалардың тәрбиелі де өнегелі азамат болып өсуінде ата-ананың алар орны ерекше.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесін негізге ала отырып мамандар жанұяны мынадай 5 топқа бөледі.

1-топ. Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға бар мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет, алайда ұстаздардың араласуы аса керек емес.

2-топ. Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата-ананың «ерекше қамқорлығын сезінеді, өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздардың көңіл аударуын сөзсіз талап етеді.

3-топ. Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалады.

4-топ. Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады.

5-топ. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы керек.

Жанұяның негізгі міндеттері: баланың үздіксіз дамуын қадағалау; бала денсаулығына қамқорлық жасау; еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға көмектесу; баланың жан-жақты дамуына көмектесу; баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын арттыру; баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау; балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам сол сияқты, жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға белгілі. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Адамгершілік, бауырмалдылық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда балаға тәрбие сөзден, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халқымыз. Отбасындағы бала тәрбиесімен айналысатын ата-ана өз түсінігі мен өмір тәжірибесіне сүйенеді. Әйтсе де белгілі бір жағдайларда балаларының теріс қылығына налып, «Қай жерден қателестім?» деген өкінішке кезігеді. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, ересектердің де қателіктерге бой алдыратын кездері болады. Осыған орай психолог мамандар бала тәрбиелеуші ата-аналарға мынадай қателіктерді болдырмауға кеңес береді.

Бірінші қателік – сүймейтінін айтып сөз беру. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені енді жақсы көрмеймін» деп баласына дүрсе қоя беретін ата-анаға маман кеңесі мынадай: өз балаңызға сүймейтініңізді айтып сөз беру – тәрбиелеудің қатаң құралдарының бірі. Бірақ бұл қорқытудың орындалмайтыны айдан анық. Ал балаларды алдау мүлде мүмкін емес. Бір рет алдап балаңыздың сенімін жоғалтуыңыз мүмкін. Бала сізді өтірікшілер қатарына қосады. Сіз бұл сөзді мына кейіпте айтыңыз: «Мен сені бәрібір жақсы көремін,бірақ сенің қылығыңды құптамаймын». Алдыңғыға қарағанда баланы ақылға шақырып ойлантады.

Екіншщі қателік – бәріне көз жұма қарау. «Не әстесең оны істе, маған бәрібір» дейтін әке-шеше, балаңыздың немен шұғылданып жүргеніне қызықпайтыныңызды білдірмеңіз. Ол сезіп қойса бірнеше мәрте тексеруі мүмкін. Мұның арты түрлі жағымсыз қылықтардың жиі орын алып, тіпті қылмыс жасауына әкелуі ғажап емес. Балаңыздың әрекеті қанша көңілге қонымсыз болса да онымен бейбіт әңгімелесіп, шешімін табуға тырысыңыз. «Білесің бе, бұл мәселеде мен сенімен келіспеймін. Саған көмектескім келеді, өйткені сені жақсы көремін. Қажет болса кез-келген сәтте менен кеңес сұрауыңа болады» деп көмек қолын созуды сұрайды мамандар.

Үшінші қателік – аса қаталдық: «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйде басшымын» деушілер. Бұлар төмендегідей тұжырымға тоқталса: балалар бір нәрсені неге және не үшін жасап жатқанын түсінуі қажет. Тым қатал тәрбиелеу аңды қолға үйреткенмен бірдей. Бала сіздің айтқаныңызды бұлжытпай орындауы мүмкін, егер сіз қасыңызда болсаңыз ғана. Ал керісінше жағдайда қолды бір сілтеп кете барады. Тайға таңба басқандай көрсетіп, сендіріп, иландырып, түсіндіру қаталдықтан әдеқайда жақсырақ. «Сен қазір менің айтқанымды орындайсың, ал кешке біз бәрін байсалдылықпен талқылаймыз».

Төртінші қателік – балаларды тым еркелету: «Менің баламның күші жетпегендіктен мұны өзім істей салайын» деп баласына кезіккен кедергіге өзі тойтарыс беріп, бәйек болып жүретін ата-ана. Бұларға ой салар пікір: шолжаң, ерке балаларға өмір соқпағы оңайға түспесі анық. Егер ата-ана баласының жолында жатқан әрбір қиыршық тасты алып тастап отырса, бала өзін бақытты сезіне қоймас. Қайта ол жалғыздықты, керексіздікті түсінеді. Сондықтан «Мұны өзің жасап көр, егер ойдағыдай шықпаса мен саған қуана көмектесемін» деп отырып демеу жөн болар.

Бесінші қателік – бала тәрбиелеу үшін уақыттың тым аздығы. «Өкінішке қарай, саған көңіл бөлуге менің тіптен уақытым жоқ» деп жанұя мен бала тәрбиесін ысырып қойып белсенді еңбекетушілер қателескенін кеш ұғып жатады.

Мұндай ата-аналарға ұсынылатын кеңес. Ересектер баласына қажетті уақытты жеткізе алмай, жұмыс кестесінің жоспарын бұза алмай маңызды минуттарды жіберіп алады. Ата-анасынан «уақыт жоқты» көп еститін бала туысқандық жылылықты басқа адамдар арасынан іздейді. Тіпті сіздің жұмыс күніңіз жоспарланып қойылса да кешкісін жарты сағат тауып балаңыздың төсегінің қасында отырып онымен сөйлесіп, ертегі айтып, кітап оқып беріңіз. Балаңызға бұл өте қажет.

Алтыншы қателік – «Көп ақша-жақсы тәрбие». Махаббаттың қай түрін болмасын ақшаға сатып ала алмайсыз. Құлаққа бір түрлі естілгенімен оң пікір. Кейбір аз қамтылған жанұя «Бала ештеңеден тарықпасын» деп жан ұшырып жүреді. Дегенмен балаңыздың арманын орындай алмағаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Шындығында оған сіздің қалың әмияныңыздан гөрі махаббатпен, мейіріммен еркелетуіңіз, онымен бірге ойнап, бірге өткізген уақытыңыз маңызды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады» деп ұлтымыздың болашағы ұрпағымыздың білімділігі мен тәрбиелігіне байланысты екенін атап көрсетеді. Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысайық, құрметті ата-ана!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!