Материалдар / Баяндама "Білім сапасы: табысты менеджмент құралы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Білім сапасы: табысты менеджмент құралы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Білім сапасы: табысты менеджмент құралы. Бұл жұмыста зерттеу арқылы білім сапасы қалай көтерілгендігі туралы тың тәжірибемен бөлісемін. Зерттеу 3;4 сыныптарға жүргізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2022
774
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім сапасы: табысты менеджмент құралы


Темирова Бекзада Амангелдиевна

Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің Жалпы білім беретін Томан бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

Атырау облысы,Исатай ауданы

Bekzada_85@inbox.ru

Іс-әрекеттегі зерттеу білім сапасын көтерудің тиімді жолы

Білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі – білім беру саласындағы өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім ұйымы басшыларының басқаруды жүзеге асыруда да жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Жаңа ғасырдың талабы да, ғажабы да басқа.

Жалпы білім беру ұйымының басшылары нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, мектеп миссиясында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көздейді. Ал, мектеп миссиясына жетуде мектеп мұғалімдерінің алар орны ерекше.

«Мұғалім - тынымсыз соғып тұрған жүрегі іспеттес» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұстаздар ғана мектепті дамытуға үлес қосып, жұмысын жаңашылдыққа бағыттай алады. Көшбасшылық бағдарламасын оқуды Мектептің негізгі миссиясы - «Табысты мектеп» атағына ие болу болса, табысты оқушы табысты мектепке жетелейтіні сөзсіз. Осы бағытта мектепті дамыту жоспарына сәйкес мектебімізде 2020-2021 оқу жылының, тоқсандық қорытындысының талдауы негізінде 3 сыныптың білім сапасын көтеру мақсатында іс – әрекеттегі зерттеу сабақтарын өткізу жоспарланды. 2020-2021 оқу жылының 4 тоқсанында 3 сыныпта «Топтық жұмыс жасау арқылы тыңдалым және айтылым дағдыларды дамытуға бола ма?» тақырыбындағы зерттеу сұрақтары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу сабақтары орта мерзімді жоспар негізінде тізбектелген сабақтар арқылы өткізілу жоспарланды.

Shape1 Іс-әрекетті зерттеу сабақтарын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттеэShape2

ІӘЗ сабағын ұйымдастыруды ұсынуда күтілетін нәтиже қандай болмақ?

Shape3

Shape5 Shape4

Оқушы үшін:


Іс-әрекетті зерттеу сабақтарын өткізбес бұрын төмендегідей жоспар негізінде зерттеу қадамдары құрылып, тәжірибе жүзеге асты.

Жоспар

1. ІӘЗ сабақтарын өткізуде сыныптың таңдалу себебі

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.


Зерттеу қадамдары

1 – бөлім. Іс – әрекеттегі зерттеулерге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

Сабаққа қатыса отырып, жас маман А әңгімелесе отырып, сараптап талдау жүргізе отырып тақырыпты таңдадық. Сыныптағы зерттеу тақырыбы: «Топтық жұмыс жасау арқылы тыңдалым және айтылым дағдыларды дамытуға бола ма?». Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді.

Неліктен бұл сынып? Өйткені, мектепішілік бақылау барысында мұғалімнің сабақты дәстүрлі форматта ұсынуы оқушылардың сабаққа қатысу қызығушылығының төмендігін, үнемі ұжымдық жұмысты қолдануы басқа «В», «С» оқушыларының «тасада» қалғанын байқатты. Оқушылар зейіні тұрақсыз, өйткені, берілген нұсқаулар әр тапсырманың жетістік критерийлері, дескрипторлары арқылы көрініс таппаған. Жабық сұрақтарды жиі қолдануы оқушылардың сыни ойлауын тежеп, айтылым дағдысының дамуына кедергі келтіріп отыр.

Оқушылардың көптеген тыңдалым айтылым дағдысы, оқушылардың сыни дағдыларын дамытуда осы әдебиеттік оқу пәнінің маңызы зор. Пән ерекшелігі мәтіндермен танысып, мәтіннің негізгі түйінін анықтай отырып, өмірлік жағдайлармен байланыстыруда. Сондықтан да, аталған проблемаларды шешу үшін әдебиеттік пәні таңдалды.

2 – бөлім. Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп

3 сыныпта 11 оқушы бар. Ұлы – 8, қызы – 3. Өзім осы сыныпқа сабақ беретін болған соң сыныптың ахуалы маған таныс. І - II тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 66.7% көрсетті. Зерттеу жұмысы «Ең жақсы сабақ бұл - ...» сауалнамасын жүргізуден басталды. Бұл сауалнаманы жүргізгендегі мақсатым – оқушыға қандай сабақтың ұнайтынын, менің алдымда отырған оқушы қандай сабақты көргісі келетінін білу. Олар мұғалімнен не күтеді? Оларға қандай сипаттағы сабақтың ұнайтынын анықтау еді. Назар аударып көрсек:


Менің ойымша, ең жақсы сабақ ...

Оқушы саны

%

1

Интербелсенді тақтаны қолданған

8

72,7

2

Белсенді ойындары бар

11

100

3

Өзіңді еркін сезінетін

11

100

4

Тапсырмасы түсінікті

11

100

5

Бейнебаян көрсетілетін

8

72,7

6

Жақсы баға алатын

11

100


3-қосымша


Оқу мен оқытуды жақсарту үшін тікелей қатысушыларынан «Оқушы үні» жобасы аясында «Ең жақсы сабақ...» оқушылар пікірімен танысу үшін 6 критерий бойынша сауалнама алынды. Бұл жерде оқушылардың пікірлері жан–жақты болып отыр. Интербелсенді тақтаны қолданған сабақ -8, өзін еркін сезінетін сабақ-11, түсінікті сабақ-11, бейне баян қарау -8, жақсы баға алатын-11 оқушы «ИӘ» деп жауап берді. Бұл сауалнамадан нені көруге болады? Оқушылардың барлығына интербелсенді тақтаны қолданған, белсенді әдіс-тәсілдері бар, өздерін еркін сезінетін сабақтар ұнайды. Неліктен тапсырмасы түсінікті сабақ ұнайды деп отыр? Себебі жетістік критерийі анық сабақ, нені, қалай жасау керек алгоритмі анық болса оқушыларда алаңдаушылық тудырмайтыны, ол сәйкесінше сенімді қадамдарды тудырады. Оқушылар өзін еркін сезінетін сабақ ұнайды. Әрине, сабақта жауынгер үнін емес, дос, сыйқыршы, данагөй үнін қолдану ұтымдырақ болары сөзсіз. Бейне баянды көргенді ұнататын оқушылардың көп болуы, оқушылардың басым бөлігі аудио-визуалдық қабылдауы жақсы дамығандығын көрсетеді. Қорытындылай келе, оқушылар белсенді оқытуды ұнатады. 4-қосымша


Менің ойымша, ең жақсы сабақ ...


Оқушы саны

%

1

Өз бетімен жұмыс

1

9,1

2

Топпен жұмыс

10

91

3

Жұппен жұмыс

6

54,5

4

Қимыл-қозғалысты жұмыс

11

100

5

Рөлдік ойындар

11

100

6

Мұғаліммен біріккен жұмыс

4

36,4

Екінші сауалнама да, ең жақсы сабақ оқушылар көзқарасын білу үшін алынды. Неліктен жүргізілді? жас маман тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажет, ең жақсы сабақты болу үшін қандай жұмыстарды ұйымдастыру керектігін анықтау үшін. Көптеген оқушылар топпен жұмысты, рөлдік ойындарды, ойын ретінде ұйымдастырылған сабақты ұнатады. Оқушылардың оқуын жақсарту үшін топтық, белсенді жұмыстарды ұйымдастыру қажет. С деңгейіндегі оқушылардың ашылуы үшін жақын арадағы даму аймағын қалыптастыруда жұппен жұмысты ұтымды ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Бұл жерде мұғаліммен біріккен жұмысты 4 оқушы таңдап отыр. Неліктен? Себебі, бұл оқушы С деңгейіндегі оқушылар деп ойлаймын. Мұғалім түсіндірмесе, сабақты түсінбей қаламын деген ойынан шығар. Сабақты тек мұғалімнің түсіндіргені емес, оқушылардың бірлесіп оқып, бірін – бірі оқытқаны жоғары нәтиже беретініне көз жеткізу қажет. Сондықтан, бір – бірін оқыту, бірлескен оқу ортасын құруда тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану керек екен. Оқушылар пікірі маңызды болғандықтан «Қызықты әдістер» сауалнамасы алынды.

Сабақта қандай әдістер қызықты?

Оқушы саны

%

1

«Серпілген сауал» әдісі

4

36,4

2

«Жұмыртқа» әдісі

5

45,5

3

«Бірге ойлаймыз» әдісі

3

27,3

4

«Ойлан, жұптас, бөліс»

3

27,3

5

«Ортадағы қалам» әдісі

5

45,5

6

«Галереяны шарлау»

8

72,7

7

Өрмекші

11

100

8

Қадамдар

8

72,7

9

Джигсо

3

27,3

10

Фишбоун

3

27,3


5-қосымша


Осы сауалнаманың нәтижесінен не көреміз?

Кестеден көріп отырғаныңыздай оқушыларға сабақтағы белсенді әдіс – тәсілдердің болғандығы ұнайды. Оқушылар кей әдістермен таныс емес. Сабақта қолданатын әдістерді түрлендіру қажет. Оқушылардың қимыл – қозғалысына арналған тапсырмаларды, әдістерді қолдану керек. Себебі, бұлар оқушылардың өзіндік оқу мен оқытуды жақсартуда қызығушылықпен қатысуына септігін тигізеді. Сонымен қатар бұндай әдістер оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын жақсартуға, сыни ойлауға жетелейді.


3 – бөлім. Тәжірибеге өзгерістер енгізу.

Таңдалған тақырыпқа сай, ендігі қадам тәжірибеге өзгерістер енгізу үшін орта мерзімді жоспар құрылып, ОМЖ жоспарына сай тізбектелген сабақтар жоспарланды. Сабақтар топтамасында әрбір 7 модульді үйлестіріп, ықпалдастырып жоспарланды.

Жас маман А үшін аталған өзгерістерді тәжірибеде қолдануда жаңартылған курстан, тиімді оқыту курсынан өтпеуі қиындық келтірді. 7 модульді үйлестіріп ықпалдастыру үшін тәлімгерлер үлесі көп болды. Қысқа мерзімді жоспар құруда көптеген әдістемелік көмекті Г.А тәлімгері ұсынса, тізбектелген іс – әрекетті зертеу сабағын ұйымдастыруда өзім тәлімгерлік еттім. Аптасына төрт рет болатын сабақтарға қатысып, өзгеріс енгізуін бақылап, сабақ құрылымына, оқу мақсатына сай алынған тапсырмалар мен әдістеріне, жалпы ұйымдастыру процесіне кері байланыс ұсынып отырдым. Рефлексия жасауда А ұстаз талдау, салыстыру, қорытындылау дағдыларының жеткіліксіздігіне байланысты кедергілерге тап болды. Бұл кедергілерді еңсеру үшін «Тиімді оқыту» курсында алған тәжірибеммен бөлісіп, тәжірибелік білімін кеңейту үшін әдебиеттер ұсынып, сабақтан кейін бірге талқылауды әдетке айналдыру арқылы, рефлексия жасауда көмекші сұрақтарды ұсынуым да ол үшін тиімді болды. Тиімділігін төмендегі сұхбаттан көруіңізге болады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!