Материалдар / Баяндама Балабақша мен ата аналар бірлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Балабақша мен ата аналар бірлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалық шақ- адам өміріндегі ең маңызды да ,ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп талай ғасыр бұрын Платон бекер айтпаса керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2023
634
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Балабақша мен ата-ана бірлігі»

Балалық шақ- адам өміріндегі ең маңызды да ,ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп талай ғасыр бұрын Платон бекер айтпаса керек. Қай кзеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәріненде маңызды. Міне ,осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып,толғандырып отырған жайы бар. Дәл қазіргі жағдайда қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деген сұрақ тұындайды. Балалның бойына барлық жақсы қассеттерді дарыту,тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру ,табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,дұрыс тәрбие мен білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.Бала –әр жанұяның бақыты. Олай болса ,өз бақытымызды бағалай білейік.

Ата –аналар өз балаларының басты тәрбиешілері болып табылады. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деді халық даналығы. Отбасы-бұд баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі,тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірімін шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды- балалар жақсы жетістіктерге жетіп,өзінің даму әлеулетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық –баланың қанаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысның сапасын арттырады. Ата –аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге ,балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қазіргі заманның ата-аналарына көмек көрсету қажет ,өйткені педагогика мен психология жөніндегі білімдердің болмауы қателіктерге,түсініспешілікке демек,тәрбиенің нәтижесіздігіне әкеліп тірейді. Сондықтан да балабақша пеагогтарының негізгі күштері ата аналардың мәдениетінің деңгкйінің жоғарлатуға бағытталған. «Тәй-тәй» технологиясы отбасыны педагогикалық ағарту бойынша жұмыс нысандарының бірі ата-аналар болып табылады. Ол қандай болуға тиіс? Осындай жиналыстарда шаршаған ата-аналардың көңілін жандандыратын және сұхбаттардың мәнін анағұрлым жеңіл есте сақтауға жәрдемдесетін жылы көңіл,ашық және іскер әңгіме үшін ерекше көңіл күй жасайды.

Қоғам үшін әр кезең ,әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау ,рухани бай,еңбекке,білімге құштар болып өсуі –ең жоғарғы тілек ,ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өміріндегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ат ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмірге сәби әкеліп ,оны тәрбиелеп,қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Қорытындылай келе,қазақтың ұлы ғұламасы Әбі Насыр Әл-Фарабидің сазімен айтсақ «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы ,ло келешекте оның өміріне азап алып әкеледі» деген. Қазақстанның дамуына үлес қосатын ,әлемдік өркениетке көтерілетін білімдіде мәдениетті,парасатты,денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам ,ұстаздар мен ата-аналар,мұғалімдердің қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.













«Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері»



Балаларымыз болашағымыз ,бала тәрбиесі еліміздің әлеуеметтік дамуының ,құрылымының келешегін айқындаушы ауқымды ,назар салатын басты мәселенің бірі.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталады,біреудін біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса ,жалғасы балабақшамен байланысады ,яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады ,оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп ,оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасында жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін ата-ананың отбасы мүшелерінің қарым –қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті ,түсінікті сақтауы , сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс. Тек обасында ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын , елін-жерін сүйетін ,өз ұлтының салт- дәстүрін,сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп ,өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да ,жаманды да бойына сіңіреді . Сондықтан халқымыз « Бала ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгеннің алғашқы күнінен басталады. Балаға ата- ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе бала алмайды. Яғни, елдің ер-азамат тәрбиелеу ,ең алдымен отбасына жүктеліп отыр.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынасы түрлерлінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым қатынас орын алады:

  • Ынтымақтастық қарым –қатынас ,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым –қатынасы түсінік мен көмекке бағытталады.

  • Ортақ мүдеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас.

  • Жақсы қарым –қатынасты сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген қарым –қатынас.

  • Бәсекелестік ,барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым –қатынас.

  • Түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым –қатынас.

Демек, әр отбасында түрлі қарым –қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым –қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал,кейбір отбасында бедел алған қарым –қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар,онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы,бұйыруы баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай ,отбасында демократиялық қарым –қатынасқа ұмтылушылық бар ,яғни әр отбасы мүшесі өнеге құқықтық қарым –қатынасты орнатуды көздейді.

Түйіндей келе ,отбасында орыққан қарым –қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан ата анадан жүрек жылуын ,мейірімділікті қажет етеді,ол ата ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата анан игілік жасаушы ,үлгі өненге көрсетуші және ақыл –кеңес айтушы болып танылады.

Отбасы адам баласының өсіп өнер ,қаз тұрар ,қанат қағар ұясы,алтын бесігі. Ол бала үшін бір үлкен әлем ,осы әлемде бала ағаш өмірімен қарым –қатынас жасап ,өмірді сүюді ,қиындыққа көнуді ,қуануды ,қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.

Отбасы тәрбиесі педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. Сондықтанда кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым –қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтанды балабақшадағы оқу тәрбиесінде басты мақсат ата аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады.





































«Балабақшадағы бала тәрбиесіне ата-ана қалай қатысады?»

Ата-ана баласын балабақшаға бермес бұрын біраз ойланады. Егер үйде сәбиге қарайтындай мүмкіндік болмаса ,бермей-ақ қоямын ба деп те ойлайды. Дегенмен балабақшадағы тәрбиенің рөлі басқадай боларында түсінеді. Олар сәбилерін арнаулы педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін бір ойласа,бірде «балабқшада бала көп жылайды ,жиі ауырады» деген сөздер көңілін алаңдатады. Сондықтан осы төңірегіндегі де ойланып қойғанымыз жөн.

Расында балабақшаға апарған күндерде –ақ бала жылайды,өйткені жақын адамдардың жанында болмауы жанына батып ,2-3 өткен соң ауырып қалуы жағдайлары кездеседі. Бұл жерде тәрбиешілерді кінәләу дұрыс емес. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сенсек ,ғалымдар сәбидің бөтен орынға үйренуі үйіндегі ата ананың баласын жаңа жағдайға қалай дайындауына байланысты екенін айтуда.Мәселен,бағбан ағаш егерден бұрын , бұған орын дайындайды ,содан соң барып отырғызып,отырғызған кезде тамырына зиян келмеуіне көңіл бөліп ,топырақпен түбін тиянақтап көмеді. Сонда да жаңа отырғызған жеріне үйренгенше ағаш «ауырады». Сол сияқты сәбидің басқа ортаға үйрену кезеңі оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі кезеңінің бірі.

Бақшаға келген кезде сәбиді тәрбиешімен таныстырып,қалай ұйықтайтынын,нені ұнататынын ,үйде қалай еркелейтінін айтып қойған дұрыс. Тәрбиеші осы ескертпелерді өз жадында сақтайды. Мұның өзі балаға да пайдасы болмақ. Кенет анасы есіне түсіп жыласа ,тәрбиеші оған қандай ойыншық ұсынуын біледі. Жаңа орынға үйрену кезінде тәрбиешінің көмегіне сүйенген сәби жаңа ортаны өзіне жат сезінбейді.

Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру. Балалардың мінез құлқын ,бейімі,қызығушылығы ,мүмкіншілігін теңірірек зерттеуде. Ата-ана,бала,тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыластық орнауынаулуы крек.

Ата аналар балабақшадағы тәрбиешілерден сәбидің ұйқысын, жақсы тамақтануына көңіл бөлуді талап етеді. Топта сәбиінің қалай отырғанын, көңіл күйінің өзгеріске ұшырағанда,өзге балалармен сөзге келеп қалғада көмек беруін.

Егер ата аналар балларының өзі киініп ,өзі шешініп ,өзі тамақтататындай дағдыға үйретсе ,бала бақшада өзін еркін ұстайды да, үлкендердің көмегін күтпейді. Сол себепті баланы балабақша алып келерде,оны дайындау керек,сонда ол ойыншықтармен өзі ойнау алуы,жаңа ортаның жағдайларына көңіл алаңдатпайды. Бәрін де өзі істеуге талпынса ,топтағы балалармен де, үлкендермен де қарым-қатынасы тез орына түседі. Тиісті дайындықтан өткен сәби топқа қосылғаннан кейін ешбір қиындықсыз-ақ жаңа ортаға тез үйренеді.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!