Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама Бастауыш сыныпта зертеу сабақтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Lesson Study - оқушыларды іс –әрекеттегі зерттеуінің ең тиімді тәсілі .
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында айтылғандай қазіргі заманғы технологиялар арқылы оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге мектеп жасынан тәрбиелеуді қолға алу және ақпараттық - коммуникациялық технологияларды еркін меңгертіп шығару. (Н. Назарбаев, 2012 ж.)
Зертеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені анық емес пе?
(Lewis, 2002)
Lesson Study: сабақтың сапасын жақсарту үдерісі - сабақты жоспарлау, сабақтың жоспарын талқылау, өткізілген сабақты зерттеу, сабақтан кейін талқылау
Сабақты зерттеу: сабақты Lesson Study аясында зерттеу
Сабақтан соң талқылау: бақылаушылардың бақылау нәтижесімен бір бірімен алмасу мақсатында талқылау жүргізу немесе сабақты жақсарту үшін жаңа идеяларды ойлап шығару
Lesson Study әдісі
Сабақ жоспарын құру
Зерттеу сабағын талқылау
Сабақтың жоспарын талқылау
Зерттеу сабақтарын өткізу
Сабақтың жоспарын жақсарту
Сабақты зерттеу барысындағы бақылауда Бақылау барысында неге көңіл бөлетініңізді алдын ала келісіңіз Бақылаушылардың көңілін аудару үшін бірнеше негізгі оқушыларды таңдап алуға болады Әр оқушы қалай үйреніп жатқанын бақылау керекБарлық оқушыларды бақылау үшін тұрып тұрған жөн . Бақылау нәтижелерімен пікір алмасу үшін бақылауды өзіңіз істейтін буындағы әріптестеріңізбен өткізген жөн.
Сәтті тұстары Сәтсіз тұстары Келесі сабақта нені жақсарту керек?
Деген сұрақтар туындап мұғалімдер бірлесіп осы сабақты жақсарту әдіс – тәсілдерін сұрақтар мен тапсырмаларды тиімді таңдап алу үшін бірлесіп, келесі сабақтың жоспарын құрады .
Lesson Stady-Lesson Stady-дің басты мақсаты : оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Дадли.Р 2011ж) Lesson Stady мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қодануға көмектесді. Зерттеуші топ 3 мұғалімнен құралады.
Ол мұғалімнің практикалық білімінің дамуына бағытталған сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің жоғары түрі .Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер өздерінің педагогикалық әдістерін жаңартады , өзгертеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіретін технология.
Lesson Stady- сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. Мақсаты : Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу .
Осы циклдардың барлығын қорыта келе соңғы қадам ол нәтижесі :
-
Мұғалім өз іс- тәжірибесін шыңдай түседі
-
Жеке оқушы дамуымен мектептің білім сапасын артыруға дағдыланады
-
Әр оқушының оқу қажеттілігі ескеріледі
-
Өз оқушыларының әрбірінің қабілеттілігін анағұрлым жақсы тануға көметеседі .
Сөзімді қорытындылай келе негізгі мақсатым осы Lesson Stady әдісін қолдана отырып , өтілген сабақтарыма тоқталып өтейін .
1-ші зерттеу сабағым 17- қаңтарда әдебиеттік оқу пәнінен « Маймыл мен көзілдірік» мысалы А Байтұрсыновтың Крыловтан аудармасы .Осы сабақ барысында анықталып алынған А .В. С деңгейіндегі оқушыларымның сабақ барысындағы іс- әрекеттерін 3 мұғалім зерттеп шықты .Блум токсономиясына байланыстырып құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті . с деңгейдегі оқушының ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі . Жетелеу сұрақтары арқылы , жеке жұмыстар мен тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы мен топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушым көрсете білді .В деңгейіндегі оқушым бастапқыда сұрақтарға онша араласпады, кейіннен оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ басшының берген тапсырмасын өз деңгейінде орындап шығып, өзін көрсете білді . Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушым мысалдағы кейіпкерді ақылды маймылмен ауыстырар едім деген тұжырым жасады , яғни сонда оқушының , тек ақымақ маймыл емес ақылды маймыл да болатынын маймылды екінші қырынан көргісі келетінін түсіндіріп айтты .Яғни сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті , В деңгейдегі оқушым еш нәрсені өзгертпей осы сабақты қайта өтілегнені қалаймын маған өте қызықты болды деп жауап берді . С деңгейдегі оқушым сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді көрсете алмадым деген тұжырым жасады. Келесі сабақта белсендірек болатынын айтып өтті.
Сабақ : Әдебиеттік оқу Тақырыбы : Маймыл мен көзілдірік А Байтұрсынов |
Мектеп: «Шұбар» жалпы орта мектебі |
|||||||||||||||||||||
Күні: 17.01.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Жолдас Роза |
|||||||||||||||||||||
Сынып : 3 |
Қатысқаны:25 |
Қатыспағаны:-1 |
||||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен таныстыру мысалмен таныса отырып, мысал жанрымен танысып, оның мәнін ұғынуға тырысады, мысалда келеке етілетін жағымсыз, күлкілі әрекеттерді сынайды, байқайды, бұл шығармаларды жазатын адамды мысалшы дейтінін, мысалдың басқа жанрлардан басты ерекшелігін ұғынады |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар біледі: Мысалды түсініп оқи алады. |
|||||||||||||||||||||
Көптеген оқушылар біледі: Мысалдан автор сөзі мен төл сөзді ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар біледі: мазмұны мен идеясы анықтай алады. |
||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Мысалды түсініп оқиды; Автор сөзі мен төл сөзді ажырата алады; Мысалдың идеясы мен мазмұнын анықтайды. |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мысалдан түсінгенін айтып бере алады. |
|||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: маймыл, келеке, аң, өзімшілдік т.б. |
||||||||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен, жақсыны үлгі тұтқандығын атап өтеді. |
||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Надандық, білімсіздік, көңілсіздік ,бейімсіздік |
||||||||||||||||||||||
Не себепті кенже ұл шаңырақ иесі болады деп ойлайсыз? |
||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||
Ишара: көз,қол, ым-ишара |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Сыйластық, құрмет, ізеттілік, ынтымақтастық, мейірімділік, бауырмалдық. |
|||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, қазақ тілі. |
|||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Мысал мен жырларды салыстыра ажырата алады |
|||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 8 минут |
Сабаққа психиологиялық дайындық Үлкенге де сіз ,кішіге де сіз Сәлем бердік сізге , құрметпенен біз! Үй тапсырмасын сұрау «Сұрақтарды қағып ал» әдісі Топқа біріктіру
ІІ топ Өз сұрағыңды жаз ІІІ топ Өз сұрағыңды жаз ІV топ Өз сұрағыңды жаз І топ Өз сұрағыңды жаз « Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау , топпен бағалау
|
Топтар дайындап келген сұрақтар өзара алмасады
2-3 слайдтар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
|
Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметті оқи отырып, топтастыру орындайды. Тірек сызбасын толтырады. Тілші патриот аудармашы Ахмет ағартушы
Мысал жанрының теориялық мәліметімен танысамыз «Жигсо» әдісі арқылы мәтінді оқушыларға бөліп беремін, оқушылар мәтінді жүйелеп оқып түсінеді,түсініктерін айтады.
Дескриптор: - мәнерлеп қатесіз оқиды - Мәтінді дұрыс түсінгенін айта алады.
Мысал – аң, хайуанат, заттарды кейіпкер етіп, солардың әрекеті арқылы адам бойындағы мін, кемшілікті келеке етеді. Ал жақсы мінез-құлықтарды үлгі етіп көрсетеді. Мысал кейіпкерлері күлкі тудырады. Бірақ бізге кейіпкерлердің өздері емес, олардың ақымақтық, өзімшілдік, қызғаншақтық, тағы басқа әрекеттері күлкілі. Мысал өсиет, ақыл айтуға құрылады. Бұл шығармаларды жазатын адамды мысалшы дейді
Қол шапалақтау арқылы топпен талдап түсініктерін айтып береді
Дескриптор: - Мәтінді түсініп оқиды; - Мысалдың не екенін ажыратады. ҚБ: «Қол шапалақтау » әдісі
Жұмбақ шешу. Адамға қатты ұқсайды, Бірақ ол адам емес. Ұятты, арды ұқпайды, Сезімі жаман емес. (Маймыл) Оқитыны көп, Тоқитыны жоқ. (Көзілдірік) Дескриптор:
«Ыстық орындық» әдісі бойынша топ басшылары сұраққа жауап береді
|
5-слайд
Кеспелер
Дұрыс жауап бергендерге қ/ бағалау
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут |
Мысалды тізбектей оқи отырып, мағынасын ашып талдау. Дескриптор:
Сөздік жұмысы. Дәптермен жұмыс Мәжнүн – ессіз – ақылсыз Тізбектей дауыстап оқыту. Рөлге бөліп оқыту. «Бұл сұрағы болса,онда жауап қандай болады?» әдісі (Топ басшыларын шығарып белгілі уақыт ішінде сұрақ оқиды, оқушы нақты,әрі тез жауап беру керек)
Дескриптор:
ҚБ Смайлик |
Бағалау парақшалары
|
||||||||||||||||||||
Кері байланыс 5 минут |
Ойтолғау. «Синквейн әдісі» жұптық жұмыс Мысалдағы оқиғадан шығатын қорытынды ойды оқып, оқушылар бес жолды өлең құрастырады Сабақты қорытындылау. БББ кестесін толтырады
|
үлестірме материалдары
|
||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 минут |
Мысалды оқу |
|
||||||||||||||||||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Оқушылардың материалды игеру деңгейін топтық және жекелеген тапсырмаларды орындағандарына қарай бағалаймын.( смайликтер, қол шапалақтау, жұлдызша т.б.) Бағалау парақшасын өздері бағалап отырады жуан , жіңішке сұрақтар жұптық жұмыс орындайды |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеремін |
||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Жалпы бағалау 1.Оқушылармен синквейн әдісі сәтті болды 2. Таратпа кеспемен жұмыс нәтижелі болдды 3. «Бұл сұрағы болса,онда жауап қандай болады?» әдісі
Алға қойылатын мақсатым : сұрақтарды күрделендіру керек екендігін білдім
|
|||||||||||||||||||||
|
2- зерттеу сабағым әдебиеттік оқу пәнінен 28- ақпан күні тақырыбы : Бекмырза Баймахановтың «Құмдағы құпия», аймақтық семинар сабақ ретінде өткіздім . Сабақ мақсатына жетті. Оқушылардың білім деңгейн көтеру, сонымен қатар желілік қоғамдастық пен өзара әдіс алмасу мақсатында ұйымдастырылған бұл зерттеу сабағы өз дәрежесінде өтіліп, келген ұстаздар қауымы алар жаңалықтары көп екендігін сөзге тиек етті .
Сабақ : Әдебиеттік оқу Тақырыбы : Бекмырза Баймаханов «Құмдағы құпия» |
Мектеп: «Шұбар» жалпы орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 28.02.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Жолдас Роза Жарылқасынқызы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып : 3 |
Қатысқаны:25 |
Қатыспағаны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
1.Мәтінді оқып, оның мазмұнын талдау негізгі идеясын ашу 2.Қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге ынталандыру,іздену жұмыстарын жүргізу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар біледі: мәтінді түсініп оқи алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Көптеген оқушылар біледі: мәтіннен автор сөзі мен төл сөзді ажыратады, мазмұны мен идеясы анықтай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар біледі: шығармашылық тапсырмаларды (синквейн, мінездеме, жоспар құрады)орындай біледі |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Мәтінді түсініп оқиды; Мәтіннің идеясы мен мазмұнын анықтап, талдай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтіннен түсінгенін айтып бере алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қамқорлық , тыныштығын бұзу,киелі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қазақ халқы құстардың киелілігін танып білген, оған қомқорлық жасағаны туралы түсінік қалыптасады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Сәкі, ботаник,геолог,экспедиция,селеу |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Не себепті Құстарға қиянат жасауға болмайды? |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Ишара: көз,қол, ым-ишара |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Мәңгілік Ел патриоттық актісі. 4 құндылық Мәңгілік Ел бұл инновация негізінде тұрақты экономикалық өсім Қазақстан аумағы мыңжылдықтар бойы өркениеттің торабы болды, халықтардың ұлы көшінің легіне айналып, бабалармен еуразиялық дала жазығы игерілді, тұрмыстық материалдық және рухани мәдениет қалыптасты.Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану пәнінен құстардың тіршілігі мен өсімдіктер туралы түсініктері қалыптасқан , қазақ тілі пәнінен сөз таптары жайлы түсініктері бар. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Бозторғай құсы туралы, құмды, таулы , шөлді жерлер туралы түсінік қалыптасқан |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 7 минут |
Сабаққа психологиялық дайындық Көңіл - күйіміз қандай? Күндей ашық! Дайындығымыз қандай? Тастай берік! Талабымыз қандай? Таудай биік ! Үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар қою арқылы «Миға шабуыл»әдісін қолдану. Тапсырмаларды орындау үшін оқушыларды 4 топқа біріктіру
|
5-слайд
6-Слайд
Кеспелер 7- слайд Аюлардың суреттері |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут
6 минут
3минут
2 минут
2 минут
3 минут
3 минут |
Бейнекөрсетілім «Құмдағы құпия» атты мәтіннің авторы жайлы аздап мәлімет айтып өтейін. Бекмырза Баймаханов1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазіргі заманның тарихшысы, филология ғылымының докторы. Ғылыми зерттеулер топтарының басшысы. Жалпы зерттеулерді құптайтын азамат Топ мүшелері тізбектеп оқып шығады «Жигсо» әдісі арқылы мәтінді оқушыларға бөліп беремін, оқушылар мәтінді жүйелеп оқып түсінеді,түсіктерін айтады.
Дескриптор: - Мәтінді бөлім бөлімімен оқып шығады . - Мәтінді түсінгенін өз сөзімен айта алады.
Сөздікпен жұмыс: Слайдта берілген сөздіктермен ауызша оқынп танысады Сәкі – ағаштан жасалған отырғыш Геолог- жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі. Ботаник – өсімдіктер әлемін зерттейтін маман. Экспедиция – кез-келген жерді зерттейтін ұжым. Селеу - астық тұқымына жататын көпжылдық кейде біржылдық өсімдік Бейнекөрсетілім Дескриптор: - Сөздікті оқиды, мағынасын ұғады ; - Бейнекөрсетілімнен маман иелерін ажырата алады .
-Бұл мәтіндегі бозторғай жайлы қай әңгімеде оқыған едік естеріңе түсіріңдерші? -Әрине «Бозторғай дала сәні» - Бозторғайдың неше түрі бар? -75 түрі бар оның 13 түрі Қазақстан жерінде кездесетінін айтып өткен болатынбыз . -Бозторғай қандай құс ? -Ата- бабаларымыз әрине киелі құс ретінде танып білдік « Сұрақ – жауап» әдісі
|
Бейнекөрсеті- лім
12-слайд
Бейнекөрсеті- лім
Кеспемен сұрақтар
15-16- слайд |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
2 минут
2 минут
4минут |
Жұптық жұмыс «Кейіпкерге хат» Темір мен анасына оқушылар өз бетінше ойларын білдіру үшін хат жазады
Сергіту сәті : Құмның қасиеттерімен танысу( құмның сусымалы, құрылыс материалы ретінде қолданатын, су сіңіргіш зат екендігімен танысады)
Топтық жұмыс Тапсырмалар 1-топ: 5 жолды өлең жазу. 1. Зат есім (1 сөз) бозторғай 2. Сын есім (2 сөз) кішкентай, қамқоршы 3. Етістік (3 сөз) қорғайды, шиқылдайды, жылдам ұшады 4. Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Бозторғай қандай шапшаң құс! 5. Синоним (1 сөз) құс 2-топ: Мәтінге бөліктері бойынша жоспар құрады :
3-топ: Бозторғай мен тауықтың жұмыртқасын салыстыру. Венн диаграммасын жасайды 4-топ: Темір қандай бала? Мінездеме жазу Қ.Б .Смайлик топтарға жапсырып шығамын Дескриптор:
|
17- слайд
Құм салынған ыдыстар,су, пробиркалар
18-слайд
Венн диаграммасы
Парақшалар
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс 2 минут |
Жетістік баспалдағы 1. Сабақ өте қызықты өтті. 2. Ұнады ,бірақ барлығын меңгере алмадым маған көмек қажет. 3. Сабақ мүлдем қызықсыз болды. |
үлестірме материалдары стикер |
||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 минут |
Мәтінді оқу, оқушыларға ұнаған сюжеттері бойынша суреттеп келу. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Оқушылардың материалды игеру деңгейін топтық және жекелеген тапсырмалар.( смайликтер, жұлдызша т.б.) Бағалау парақшасымен өздері бағалап отырады, жоғары деңгейдегі сұрақтар, жұптық жұмыс орындайды |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеремін, оқушылар партада денені түзу ұстап отыру керектігін ескертіп, отырамын .АКТ қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалаймын. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Жалпы бағалау
|
Сабақ құрылымы 3 - зерттеуші ұстаздармен бірге талдап ,талқылап, таңдап алынған әдістермен толықтырылып жасалынды. Сабақта бейнекөрсетілім мен сарамандық жұмыс ұйымдастырылып оқушылардың өмірмен байланыстырып, барлық сабақ кезеңдерін толық қамтылды , өз дәрежесінде өтілді . Синквейн әдісі оқушылар арасында әлі де толықтыру керектігін аңғартты. Келесі 3 –зерттеу сабақты математика пәнінен өткізуді жоспарлап отырмыз ,яғни қорытынды сабақ ретінде облыс деңгейінде өтіледі . 3- цикл кезінде барлық іс-әркеттер 1- сабақ пен 2- сабақ арасындағы талдауға , кейінгі іс-әрекеттерді салыстыра отырып, тұжырым жасалынады, Оқушының даму деңгейі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алған , алмаған жағдайларына рефлексивтік қорытынды жасалынады .