Баяндама
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру»
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты.
Қырандай күшті
қанатты
Мен жастарға
сенемін.
Қайырлы күн! Құрметті де
қадірлі әріптестер! Форумға қатысушылар!
Еліміздің тірегі мен байлығы,
ол біз бен сіз секілді жастар деп білемін. Жүрегінде от ойнаған
жалынды жастарымызға бағыт беретін, ол әрине, Елбасымыздың жыл
сайынғы Халқына жолдаған Жолдауында жастарға деген
көзқарасы.
2017 жылғы 31 қаңтардағы
жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік»
Осы жолдау аясында
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық
көрді.
Мемлекет басшысы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары елімізде педагогтар
арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі
бөлімнен тұрады.
-
бөлім, 21-ші ғасырдағы ұлттық сана
туралы.
-
бөлім, таяу жылдардағы
міндеттер.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың
өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік
алады.
2. Прагматизм
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды
нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен
кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,
қанымызға сіңген, бүгін де
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз
керек.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың
кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы;
бұл айтпасақ та
түсінікті.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық
дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім,
ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.
Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен
алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани
байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке
тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды
үдеріс.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген
және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел»
болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың
қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген
адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны
ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен
емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Мысалы,
компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты
факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың
санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар –
ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына
даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді.
Сонымен қатар тағы айта
кететін нәрсе, Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани
жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа
ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра
алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі
болмақ.
Біз Тәуелсіздік алғалы 25
жылдан асты. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат
жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті.
Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту,
олардың көзін ашу, алға жетелеу. Мақалада
кездесетін әрбір сөзді алсақ, олар
- «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық»,
«ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы
зор.
Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр.
Сандық Қазақстанның болашағы -
өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Мақалада
көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында
тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу.
Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың
қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.
Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы
әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір
қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен
тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.
Қай қоғамда да өзіндік
атқаратын орны бар кәсіподақ ұйымы бүгін де заман талабына орай
ізденістер үстінде екені байқалады.
Біздің облыстың кәсіподақ ұйымдары жастармен жұмысқа ерекше көңіл
бөлуде деп айта аламын. Бұл ретте жас мамандарды ынталандыру,
оларды аға буынның үлгісінде қалыптастыру басты назарда
ұсталады.
Ал бүгінгі таңда кәсіподаққа
жастардың белсенділік танытуының басты белестері – ол жастар
арасында құқықтық және мәдени, спорттық т.б. бағыттағы шаралар,
түрлі акциялар немесе жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарды
қолдау ретінде өткізілген шараларға жастарды өз еркімен
қатысатындай етіп көбірек тарту қажет. Мұның бәрі жастарымыздың
мамандықтарын жетілдіруіне, кәсіби шеберліктерін арттыруына
құлшындырады.
Осындай және басқа шаралар
арқылы да жұмысшылар кәсіподаққа деген сенімін нығайта түседі.
Қазіргі уақытта кәсіподақтың ықпал етуімен көптеген мәселелер
оңтайлы шешіліп келеді.
Біздің жұмыс ауқымымыз да
педагог ретінде сол арнадан табылады деп ойлаймыз және соған қарай
білек қосып ұмтыламыз.
Кәсіподақтың қатарын білімге
жүйрік, талантты да дарынды, бойында патриоттық өшпес рухы бар,
заманының алдаспан жастарымен толықтыру қажетпіз. Сол мақсатта
осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен қараша айының 28-нші
жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Шымкент қаласында
республикалық форум өткізілді. Сол форумға қатысып, көптеген
күш-жігермен қайттық. Мұның себебі неде деп ойлайсыз, өйткені
мұндай ауқымды шараны кім ұйымдастырды. Әрине, кәсіподақ ұйымы.
Сондықтан кәсіподақтың атын облыс, содан соң ары қарай Қазақстан
бойынша атын шығару белсенді сіз және біз секілді жастарға
байланысты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, Тәуелсіздіктің туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек
болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты күш-жігер
қажет.
Тәуелсіз еліміздің жастарын
үлгілі істермен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,
кәсіподаққа белсенділік танытуға кәсіподақ саласының маңызы зор.
Сондықтан кәсіподақтың негізгі өзегі – күш пен
бірлікте.
Тыңдағандарыңызға
рахмет!
Ихсанова Нұргүл
Рамазанқызы
Теректі
ауданы
Подстепный қазақ ЖОББМ
мұғалімі