Баяндама. БЕС АРЫС, ҮШ БӘЙТЕРЕК, ҮШ ҚОҢЫР.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама. БЕС АРЫС, ҮШ БӘЙТЕРЕК, ҮШ ҚОҢЫР.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама сабақ өте жақсы өтті. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қатысты. Оқушылар түгел қатысып, белсенділік танытты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай атындағы Респубилкалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен

әдебиетін тереңдете оқытатын орта

мектеп-интернаты мұғалімі

Каленова Клара Ғабитқызы


БЕС АРЫС, ҮШ БӘЙТЕРЕК, ҮШ ҚОҢЫР


Қазақтың атын шығарған маңдай алды, көреген, дана қоғам қайраткерлері жетерлік. Бұл қазақ деген халықтың тектілігі деп білеміз. Қазақ – текті халық. Бұл сөзімізге тарихта бес арыс, үш бәйтерек деп аталып жүрген есімдері тарихтың беттерінде алтын әріппен жазылып қалған нар тұлғалардың болуы дәлел болады.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақ. Ал болашаққа тарихымызды бұзбай, сол қалпында жеткізетін, тарихты жатқа білетін, қазақ деген халықтың қалай пайда болғандығын, осындай текті халықтың тектілігін көрсеткен, елді, жерді сақтап қалу үшін қаншама өткелдерден өткенімізді білетін, тарихымызда алтын әріппен қалған қоғам қайраткерлерінің есімін білу – қазіргі ұрпаққа міндет.

Бес арыс деп ел есінде қалған ақын-жазушыларымыз, қазақ ұлтына үлкен еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерін айта аламыз. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жазса, енді бірі тұңғыш қазақ әдебиетіне роман деген ұғымды алып келді. Өзінің өмірін «Мұтылғанның өмірі» деп, қазақ әдебиетінде, алаштың тарихында ұмытылмай мәңгі қалған Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақтың жарық жұлдызы. Өз ұлтының жалындап тұрған жастарына берік, кәміл сеніп кеткен Мағжан Жұмабаевтың бес арыстың бірі болуы кездейсоқ емес деп білеміз. Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі болып есептелетін, қазақ қыздарының қиын тағдырларын ашық, дәл жеткізген Жүсіпбек Аймауытов жеке-дара бір бөлек тұлға. «Оян, қазақ» деп айды аспанға бірақ шығарған, халқының оянуын қалаған, отты жырларымен халық жадында мәңгі қалған Міржақып Дулатұлы. Қазақ тіліне үлесін қосқан, қазақ әліпбиін алғаш енгізген, қазақ әдебиетіне, мәдениетіне жаңалық ашқан Ахмет Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі зор. Бұл қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларымыз біздің жүрегімізде, әдебиетімізде, мәдениетімізде, тарихымызда мәңгілікке қалары сөзсіз.

Қазақта «үш», «жеті» деген сан киелі. Бұл сандарға байланысты көптеген ырымдар бар. Осыған байланысты, «үш бәйтерек», «үш қоңыр» деген ұғымдар тарихымызда қалған. Қазақ «үш бәйтерек» деп халқымыздың ұлы ақын-жазушыларын бәйтерекке теңеген. Сонау Көкшетаудың сұлулығын еңбегіне арқау еткен, Сәкен Сейфулиннің өзін бір төбе қылып, кедей халықтың жоғын жоқтап, мұңын қосқан Бейімбет Майлиннің, қазақ халқының ата-дәстүрі болып табылатын, қазақтың күйінің әуезділігін, қадір-қасиетін тілге тиек етіп, сырларын сипаттаған Ілияс Жансүгіровті үш бәйтеректің бірі деген. Үш бәйтерек біздіңше, үш алып. Әркімнің өзінің қазақ әдебиетінде алатын орны бар. Бұл үш ақын мен жазушының әрқайсысының шығармалары, жазу стилі бөлек болғанмен, негізгі ойы бір, ол – еліне кішкене болсын пайдасын тигізу. Бұл үш алыптың «үш бәйтерек» деп аталуының өзінің де бір себебі бар. Бұл үш ақынның да кіндік қаны тамған жері – қазақ жері. Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат-парқын, арман-аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

Қазақ – ырымшыл халық. Соған байланысты ұғымдар да, ырым-тиымдар да пайда болған. Қазақта үш қоңыр деген ұғым бар. «Қоңыр»деген сөз киелі ұғымды білдіреді. Дана халқымыз әдемі дауыс иесін «қоңыр дауысты» деп мақтаған. Қазақтың киелі аспабы қобыздың дауысы «қоңыр үнді» деп, халықты өзінің қоңыр үнімен елітіп әкеткен. Қоңыр ұғымына байланысты тек музыкаға қатысты емес, сонымен қоса, әділдікті жақтаған, даулы мәселелерде өздерінің даналықтарымен, көрегенділіктерімен халықтың есінде мәңгі қалған атақты үш биімізді де «үш қоңыр» деп атап жүрміз. «Тура биде туған жоқ» деп, билердің кесімді шешімдерімен, ұтымды ойларын қалай ғана дана халқымыз бір мақалмен суреттеген десеңізші! Бір ауыз сөзге тоқтаған дана халқымыз билерді әрқашан көкке көтерген. Қаз дауысты Қазыбек биді, Төле биді, Әйтеке биді қазақ халқы «үш қоңыр» деп атап кеткен. Талай қиын замандарда, өздерінің өткір тілдерімен, тұшымды ойларымен, даналықтарымен көрегенділіктері арқылы ел саясатындағы мәселелерді шешіп отырған. Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Ал осы үш бидің ішінде, қастықпен қаза тапқан, жаман дертпен ауырып, бұл дүниемен қоштасқан Әйтеке би еді. Өз өмір сүрген заманында, халқының қиыншылығын көргісі келмеген атақты би, көреген, дана би осылайша қаза табады.

Қорытындылай келсем, бес арысымыз, үш бәйтерегіміз, үш қоңырымыз қазақтың жүрегінде қанша заман өтсе де қалары хақ. Себебі олардың жүріп өткен жолы, салып кеткен дара жолы мәңгі жарқырап тұрары анық. Олардың енгізген жаңалығы, олардың еліне, жеріне деген махаббаты мәңгілік. Көзден кетсе көңілден кетпейтін бұл алыптардың есімдері мен мол мұралары мәңгілікке көзден де көңілден де кетпесі анық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2021
1084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі