Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Баяндама «БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»
Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үрдісінде цифрлы технологияны қолданудың тиімділігі жайлы. Цифрлы технологияны қолданудағы жаңа тәжірибелер үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
23 Қазан 2018
1591
9 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
УДК 378.14 К 77
ҚҰРМАНБЕКОВА ШОЛПАН РАХМЕТДИЛДАЕВНА
«БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»Қазақстан Республикасы .Тараз қаласыЖамбыл политехникалық жоғары колледжі
АңдатпаБүгінгі күні Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр, ол жаңа инновациялық дамуды және жеделдетілген технологиялық жаңаруды талап етеді. Экономика дамып, студенттер жақсы үйреніп, білім сапасы бұрын-соңды болмаған биіктікке дейін көтерілді. Цифрландыру түрлі салаларға еніп, қоғамның маңызды қажеттілігіне айналуда.
АннотацияСегодня цифровизация входит в различные сектора и становится необходимой потребностью общества. Сектор образования полностью превратился в компьютеризацию. Благодаря цифровой среде были введены электронные учебники. Казахстанский сектор образования активно использует их. В контексте сегодняшнего перехода к цифровизации Казахстан может справиться с развитыми странами. Сегодня цифровизация входит в различные сектора и становится необходимой потребностью общества.
Аnnotation
Today Kazakhstan faces the task of joining the 30 most developed countries in the world, which requires a new innovative development and accelerated technological renewal. Now we believe in the "figure". That's all digitized - and we will be happy. The economy will flourish, children will learn well and the quality of education will grow to unprecedented heights. Today, digitalization enters into various sectors and becomes an essential necessity of society. The education sector has completely transformed into computerization.
Кілт сөз
{АҚПАРАТ} сөзі «информация» деген халықаралық терминнің қазақ тіліндегі баламасы. «Ақпарат», «мағлұмат» ұғымдары бір-біріне өте жақын.{АҚПАРАТТАНДЫРУ}-білім беруді ақпаратпен,оқу көздерімен және ақпараттық технологиялармен кенелту.
Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. Цифрлы жүйеге көшу -жаһандық бәсекеге қабілеттілік негізі. Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол студенттердің оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық әдіс-тәсілдердің біртұтас кешені деп айқындалған. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.[1] Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім беру ісіне зор мән берілген. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ, білім мен ақпарат алмасу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -студенттердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер студент үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының және студенттің алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.Қазіргі ақпараттық технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Цифрлық оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.Ақпараттық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ, білім мен ақпарат алмасу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқытушылар ақпараттық қоғамға қадам басар жолда «жол сілтеуіш» қызметін атқаруы тиіс. Мұнда базалық білім беруді жетілдірумен қатар, ақпараттандыру саласы бойынша жоғары білікті және тәжірибелі мамандар даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық пәндер саласында біліктілікті арттыру маңызды рөл атқарады . Ақпараттандыру білім беру процесінде маңызды ықпал ететін білімнің динамикалық құраушысы болып табылады. Студенттердің интеллектуалдық іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.[3] . Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді цифрландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген. [2] Осыған орай, бүгінгі оқытушының алдында студентке білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.Елбасы Қазақстан халқына жолдауында: "Біз бүкіл ел бойынша білімнің сапалы қызмет етуін әлемдік стандарттар деңгейінде ұсынуға қол жеткізуге тиіспіз. Онлайн режимінде оқыту практикасын дамыту, жаратылыстану - ғылыми бағдарлы арнайы дәрісханалар жүйелерін қарастыру қажет", - деген болатын. Білім және ғылым министрлігі білім саласын компьютерлендіру, оларды ғаламторға қосу мен телефондандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Цифрландыруға қол жеткізу соның айқын дәлелі. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқулықтарды да онлайн желісіне көшіру жобасын қолға алу жайында айтқан болатын. Білім беру саласын цифрландыру қандай жетістіктерге жетелейді? Және сандық оқыту жүйесі біздің дәрісханаға бейімделе ала ма? Елімізде электрондық оқулықтар пайда болып, қарапайым оқулықтардың орнын алмастыратыны жайында талпыныстар бар. Білім министрі оқулықтарды да онлайын жүйесіне көшіруді айтқан болатын. Цифрландырудың болашағы зор.Қашықтықтан оқыту, онлайн жүйесінде телекөпірлер арқылы сұхбаттасу да цифрландырудың жемісі. Жаңа ақпараттық технология құралдарын кіріктірілген сабақтарда пайдалану, шәкірттердің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен жұмыс жасату шәкірттердің дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды, құбылыстарға модельдер кұра біледі.Жамбыл политехникалық колледжі «жоғары дәрежелі колледж» мәртебесін иеленгені біз үшін үлкен қуаныш болғаны рас. Жоғары дәрежелі білім ордасы цифрландыруға толық көшкен. Бұл мекемеде робототехника бойынша таңдамалы курстар ашылды, интерактивті сабақтар өткізуге қол жеткіздік. Сабақта және сабақтан тыс шараларда жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік мол. Колледжмізде сабақтан тыс уақытта студенттердің дүниетанымын кеңейту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып өткізіледі. Дамыған шет мемлекеттердің озық жүйесін оқыту үрдісіне енгізіп, білімгерлердің заманауи білім алуына, білімді тәжірибемен ұштастыруына колледжде барлық жағдай жасалған. ХХІ ғасырда білімгерлердің жанын рухани жағынан кемелдендіріп, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі. Сондықтан барша оқытушыларға ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ұлы педагог Ушинский «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де оқытушының қолында» дегені, шәкіртті тәрбиелеп оқытуда , әр оқытушының шеберлігі мен әдіс-тәсіліне қойылатын көрсеткіші деп білемін. Ал, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң нәтижесін беріп отыр. Білім саласы - күрделі процесс. Үнемі дамуды, жаңаша деңгейді талап етеді. Өйткені бүгінгі білім алып жатқан білімгерлер, ертеңгі мамандар. Шәкірттерімізді заманауи қоғамға ілесе алатындай етіп цифрландырудың игілігін пайдаланудамыз. Теориялық ақпараттық технологиямен қаруланған жастар еңбек майданында еркін көсілетініне сенім мол. Әдебиеттер:1. Қазақстан Республикасында білім берудің және ғылым дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана,20162. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. 2018-2022 жылдар 3. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.-Астана 2010.
Құрманбекова Шолпан РахметдилдаевнаЖамбыл политехникалық жоғары колледжіСот. Тел: 87773867801Раб.Тел.43-74-85

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)