Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндаманы ата - аналар жиналысында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»

Отбасы –шағын мемлекет

Мен-президент, сен-премьер...”

Қасым Аманжолов

Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:

Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық

өзі жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу. Оның үйренуіне көмектесу, берген тапсырмаңызды аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру. Жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.

Балаға теріс әсер етеді:

  • Жанұядағы жанжал,

  • Үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

  • Баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

  • Біреудің сыртынан өсек айтуы

  • Балалардың көзінше арақ ішу,

  • Үсті-үстіне темекі тарту т.б.

«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға

және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда

балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.

Сондықтан, баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында

жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,

сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру дұрыс білім алуына жағдай жасау.

Ата-анаға берілетін кеңес:

  • Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.

  • Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.

  • Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.

  • Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.

  • Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).

  • Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Ой толғанысы ...

1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды
Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі
Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады

2. Балаға сенім артса, ол батыл болады
Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды

3. Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі
Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі