Материалдар / Баяндама "Баланың мектепке дайындығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Баланың мектепке дайындығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің ертеңгі болашағы- бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы- балабақша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
908
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Приозерск қаласының «Достық» балалар – жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» КМҚК жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы









Shape1

Picture 1




Дайындаған: «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі:

Манкебаева Индира Кариевна





Приозерск қаласы

2018 жыл

Еліміздің ертеңгі болашағы- бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ.

Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы- балабақша.

Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады. Олардың ой-өрісі кеңейе түседі. Әр түрлі ойындар, табиғатқа серуенге шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі. Және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды.

Бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру көзделіп отыр.

Баланы мектепке дайындау мәселелері бойынша 5 жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау- мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті.

Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап білім алуға ден қоюы- оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі.Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Балаларды мектепке дайындаудың нәтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек. Балалардың мектепке дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті психикалық және дене тәрбиесінің сапалары қалыптасады. Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды. Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі...

Жалпы дайындық- ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір- бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісің, қылығын басқарып үйренуге тиісті екенін айтып өткен жөн. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.

Психологиялық дайындық- ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерін ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді жалғастыра отырып, осындай процесінде дамытады.

Дене дайындығы-мықты денсаулық, шыдымдылық қасиеттері балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті екенін ұмытпауымыз керек. Мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес,зейін,ой-қиял, қабылдау) да дамып отыру қажет. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән бергеніміз жөн.

Мектепке балаларды дайындау барысында «Қатынас» білім беру саласы бойынша балалардың қарым- қатынаста кездесетін қиыншылықтарды балалардың граматикалық дұрыс сөйлеуді, дыбыстарды дұрыс айтуда сауат ашу негіздерімен дұрыс және жеке жұмыс жасау барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін балалардың ата-аналары балабақшамен бірлесе отырып,жұмыс жасау қажет.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде белсенділігі төмен,тұйық,өз бетінше жұмыс жасауға қорқатын,өздеріне сенімсіз, өкпелегіш,ұялшақ балалар, оқу іс-әрекетде қиыншылықтар тудырады.

Балалардың мінез-құлқына да көңіл аудара отыра, туындамайтын қиыншылықтар ды табандылықпен, алға қойылған мақсатқа жету үшін ерік-жігермен кездесетін қиыншылықтарды жеңе отыра,балаларды мектепке оқуға ынтасын қалыптастыруымыз қажет деп ойлаймын.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді.

Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Бала мен балабақша» журналы, №6, 7 2012 ж.
2.«Бала тәрбиесі» журналы, №12, 2009 ж. 
3.«Отбасы және балабақша», №3 2014 ж.
4.«Мектепке дейінгі білім», №1(7) қаңтар/ақпан 2007 ж.

5. Балабақшадағы оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А., 2000 ж.

6. Қазақстан мектебі, №12, 2012 ж.

7.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту №4-2013

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!