Қайырболатов
Ерболат
9 "А" сынып
оқушысы
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин
атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Жетекшісі Жарылгасинова
Жанаргуль Газизовна
тарих пәнінің
мұғалімі
БАТЫРЛЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ
КИЕСІ
Ғылыми жұмыстың
мақсаты: Жерлесіміз
- Сүлейменов Қақабай ақсақал
туралы өскелең ұрпаққа тың деректер
ұсыну.
Ғылыми
жұмыстың міндеттері:
1. Батырдың
биографиясын ашып көрсету;
2. Тарихи
деректерді сұрыптау;
3. Жинақталған
мәліметтерді жәдігер ретінде мектеп мұражайына
табыстау.
4. Алдына
қойылған сұраққа немесе мәселені шешуде оптимальды (жылдам, сенімді
және дұрыс) жауап беруге дағдылану,
ұмтылу.
5. Осы мақсатты
ескере отырып, дүниетанымдық қызығушылығымды арттыру барысында
ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі деректерге қатысты
мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыруды жөн
көрдім.
Жұмыстың
өзектілігі:
Семейлік - Сүлейменов Қақабай
ақсақалдың өмірі мен
ерлігі қаһарман, қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің
айнасындай айналасына
шұғыла шашып
тұр.
Зерттеу
әдісі:
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау,
жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер
қолданылады.
Ұлы Жеңіс! Жеңіс бізге
өздігінен келген жоқ. Ол бізге "елім" деп соққан ерлердің, майданға
қару асынып кеткен азаматтарымыздың батылдығының арқасында келді.
1941 жылы Кеңестік Соцалистік Республикалар Одағының халқының
басына қиын күн туған еді. Ешқандай ескертусіз тұтқиылдан фашистік
Германия шабуыл жасаған алғашқы күннен бастап-ақ еліміз жұдырықтай
жұмылып, сүбелі жетістіктерге қол жеткізді. Отанымызды қорғау үшін
ер-азаматтар әскерге шақыртылды. Әскерге шақыртылғандардың ішінде
жерлесіміз, Сулейменов Қақабай деген замат та бар еді. Қақабай
ақсақал ұрпағының ғұмыры үшін сұрапыл соғыста жас шағын оқ пен
оттың ортасында қару асынған жандардың бірі
болды.
Сүлейменов Қақабай ақсақал
1917 жылдың 13 қарашасында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы
Семей облысы) Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1937
жылы Семей қаласындағы қаржы-экономикалық техникумын (қазіргі
СҚЭК), одан кейін Мұғалімдер институтын бітіріп, Үлкен -Нарым
ауданына қарасты Жұлдыз ауылының мектебінде мұғалімдік қызмет
атқарған. Сол елді- мекеннен 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына
шақырылды. Ол Забайкалье округінде әскери борышын өтеп, 1941 жылдың
желтоқсанынан 1943 жылдың желтоқсанына дейін №100 -ші жеке атқыштар
бригадасында штаб басшысының көмекшісі болған. 1942 жылы
Коммунистік партияның қатарына өтеді, сол кездері лейтенант атағын
алып, батальон штабы басшысы болып тағайындалды. Осы жерде аса бір
мақтанышпен айтатын жағдай, Қақабай ақсақалдың қарамағында хатшы
қызметін атқарған Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова болатын
(қазіргі таңда Семей Медициналық Академиясы жанына ашылған Мәншүк
Мәметованың мұражайында осы Сүлейменов Қақабай ақсақалға арналған
экспозициялық тақта ашылған. Бұл жерде 412-ші штаб басшысы, Қызыл
Ту атқыштар полкінің ІІІ дәрежелі Кутузовтың Новогеоргиев орденінің
иегері, №1-ші атқыштар дивизиясы штабы басшысының көмекшісі (бұл
жерде ақсақал екі атақ алған "капитан" және "майор") Сүлейменов
Қақабай ақсақалдың марапаттары, майданнан жазған хаттары, жеке
заттары, фотосуреттері) қойылған.
Осы аралықта Қақабай
ақсақалдың майдан даласындағы ерліктерінен айтып өтсем деймін. Ол
кісінің батырлығы жайлы : "Звездный час с Маншук" және "Сотая
Казахская" деген кітаптарында жазылған
(майдандастары
жазған кітап). Сол кітаптардан
ақсақалдың майдан даласындағы ерліктері жайлы деректер келтіре
кетсем:
- Великие Луки деген жерде
неміс басқыншыларымен шайқас кезінде 2-ші батальон командирі ауыр
жараланып, батальонды штаб командирі капитан Сүлейменов Қақабай
басқарған. Қақабай ақсақалдың тапқырлығының арқасында
жауынгерлердің жігері күшейіп, жаудың жаяу әскеріне тойтарыс
берілілген делінген. Сол кездің өзінде Қақабай ақсақал "Қызық
Жұлдыз" орденінің иегері екен(яғни, орденді соғысқа дейін
иеленген).
Біршама уақыттан соң
немістер қайта шабуылға шыққан. Бұл кезде біздің әскерлердің қару
-жарақ қоры таусылған, капитан Қ. Сулейменов жауынгерлерді асқан
шеберлікпен ұйымдастырып, жауға қарсы соғысудың басқаша позициясын
жасаған. Және де дәл сол мезетте көмекке 1-ші батальон жақындап
қалған екен. Осы ұрыста Қақабай ақсақалдың өзінің жеке қаруымен
және гранатасымен төрт немістің көзін жойған. Өзі ауыр жараланса
да, майдан шебін тастамаған. Осы ерлігі үшін, "Қызыл Ту" орденімен
марапатталған.
-Кеңес Одағының Батыры,
пулеметші Мәншүк Мәметованың Қақабай ақсақалдың штабына келгені де
осы кітапта жазылған.
Мәншүк Мәметова Штабтың
тақтай есігін итере ашып,
-Кіруге бола ма? деп ішке
кірген.
- Иә. кіріңіз деген дауысты
естіп Мәншүк ішке кіргенде, төр жақта үстел үстінде үлкен қағазға
сызба жасап отырған штаб капитаны - Қақабай ақсақалды көреді.
Қолындағы қарындашы мен сызғышын және жаңағы қағазын жиыстырып
болып, басын көтеріп қарағанда алдындағы бойжеткенді көріп таңырқап
қалған делінген. Ал Мәншүк болса үстелге жақындап, құжаттары мен
бұйрықты капитанға ұсынған. Ал штаб капитаны- Сүлейменов Қақабай
ақсақал құжаттарды қарап тұрып,
- Сен жақсылап ойландың ба?
деп сұрағаны, Мәншүкті ерітіп, батальон командиріне барғаны да
жазылған.
(Осындай сәттерінің барлығы
аталған кітаптардан көрініс тапқан). Сүлейменов Қақабай ақсақал
Мәншүк Мәметовамен таныс болып, әрі Мәншүк Мәметова Қақабай
ақсақалдың жазу жазатын хатшысы, майдандасы болғанының өзі тарихи
сәт, әрі кездейсоқтық емес.
Жеңістен кейін 1945- 1946
жылдары Германияның Апольд қаласының әскери комендантының көмекшісі
болған. Соғыс жағдайы уақытында 1-ші және 2-ші Беларусь майданының
әскері құрамында болған, И.В. Сталиннің қолы қойылған 13 Алғыс
хаттарымен марапатталған. "Қызыл Жұлдыз", "Ұлы Отан соғысының І
дәрежелі", "Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі" ордендерімен және
көптеген медальдерімен, соның ішінде Германия, Польша қалаларын
неміс басқыншыларынан азат еткені үшін медальдерімен
марапатталған.
1946 жылы білім саласының
қызметкері ретінде әскер қатарынан демобилизацияланған. 1949 жылы
Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтына түсіп,
оны 1953 жылы қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша үздік
бітірген. Сүлейменов Қақабай ақсақал қызмет жасап жүрген шағындағы
атағы отставкадағы майор болатын. Қазақ ССР- нің Халыққа білім беру
ісінің Үздігі. 40 жылдан астам уақыт Жамбыл облысында мектеп
мұғалімінен, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін
атқарған. 1977 жылы зейнеткерлік демалысқа шықса да, оқытушылық
қызметін жалғастырған. 1980 жылы Қақабай ақсақалөзінің туған жері -
Семей қаласына көшіп келеді. Сүлейменов Қақабай ақсақал 1985 жылдың
28 ақпанында, Ұлы Жеңістің 40 жылдық мерекесіне бірнеше ғана айлар
қалғанда, денсаулығы сыр беріп өмірден
өткен.
Бүгінгі таңда ақсақалдың қызы
да немересі де- Хазина Қақабайқызы мен Дария Манарбекқызы
Сүлейменовалар аталық дәстүрді жалғап, Семей қаласындағы
Электротехника колледжінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,
білім беру жолында қызмет жасауда.
Сүлейменов Қақабай ақсақал
іспеттес азаматтардың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз
Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі
жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше
ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта
өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.
Ерлеріміздің табандылықтары
пен ерен ерліктері, Отанға деген сүйіспеншіліктері қатал соғыста
Жеңіске жеткізді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. "Сотая Казахская" майдандастарының жазған
кітабы
2. "Ардагер" республикалық
газеті,
3. "Звездный час с Маншук"
кітабы;
4. Сүлейменовтардың жеке отбасылық қорынан
алынған материалдар;
5. Семей Медицина Академиясының мұражайы
материалдары.