Материалдар / Баяндама. "Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту"

Баяндама. "Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
1132
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда математикалық құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту

Мухамадиева А.К

Бастауыш сынып мұғалімі

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Меновное орта мектебі» КММ


Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойынның мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті-ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарын үйрету. Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балаға білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.

Оқушы өз орнын табу үшін қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі: - оқытудағы сауаттылық; - математикалық сауаттылық; - жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық мәселелері оқу процесінде толығымен орындалмай отырғандығын көрсетеді. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген жоқ. Егер әрбір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып, үнемі көңіл бөліп отырса білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.

Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе, алгебра, геометрия, тригонометрия әлеміне енген сайын басқа жаңа талаптар қойылады.

Бастауыш сыныптарда 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және «+», «-», «.», «:» секілді таңбалармен қатар I, V, X, M, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз. Ал енді алгебрада латын, грек әріптерін үйренуге тура келеді. Міне, осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауатылықты білдіреді. Мұғалім бұл әріптерді үйренген күнінен бастап оқушыдан дұрыс жазып, оқуды күнделікті талап етуі қажет.

Теңдеуді шешуде X, Y, Z әріптері көп кездеседі, оның оқылуын оқушы дұрыс оқу керек.

Бастауыш сыныпта жоғарылаған сайын талап та күшейеді. Оқушылар геометриялық ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады, кейін жаңа жазулар мен сызулар кездеседі. Оларды оқу мен жазуда да арнайы заңдылықтар сақтау қажет. Түзу сызық жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай сызылады.

Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр-сырын үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып, орындалуына мұқият зер салуы керек. Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда, жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп, тәртіпке бейімделеді де, есептерді де алгоритм немесе логика бойынша тез, әрі сауатты шеше алады, сабаққа да ынтасы арта түседі.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыш және орта буынның математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылуы мен жазылуын ескере отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.

Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың бір тармағы болып табылады. Сауаттылық қызметі-алған білім, білік дағдысын күнделікті іс-әрекетке пайдалану біліктілігі.

Математикалық сауаттылық-математикалық компетенттілік: математикалық жалпы қабілеттер мен біліктер, атап айтқанда, математикалық ойлау, жазбаша және ауызша дәлелдемелерді, проблемалардың қойылымын және шешімін, математикалық моделдеуді, математикалық тілді пайдалануды, қамтитын барынша жалпы қабілеттер мен біліктер.

Математикалық сауатылық дұрыс сөйлеу қабілетін математика сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді. 1. Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білу; 2. Материалды қисынды (мағыналық) топтай, конспект жүргізе және рецензиялай білу; 3. Математикалық терминологияларды түсіне, қолдана және негіздей білу; 4. Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясын тұрғыза білу; 5. Ауызша және жазбаша математикалық сауаттылықта сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білу.

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылу дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамнершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математкалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып, дұрыс ажыратуға көңіл бөліп мұғалім жұмыстар жүргізу арқылы қалыптастыра алады. Оқушылардың пәнге деген көзқарас әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математкадан сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор.

Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық және басқа пәндердегі айтылуы, жазылу жолдарын толығымен қарастырып жинақтау. педагогика тарихында пәнаралық байланыс ғылымның негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық прогресшіл педагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір ХҮІІ ғасырдың ора шенінде пайда болды да, әрі қарай көптеген шетел және орыс педагогтарының еңбектерінен жалғасын тапты. Ұлы педагогтар Я.А.Каменский, П.Г.Песталоций, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой бұл мәселемен арнайы шұғылданған.

Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фарабидің, Ибн-Синаның және Жүсіп Баласағұнидың тағы басқалардың мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде пәнаралық байланыс пікіріне үлкен мән бергенін байқауға болады. Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектері мен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық және практикалық маңыздылығын ашып берді.

Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танысдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге математикалық сауаттылықта да жағдай жасайды.

Математика жөнінен сыныптан тыс жұмыс жүргізуге сыныпта математика бұрышының болуы себін тигізеді. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда мыналар болуы мүмкін: математикадан дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлы мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, бағаларың анықтағышы, жылдамдықтардың, егіс нормаларының, өнімдік нормаларының, өз беттерімен құрастырған есептер жнағы, математикалық газеттер. Бұл оқушыларға сыныптан тыс сабақтардың аралығында жаңа тапсырмалар алуға және оларды орындауға мүмкіндік береді. Олардың аталуы да тартымды болуы тиіс, мысалы: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» немесе «Жас математик»

Белгіленген мерзім жеткенде мұғалім оқушылардың шешуін тексереді, жұмысты ұпаймен бағалайды да, нәтижелерін кестеге жазады. Қателер сыныптан тыс сабақтарда немесе сабақтың соңында талданады. Математикалық сауаттылыққа байланысты оқушылар белсене қатысулары үшін және әдетте жаңа тапсырмалар күтеді. Математикалық сауаттылықтың анықтамасы, оларды зерттеген адамдар және сауаттылық басты мақсат ретінде жұмыстар жүргізу.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.

Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта бастауыш білім беру сапасын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдарын жетілдіруде. Бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларымен математика сабақтарында математикалық сауаттылықты сақтай отырып сабақ барысында оқушылапрдың белсенділігін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдарын қарастырады.

Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Оспанов Т.Қ. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.

2. Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. «Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі.» - Алматы, 2005.

3. Б.Баймұханов, З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы дербестігін арттыру» Алматы, 2006

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ