400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Баланы бастан"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама:Баланы-бастан

«Баланы- бастан».Бар болганы екі сөзден құралған қарапайым сөйлем.Ойланып көріңіз .»Бастан»дейді.Бойға біткеннен бастап па,әлде жұптық өмірге бет бұрган кезден бастап па?Мүмкін өзіміз жаралған кезден бастап ұрпақ әкелетінімізді тіпті сол кезден бастап өзіміз ұрпақ бола тұра өзімізден өрбитін келер ұрпақты ойлаған кезден бастап па екен.»Әлде тіпті,Адамата мен Ауана дүниеге перзент әкелген кезден басталған сөз болды ма?

Советхан Ғаббастың»Халық педагогикасы негіздері «еңбегін ой елегінен өткізе отырып,талдап оқыса ұрпағына,»ерте жастан яғни туған күннен тәрбие бергісі келген әрбір азамат «басынан бастау» идеясын яғни әуелі өз отбасында,одан соң жүрегін сыздатып,ел болашағын ойлап жүретін азаматтардың тобымен жалғастырып,қол жеткізген тәжірибелерін ортаға салып,осы идеяны жетілдіре отырып,барша қауымға қажетті болып,кәдеге жарайтындай ғылыми негіздемесін жасауға үлесін қосып,»ашылмай жатқан қазанның» қақпағын ашуға септігін тигізер еді.

Советхан Хаббастың тұжырымы бойынша, тәрбиені бесіктен бастаудың өзі кеш басталған тәрбиеге жатады екен. Шынында,нәрестенің дүние келу сәті, одан кейінгі перзентханада болып нәрестені күтуге кеткен уақыт,оған жалғасатын 40күнге толтыруға дейінгі кезеңде-нәрестені күтіп-баптауда жүйесіз жүргізілген жұмыстар –бесікке салуға дейінгі кезеңге жатады.Демек,бұл-ешнәрсемен теңгерілмейтін зая кеткен,орны еш уақытта қайтып толмайтын бос уақыт .Оған 9ай 9күндік құрсақтағы еске алынбаған.Түсіндіруге ерте 6-7 жастан мектепке береміз деп кейде миы толығын-қырасын деп одан да кешіктіріп зая жіберетін уақытымызды айтсайшы!Кейін бала 15-16жасқа жеткенде орны толмас өкініш болып,ащы жемісін беретін осы босқа кеткен уақытта барша оқырманға жеткізіп отырған себебім мектепке келгенше бала миы «жазу түспеген ақ қағаз сияқты болады»деп жүргеніміз өрескел қателік екен. Бала миы құрсақта жаратыла басталғаннан»байыппен» тола бастаған «дискет»екен. Ол қажетті не қажетсіз информациямен толып қалады да,кейін берілетін басқа информацияларды қабылдай алмайтын халде болады екен. Қабылдағанмен сақтау қабілеті ең төменгі дәрежеге жетеді .Біздің бірінші сыныпқа келген баланы үйрете алмай,үлгерте алмауымыз осылайша «тәрбиеленіп біткен»баланы қайта тәрбиелеудегі азаптарымыз екен.

Әлгі баланың миына мектепке келгенше жазылып қалған жазуды,бұл қағазға түскен жазу болса да өшіріп қайта жазсаң оқылуы қиын сөз түседі ғой қағазға.Миға,жүрекке,қанға жазылған жазуды өшіріп,қайта жазарсың.Қайта жазылады-ау.Бірақ түсініксіз бірдеңелер болып шықпай ма?

Мен кейде таңданамын.Кейде ойланамын.Оның себебі бабаларымыз салып кеткен дәрістерді танумен ғылым,білім,ілім екен деп айланыспай,біздің салтымызды ,мәдениет,ғылым,білім,әдебиетімізді басқа да тағылымдарымызды зерттеп,өзімізге қайта ұқтырып жатырған»импорттық ойларды ғана»білім,ілім,ғылым деп түсінуге кететініміз несі.Біздің ішкен тамағымыз,дініміз,біздің атаның әкенің,әкені баланың қадірлеуі сөйтіп аралық ұрпақ немереге атаның ықылысы деп аталатын психологиялық кеңістіктің пайда болуы сол кеңістікте немеренің өсіп жетілуі»Басынан басталған»дәстүрдің ықпалына барынша тәуелді екендігін басқадан ұққанша,өзімізден-өзіміз ұғып,тұрмысымызға неге пайдаланбаймыз.Неге ата-баба «Басынан бастау» арқылы өзі өткен мектеп дәрістерін балаға үнемі сіңірумен айналыспаймыз.»Қыз аналан көрмейінше –өнеге алмас.Ұл атадан көрмейінше,сапар шекпес»деген сөздер ата-бабалардан қалғансөз екенін неге әуелі өзіміз зерттеп танып, пайдасын көріп,ұрпаққа сабақтастырмаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі