ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ»
КОЛЛЕДЖІ»
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Happy Island», «Бақыт
аралы»
Ақтау
2022
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ»
колледжінің
А-19 тобы студенті Сарсен
Ықылас
Тақырыбы: «Happy Island»,
«Бақыт аралы»
Жетекшісі. 1 санатты арнайы
пәндер
оқытушысы Тулешова
Н.К.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында
туризмді әрі қарай дамыту үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи,
географиялық және климаттық жағдайлар бар. Осыған байланысты
республика Үкіметі өзінің ұзақ мерзімді дамуы жөніндегі
бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі
ретінде жариялады. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік
ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы Туризмді дамыту бағдарламасы
дайындалып, ал 1997 жылы «1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек
Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің
мәдение мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылым құру»
мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Қазақстан 2030» стратегиялық
даму бағдарламасында аталған саланың айрықша маңызы атап
өтілген.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық үдемелі дамуы
Бағдарламасында Қазақстанда туризмді дамытуға бөлек тармақ
арналған. Бағдарламаның мақсаттарына сәйкес, мемлекет өзінің іскер
серіктестерімен бірлесіп мемлекеттің барлық облыстарында туристік
инфрақұрылымды жетілдіру және құрылысын жүргізуді жүзеге асырады.
Ең алдымен, Маңыстау облысында «Кендірлі», Ақмола облысында
«Бурабай» және Алматы облысында Қапшағай су қоймасының
жағалауындағы «Жаңа Іле» сияқты халықаралық туристік орталықтарын,
курорттары мен демалыс аймақтарын құру жөніндегі үш ірі жобаны атап
кетуге болады. Келешек өңірлік жобаларға Ақкөлдегі «Шаржұм» демалыс
аймағын, «Қатон-Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы»
этнографиялық кешенін, сондай-ақ Алматы облысындағы «Талхизды»
жатқызуға болады.
Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәліз бойындағы
туристік кластерлер де маңызды жобалар болып табылады. Тұтастай
алғанда халықаралық стандарттарға сай келетін 48 нысан құру
көзделген. Жаңа туристік бағыттар пысықталуда, соның ішінде қала
туризмі, белсенді және санаторлық демалыс, тарихи-мәдени туризм,
сондай-ақ экотуризм.
Қазақстанда 9000-ден астам археологиялық және тарихи ескерткіштер,
118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік
ұлттық табиғи парктер орналасқан. Ең танымалылары Алматы
облысындағы «Алтын Емел» және «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар
облысындағы «Баянауыл», сондай-ақ Ақмола облысындағы «Көкшетау»
және «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тас» жартас суреттері,
Шарын шатқалы, «Әнші құмдар» және сақтардың «Бесшатыр» қорымы
көрнекті болып табылады. Экотуризмді тарату үшін «Іле-Балқаш
кемелер жарысы» және «Ертіс меридианы» сияқты іс-шаралары ұдайы
ұйымдастырылып отырылады.
Республика тау шаңғысымен
айналысуға барлық жағдайларды ұсынады. Бұл салады ол әлемдегі
барлық биік таулы мемлекеттермен бәсекелесе алады. Бұл үшін
Алматының жоғарында орналасқан «Шымбұлақ» және «Медеу» жоғары тау
кешені, сондай-ақ Ақмола облысындағы Щуческ-Бурабай демалыс аймағы
бар. Қазақстанның тұрақты дамуы және оның беделінің жоғарылауы
әлемде танылуына ықпал жасап отыр және туризм бұған өзінің үлесін
қосуда. Бұған Дүниежүзілік туристік ұйымының 18 Бас Ассамблеясы мен
Азиада-2011 сияқты ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі дәлел
бола алады.
Маңғыстау облысында
туризмнің дамуы
Қазіргі таңда әлемдік
экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың
бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі
болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша,
Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер
қатарында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына,
ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен
мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.
Бұл жер шөл даланың керемет
ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз
құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай
үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне
сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының
бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін
тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын
белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет.
Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала
кетсек...
Каспий теңізі – Қазақстан,
Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан – бес мемлекетті
бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы . Сондықтан Маңғыстау
облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде
туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып
саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп
есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер
қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық
орнатады. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін
өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты – әлемнiң ең терең ойпаттарының
бірі. Оның шұңқыры үлкен болып келеді.
Ең
терең жері – әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен. Бұл жерде
ойпаттың түбін Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен
замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен
молайып отырады. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата,
Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко
мұражай қалалары, Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем
жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай таулары, Түпқараған жазығы,
Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі т.б әлі сыры ашылмаған керемет жерлер
жетерлік.
Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және
туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген
сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін
турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан
бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз
еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып
кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу
керек.
«Кендірлі»
демалыс орны шөлейтті Маңғыстау жерінде орналасқан дегенге сену
қиын. Көптеп тал егіп, гүл өсірудің арқасында бұл жер бүгінде жасыл
желекке оранған. Демалыс аймағының басшылары туристердің санын
көбейту үшін алдағы уақытта арнайы жобаны жүзеге асыруды көздеп
отыр.
Қазақстанның туризм саласын
дамыту бұл экономикаға да әсер етеді. Яғни ерекше қонақ үйлер,
жағажайлар әртүрлі туристтік бағыттағы орталықтарды дамыту, салу
арқылы Қазақстандықтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарта
аламыз. Мен осы бағытты ұстана отырып осы ерекше қонақ үйді ұсынғым
келеді.
Бұл қонақ үйдің атауы «Happy
Island» аудармасы «Бақыт аралы»
Былай аталуының себебі қонақ
үй теңіз ортасына су бетіне салынады. Бұл ғимараттың ерекшелігі,
басқа ғимараттардан өзгеше болып тұруында. Бұл ғимаратты мен
айналып тұрған денеге ұқсатып бұл ғимараттың макетін жасадым. Бұл
макет 1:3000 масштабпен бейнеленген. Бұл өзгеше қонақ үйдің
биіктігі 50 метр, ал диаметрі 35 метр, ол 12 қабаттан тұрады. Әр
қабаттың биіктігі 3,5 метр.
Макеттің орналасуын
жобалау
Техникалық қабатта жаттығу
бөлмесі, спорт комплекстермен, спорт жабдықтары сатылатын дүкендер
бар. 1 қабатта кафе бар, басқа ресторандар секілді орналасқан. 2
қабатта балаларға арналған ойын сауық орталығы орналасқан. 3 және
қабатқа келген қонақтарға арналған сүйікті ісімен айналысатын сурет
салуға, ойын ойнайтын түрлі бөлмелер орналасқан. 4 қабатта отандық
брендтегі киім дүкендері орналасқан. 5 қабаттан 11 қабатқа дейін
қонақтарға арналған жатын бөлмелері бар. Ал соңғы 12 қабатта ,
банкет залы бар, үлкен мерекелер мен мейрамдарды өткізуге арналған.
Бұл қонақ үйдің ерекшелігі және өзгешелігі су бетінде, және
ғимараттың архитектурасы.
Бұл қонақ үйдің болашақта
Ақтау қаласында салынғанын қалар едім, егер салынған жағдайда Ақтау
қаласындағы және Қазақстандағы ең әдемі архитектуралық жағынан
мықты тұрғызылған ғимараттар қатарына кірер
еді.
Қорытынды
Туризм саласын дамыту
барысында осы қонақ үйді салатын болсақ, Ақтау қаласына келген
туристтерге Маңғыстаудың тарихи ескерткіштері мен қаланың тарихи
көрікті жерлерін көрсетіп, қонақжайлылық болса,туристер легі
көбейіп қала бюджетіне де қыруар қаражат
түседі.
Туристтерге өзін жақсы
сезінетіндей керемет көңіл-күй, ұмытылмас естелік қалдыру керек.
Туризм саласы дамыған сайын туристтер көбейеді. Туристтер көбейген
сайын, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарып, басқа да жаңа, ерекше
ғимараттар салынар еді.