Баяндама "БАЛАБАҚШАДА ЭКСПЕРИМЕНТ ҰЙЫМДАСТЫРУ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "БАЛАБАҚШАДА ЭКСПЕРИМЕНТ ҰЙЫМДАСТЫРУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЛАБАҚШАДА ЭКСПЕРИМЕНТ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Эксперименттеу – мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және ол оқыту әдісі; қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің түрінде болуы мүмкін.

Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеуші. Оларға эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Педагогтардың көзқарасынша осы әрекетті жою емес, керісінше, баланың қиялы мен ойлауын мақсаттылыққа ынталандырып және белсенді түрде көмектесу, олардың түрлі мәселелерді шешуде білімін қалыптастыру қажет. Сол себепті де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оны қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңіл аударып, ерекше тапсырмалар мен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.

Шығармашылық әрекеттің басталуын және шығармашылық ойлауын қалыптастыру балалардың өзінің әрекетін ұйымдастыруды белгілі бір мақсат, ойдан бастауға мүмкіндік беретін әрекеттерде өзін көрсете білуге ықпал етеді. Педагогтың әрекеті балалардың зейінін арнайы нәтижеге және мақсатқа жетуге, оның келешектегі әрекеттеріне қолдау мен көмек көрсетуге бағытталуы қажет.

Бұл барлық мүмкіндіктер кең спектрде эксперименттеу сияқты оқыту әдісі болып табылады. Осы әрекет түрлері жобалау әдісіндегі сияқты "жасау арқылы оқыту" тәсілін іске асыруды қамтамасыз етіп және баланың танымдық үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік алып, яғни, дайын түрде берілген білім шағын тәжірибелерді жасау барысында өз бетінше білім алуға алмастырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасының мазмұнын іріктеуде кіріктірілген ықпал жасау түрі білім беру салаларының: баланы айнала қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен, тіл дамыту, бейнелеу өнері және басқа түрлерімен таныстыруда өзара әрекеттесу негізінде оқыту үдерісінің тұтастығын сақтап қана қоймай, эксперименттеу мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасайды.

Эксперимент әдісінің ерекшеліктері:

  • балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;

  • баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;

  • ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;

  • сөйлеу дамытуы ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және қортындыстарды құрастыру;

  • баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • еңбек дағдыларының қалыптастыруы, жалпы қозғалыстын дәрежесін көтеріп денсаулықты нығайту

Педагог эксперимент жүргізу алдында балалармен интербелсенді түрде міндеттерді талқылайды:

  • Не болады, егер....

  • Нені қалай дәлелдеу керек...

  • Қандай тәсілмен іске асыруға болады...

Әрбір экспериментте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:

  • Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты қандай);

  • Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және талқылау (экспериментті қалай жүргізу);

  • Жұмысты орындау;

  • Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);

  • Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы ауызша есеп беру және сараптау.

Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың біртіндеп монолог пен диалогтық сөйлеуі, түрлі синоним мен антонимді қолдану арқылы сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шығару, өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас дағдыларын қалыптастыруын қарастырады.

Эксперименттің нәтижесі және оның барысы педагогтың басшылығымен құрастырылған түрлі сызбаларда, қарапайым кестелерде, балалардың жоспарланған және спонтандық сипаттағы бақылау кезінде алған әсерлерін бейнелеген суреттерінде көрінеді.

Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады. Бақылау мен эксперименттеудің сипатына қарай талаптар өзгеше болады. Тәрбиеші мұны ескеріп, балалармен жұмысты жоспарлауда, ең алдымен өз тобындағы тәрбиеленушілердің жеке ерекшелігі, практикалық тәжірибесінде даму деңгейінде сүйенуі қажет.

Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйрету қажет: бұл кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес. Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек. Педагогтан жаңа, қызық заттарды көре білуге психологиялық дайындықты ғана емес, осындай жағдайларда икемді әрекет ете білу ісерлігі талап етіледі. Ол балалардың әуестігін ынталандырып, табиғаттың өзгерісін көрсетуге, өз бетімен қарапайым қорытындыны жасауға, арнайы әрекетті қолдана білуге, жаңа білім және өмірлік тәжірибе ала білуге үйретуі керек.

Эксперименттеудің қанғаттанарлықтай нәтижесіне жету үшін бақылаудың барлық түрінің жалпы талаптарын ескеру және сақтау қажет.

  • Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты және мақсатқа жетерліктей болуы керек. Тапсырманы орындау әрекеті танымдық сипатта болып, баланың қойылған сұраққа жауап іздеуге, ойлауға, еске түсіруіне жағдай жасауы керек.

  • Әрбір бақылау балаларға жаңа мәлімет пен білім беріп, біртіндеп алғашқы түсініктерін тереңдетіп және кеңейтеді.

  • Балалардың алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен әдістері: педагог пен балалардың әңгімесі, тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратты оқу, көргенін әңгімелеу, сызба құрастыру, сурет салу мен мүсіндеу, ұжымдық жұмыс арқылы бекітіп, нақтылап, жүйелеп және қорытындылау керек.

Ақыл-ой әрекетін белсендіру түрлі тәсілдермен; бақылаудың нақты және мақсатқа жетерліктей міндетін қою, тексерудің әрекетін бақылаудың тәсілі ретінде қолдану, балалардың тәжірибесін қолдану, бақылаудың нәтижесін бірнеше рет қайталап айту, бір нысананы басқалармен салыстыру, әр түрлі дәрежедегі түрлі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.

Осындай жолмен тұтастай бақылау және экспериметтеу барысында балалардың алған білімдері іс-тәжірибеге нық бекітіліп меңгеріледі, өйткені ол осы және басқа да ақпараттардың өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан.

Мектепке дейінгі балалардың эксперименттеу дағдыларын дамыту эксперименттеудің іздену әрекетіне ертеңгі оқушының көзқарасымен белсенді қатысу рөліне дайындалуға жағдай жасайды. Осылай, әрекеттің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін шығармашылық әрекетіне ауысу сипатында болатын алғы шарты туады. Демек, бала әрекеті шығармашылық сипатта болады:

  • Зерттеуге қызығушылығын тудырады;

  • Ой операциясын дамытады;

  • Танымдық белсенділігін, білімқұмарлығын ынталандырады.

Осылай, эксперименттеу оқытудың дәстүрлі түрлері және әдістерімен, басқа балалар әрекетінің түрлерімен үйлесуі:

  • Мақсат, міндеттерді және оларды шешу құралдарын өздігінен тыңдай білуге ынталандыру;

  • Жаңа танымдық қызығушылығын, қарсылық сезімдерін, оларды саналы түрде жинақтап және көрсету іскерліктерін қалыптастыру;

  • Қоршаған әлемді тұтастай қабылауын қалыптастыру;

  • Шығармшылық әлеуетін дамытуға және балалардың дербестік, бастамашыл, білімқұмарлық, өз күшіне сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері:

  • Балалар эксперимент жасауы міндеттіліктен босатылған. Әрқайсы экспериментте баланың ішкі еркіндік сезімі сақталуы керек.

  • Зерттеу жалғастыруын тәртіпке салуына қажеті жоқ. Егер де бала жұмысты қызығушылықпен істесе, оның ісін бөлеуге болмайды.

  • Балалар эксперимент жасау процесінде алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыс істеуі қажет емес. Егер сабақтың мақсатына кедергі болмаса және тірі жәндіктерге зиян келтірмесе, онда балаларға зерттеудің шарттарын өзгертуге рұқсат беріледі.

  • Балалар сөйлемей жұмыс істей алмайды. Сол үшін осындай эксперименттерді енгізу жолында бала-бақшада балаларды бір бірімен қарым-қатынас жасау және еркіндікті дамыту үшін жағдай жасауы қажет.

  • Осындай эксперименттерді өткізгенде балаларға жеке жақындау принциптерін сақтау керек.

  • Эксперименттің нәтижелерін аса тіркеудің қажеті жоқ.

  • Эксперимент өткізілгенде баланың қателесу құқығы саналады. Балаларға практикада болатын өз болжамдарының қателіктерін көзімен көргені жөн.

  • Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет. Бұл өз қолымен жасау, бір процедурасын басқа әрекеттерге бөлшектеу, тәрбиеші мен балалардың бірлескен жұмысы, тәрбиешінің балаға көрсеткен көмегі, балалардың нұсқауы бойынша тәрбиешінің жұмысы.

  • Балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін шектемей, педагог экспериментке белсенді қатысу керек.

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Баланы тұтас педагогикалық процесімен таныстыру тәсілдері. Эксперименттер балалардың барлық іс-әрекеттеріне енгізілуі мүмкін.

  • Эксперименттің соңғы кезеңі – ең мағыналы, ол: нәтижелерді талдау жасау және қорытындарды құрастыру кезеңі. Балалар тәрбиешілерімен зерттеуді ашу қуанышымен еркін түрде бөлісе алады, жалпылама сөзбен емес, бейнемен көрсетілуі керек.

  • Эксперимент талдаудың нәтижелерін балалардың жұмысқа деген тәртібімен ауыстыруға болмайды. Эксперимент жасаудан бас тартып және қате жіберіп қортындысын шығара алмаған теңбе-тең жағдайларда баланы ешқашан жазалауға болмайды.

Эксперимент бойынша әдістемелік жұмысын ұйымдастыру түрлері: шығармашылық шағын топтардың жұмысы; педагогтар және ата-аналарға кеңес беру; педагог және ата-аналардың сауалнамасы; әдістемелік семинарлар; педагогикалық кеңестер; педагогтардың өз бетімен білім алуы; эксперименттің перспективалық және күнтізбелік жоспарлауы; ғылым орталықтың құрал-жабдықтары; ғылым орталықтағы эксперименттің ашық көріністері.

Сонымен, эксперименттеу баланы белгілі бір әрекет пен бақылау негізінде, қоршаған әлемнің тұтастығын саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Педагог эксперименттеу баланы қоршаған әлем және табиғатпен таныстыруда ғана қолданып қоймайды. Эксперименттеу мен тіл дамыту арасында өте тығыз байланыс байқалып тұрады.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана, 2008.

  2. Иванова А.И. «Балабақшадағы экологиялық бақылау және эксперименттер». - Москва, 2004.

  3. Иванова А.И. «Балабақшадағы экологиялық бақылау және эксперименттерді ұйымдастыру әдістемесі». - Москва, 2004.

  4. Нүсіпбекова М.И. «Қарлығаш» бағдарламасы (негізгі ережелер). - Астана; «Арман-ПВ» баспасы, 2007.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.06.2021
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі