Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Баяндама. Бала тәрбиесіндегі қазақ халық әндерінің алатын орны.
Материал туралы қысқаша түсінік
Халық әндерінің маңызы және алатын орны жайлы оқушыларға мағлұматтар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
844
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бала тәрбиесіндегі қазақ халық әндерінің алатын орны.Музыка пәні мұғалімі: Ж.Е.Еркинова Қарағанды облысы Балқаш қаласы «Балқаш қаласы Абай атындағы№2 лицей» КММ
Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының терең бiр арнасы – ән өнерi. Әннiң қоғамдық – әлеуметтiк сипаты, тәрбиелiк мәнi елдiң санасынан бiр сәт тысқары қалмағаны аян. Кең далада желдей есiп, ауыздан-ауызға тарап, толассыз кезiп жүретiн ән мен күй халық жан-дүниесiнiң ең асыл мұраттарын дәрiптеп, таратып отырды. Ең кереметi сол, ән қанатында халық ойының тереңдiгi, шексiз қиялы, кестелi орамды шешен тiлi берiк сақталып, заманның алдын орап, кейiнгiге таралып, тамырын үзбеген дәстүрге айналды.Сондықтан да,болар болашақ ұрпаққа музыкалық тәрбие берудің ең бір маңызды құралы болып келетін өнердің түрі - ол ән өнері. Ән өнері - халқымыздың қадір-қасиетін, рухани болмыс-бейнесін, таным-табиғатын, өмірлік тәлімін өнеге өрісін, тұрмыс-тіршілігін, сонымен қоса адамгершілік этикалық қағидаларын танытатын өнердің бір саласы. Қазақ халқы өз тұрмыс тірлігіндегі қарекеттердің бәрінде де өлең өнерді серік еткеніне өмірдің өзі куә. Өйткені өнердің ықпалы қашан да күшті, сөзі өтімді, тәрбиелік қуаты басым болып келетіні белгілі. Бұдан халқымыздың рухани болмысын, ішкі жан дүниесін, ой әлемін, тереңнен қуат алып ғасырлар бойы жасаған ой-өнерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, тұрмыс этикасының өзіне тән сипатқа ие болып қалыптасқанын көреміз. Мұның өзі оның құнын жоғалтпай келе жатқан ерекшелігі мен артықшылығы болып табылады.Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтайлы. Адам қоғамындағы үлкенді–кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай өнердің бұл қасиетін: “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең”, - деп түйіндеген. Ән қазақ халқы өмірінің ажырамас бөлігі болған. Жас нәрестені алғашқы үш күнде жын-перілер қоршап жүреді деген ұғымнан барып, олардан қорғау үшін өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би шалқытып, ойын-сауық өткізілген, келе-келе ол шілдехана тойы сипатын алған. Ұрпақ жалғастығын қадірлеуді жастар санасына сіңіруде ол дәстүрдің тәрбиелік әсері күшті болған. Сондай-ақ бесік тойы да, тұсау кесу тойы да, атқа мінгізу, сүндеттеу, қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу, наурыз, көшіп-қону, ерулік, т.б. тойлар да ән-күймен, жыр, термелермен атқарылған. Қазақ халқының басты бір ерекшелігі – ол тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тәрбиелік мәселеге тіреледі. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған. Қазақтың халық әндері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмысын әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен болашақ ұрпақтың назарын өзіне аударады. Жас ұрпаққа музыкалық эстетикалық тәрбие беру сөз бен музыканың бірлігі арқылы жүзеге асып отырды. Оларды негізінен халықтың педагогикалық мазмұны көрініс тапты, эстетикалық, этикалық, педагогикалық идеялары насихатталды. Мысалы, “Ән – көңілдің ажары”, “Ақылың болса - ән тыңда” деп әнді құрметтеуге шақырады. Бұл пікірді XIX ғасырдың орта кезінде зерттеуші А.Эйхгорнның қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз бірлігінің кең қолданылатыны туралы айтқаны аша түседі: “Қазақ әндері құрметті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі... жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезінде жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі. Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де, жазда да, қыста да – қашан, қай кезде болмасын, қазақ қиялсыз жүрмейді, не ыңылдаған сарынмен көңіл күйін білдіреді, немесе ән салады, әйтпесе өлең шығарады, енді бірде шежірелік сөздерді мақамдап айтумен болады. Олардың қарапайым сөздері мен саздары айналадағы табиғат жағдайына сай келеді де оның сырт өмірден алған әсерін табиғи қалпында беріп, сезімдерін ешбір қалтқысыз айқын баяндайды”.Сөйтіп қазақ отбасында балалар әнмен өседі. Ән мен жырларды ести жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерге үйренеді, музыкалық-эстетикалық және рухани бай болып қалыптасады, сөзге шебер, әнге ұста болуды, суырып салма ақындық өнерін меңгереді.Осылайша жастардың орындаушылық әрі шығармашылық шеберліктері шыңдалып, дамыды. Сонымен түрлі жанрдағы әндер халықтың эстетикалық көзқарастарын және оның әсемдік жөніндегі түсінігін білдіре отырып, балалар мен жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі болды. Өзінің әуезділігімен өмірдің, табиғаттың, тұрмыстың алуан түрлі құбылысына сан қилы музыкалық үн қосуымен, тамаша поэтикалық формасымен және терең мазмұнымен әндер айналадағы тұрмыс құбылыстарына шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдесті. Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көнекөз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттылығы балалар мен жастардың түсінік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды. Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды,объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан барлық халықтар үшін біртұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа көшіре салу әсте мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған және халықтық бастау көздерге сүйенген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады.Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналған. Ән - халық мұрасы. Сан ғасырлар қойнауынан жеткен халық әндерінің шығу тарихы, мазмұнымен қатар көркемдік, құрылымдық, аймақтық ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор.Қазақ халқының ән мәдениеті аса бай, ауқымды әрі қомақты. Оларды халық қазынасы десек, сол қымбат қазынасының қайнар көзі де халықта.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)