Баяндама «Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облыстық мүгедек

балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ

Музыка мұғалімі:Балнұр Кеңес

«Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылығы»

Құлақтан кіріп бойды алар,

                                                          Әсем ән мен тәтті күй.

                                                                   Көңілге түрлі ой салар,

                                                       Әнді сүйсең менше сүй.
Абай Құнанбаев

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - деп, данышпан ақын Абай атамыз айтқандай,жақсы ән – күйдің сиқырлы әуені адамның жан ән күйдің сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл күйін сергітеді. Әсіресе музыканың бала тәрбиесіндегі алар орыны ерекше. Музыкасыз, ойнайсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшалардағы саз жетекшілері сазды эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік стандартқа сай бағдарламаға сүйеніп, қызықты да, көңілді өткізуге тырысады. Еліміздің балабақшаларында тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақта небір майталман өнер иелерінің шығуы әбден мүмкүн.Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Баршамызға мәлім, бала дүние есінін ашқаннан бастап, анасының әлдиіне бөленеді. Мұның өзі, бала бойындағы алғашқы музыкалық қабілеттің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең», - деп данышпан Абай жазып кеткендей, бала шыр етіп жерге түскеннен бастап өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», - бәрі де ән, өлеңсіз өтпейді. Бесік жыры барлық халықтарда бар. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.
1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.
2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды.
3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.
5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.
6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.
Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыру тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.Музыкалық, эстетикалық тәрбие дегеніміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, оны қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамытуда алдыма мынадай үш мақсат қоямын:

  1. Музыкалық шығармалардың сипатын сезіну: сабақтарымда музыканы сөзбен ғана сипаттамай бояумен, суреттермен, қимылмен т.б. балаларға түсінікті етіп сипаттаймын. Музыка терапияны қолданамын.

  2. Баланың тыңдай білу қабілетін арттыру; өз сабақтарымда жарқын және түсінікті музыканың қолдануды жөн деп ойлаймын. Балаларды музыкалық фразаларды тыңдауды, түсінуді үйретемін. Өлеңнің бастамасы, қайырмасы деген ұғымдарды түсіндіремін, қарапайым аспаптардың дыбыстарын тыңдатып тембрінен ажыратуды үйретемін.

  3. Музыканы тыңдай отырып әнді, көркем кейіпкерді, биді көз алдына елестете алу: тыңдалған шығармада немесе ән айту барысында үркек қоянға, маршпен жүрген сарбазға, маң-маң басқан аюға еліктеу және оны өзінше сипаттау.

Музыка сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады: 1) оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету; 2) музыка әуенін өзінше таңдап, тыңдай білуге үйрету; 3) ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу; 4) белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру. Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді. Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты.

Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.Балабақшасыда ән сабағының өтілу кезеңі бірнеше бөлімдерден топтастырған:
- Кіріспе бөлімі,музыкалық ырғақты қимылдар,ән тыңдау,ән үйрету,билер,ойындар.
Балабақшадағы ән сабағының өткізілу бөлімдеріне қысқаша тоқталатын болсақ:
-    Кіріспе бөлімде балалар саз залына көңілді әуенмен немесе вальс әуенімен, немесе марш музыкасымен кіреді. Осы музыкамен балаларды музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанырдағы ырғақтың өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге үйретеміз. Шеңбер бойымен жүреді, содан кейін тоқтайды да саз жетекшісі балалармен амандасады, балаларда әуенмен жауап беріп амандасады.Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін. Көбінесе балалар ойнақы әндерді және марш екпінді музыканы ұнатады. Ойын нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады. Сол әуендерге қимыл жасауды ұнатады. Әрине, адам туа оқып болмайтын сияқты барлық балалардың музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін жұмыстардың нәтижесінде, біртіндеп қалыптасатын процесс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2021
761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі