Материалдар / Баяндама "Даланың алып қоңырауы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Даланың алып қоңырауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға Ы.Алтынсарин әңгімелерін таныстыра отырып, оларды еңбекқорлық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған

«Даланың алып қоңырауы» мектепке дейінгі

ұйымдардың педагогтеріне арналған

Республикалық Педагогикалық

оқуларға қатысушының

ақпараттық картасы




_______________Хайролла __________________

(тегі)


_________Надежда Әбдіғапарқызы ______

(аты, әкесінің аты)


  1. Жұмыс орны

Жұмыс орны (Жарғыға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның атауы)

Махамбет атындағы орта мектеп

Атқаратын лауазымы

Тәрбиеші

Біліктілік санаты

ІІ

Қатысатын басым бағыттың атауы

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ы.Алтынсариннің педагогикалық иедеялары.

Ұжымдық немесе жеке жұмыс

Жеке жұмыс

  1. Байланыстар

Ұялы телефон

+77789033581

Жеке электрондық пошта

Nadi81-81@ mail.ru


«25» қазан 2021ж










Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ,

қарапайым халық, бірақ сол

қарапайымдығының өзінде оның

көп жақсылығы мен тәрбиесі жатыр

Ыбырай Алтынсарин


Ыбырай Алтынсарин -тұңғыш ағартушы ұстаз! Қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған, қазақ зиялылырының арасынан шыққан тұңғыш халық ағартушысы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, аса талантты педагог, дарынды жазушы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Ы.Алтынсарин ұлы педагог - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған ұстаз. Ы.Алтынсарин ұлттың бала тәрбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, бар саналы ғұмырын туған халқына өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды.

Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы - төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Бұл шығармалардың мазмұнынан мен Ыбырайдың ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көремін. Жас ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлу керектігіне ерекше назар аударған деп ойлаймын.

Қазақ халқы қарапайым, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. Адамзат үшін бей-жай қарамайтын қазақ баласы үшін «Қазақ хрестоматиясы» - аса бағалы, құнды дүние. Құндылығы мынада: бұл кітапқа енгізілген шағын әңгімелер, өлеңдер жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды. Тілге жеңіл, түсінікті, көлемі де шағын бұл шығармалар осыдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын жазылса да, өз маңыздылығы арта түспесе кеміген жоқ. Ыбырай Алтынсарин адам тәрбиесіне қажет, ғибраты мол әңгімелерінде сабырлылық, төзімділік, мейірімділік, қанағат, әділеттілік қасиеттерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай қысқа да нұсқа, қисынды, шебер әңгімелейді. Әңгімелерінде адам баласы бастан кешер тіршілік сабақтары әр қырынан алынып отырып өріледі. Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі идея – адамды тіршілікпен үйлесімді өнегелі, өкінішсіз өмір сүруге дағдыландыру, баулу. Ұлы педагог ненің жайын айтқанда да құрғақ уағыз емес, жанды әрекет, қызу әңгіме, ұтымды, тапқыр шешім, ұғынықты тіл арқылы айшықтап ашады. Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті үлгілерінде бұрыннан бар алайда мұндағы негізгі мақсат көшпелі өмірдің талап-тілектері төңірегінен аса адамгершілікке, бауырмалдылыққа, адал еңбек пен әділдікке, сабырлылыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Яғни, Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез құлыққа тәрбиелеу болып келеді.

Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақты ұлы педагогына айналды. Қазақ балалар әдебиетінің атасына айналған алғашқы ұстазымыз өз туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. Ол жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуын, осы мәселе төңірегінде алғаш төл туындылар жазған ағартушы.

Бір Аллаға сиынып,

Кел,балалар оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – дей келе, Ыбырай Алтынсарин жас ұрпақты оқу- білімге шақыра отырып, білімді де жаң- жақты, саналы, ақылды, парасатты кеудесінде жастық қуаты тасып тұрған қайратты жастың жүрегі ізгі қасиеттерге толы болсын дейді. Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты. Халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен, халқымыздың дана перзенті Ыбырай Алтынсаринның әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді. Олай болса, адамгершілігі мол, салауатты жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде Ыбырай Алтынсаринның еңбектері теңдесі жоқ туындылар болып табылады.

Ыбырай балалар әдебиетіне арнап, жас өспірімдерді тәрбиелеу жолында көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. Ол өз сөзінде: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді.

Балалар әдебиеті алдымен тәрбие жұмысымен тығыз байланысты болғандықтан, ол бір жақты дамымаған. Оның әр алуан саласы, тармақтары болады. Бала тәрбиелеу – балаға өмір жолын, танытып, білім беру, сана-сезіміне қозғау салып, әр жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары да тәрбие жұмысына бағытталған дейміз.

Халықта «Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгінгі таңда адамгершілігі мол саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Алтынсарин шығармаларының пайдаланудың берері мол. Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың балаларға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин өзінің ой-пікірлерін балаға тартымды етіп жеткізу үшін күрделі салыстыруларға бара бермейді. Қайта қарапайым да көркем баяндауларға зер салып, оның бала санасына қонымды болу жағына ерекше мән береді.

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғырту кезеңінде тұрмыз. Әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Яғни Ыбырай Алтынсаринның ұлы, сара жолын әлі де жалғастырып келеміз. Білім беру саласындағы реформалар, әлбетте жаңалықтар, оны тәжірибеге енгізу, оның нәтижесін, қорытындысын шығару үшін жылдар керек болады. Ыбырай атамыздың салып кеткен жаңа мектебінде жаңаша оқыту түрі енгізілді. Ондағы әр бала жеке тұлға ретінде қабылданады.

Тәрбиеші өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, өз практикасында қолданған әрбір тәрбиеші өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Жаңа педагогикалық техналогиялар баланың білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы тәрбиеші өз-іс тәжірибесін байытып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алады.

Мен өз тәжірибемде Көркем әдебиеті оқу қызметінде берілетін әңгімелері үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейтінін, Мысалы: "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға кейіпкерлерді сахналау арқылы өздеріндей кішкентай жәндіктердің еңбекқор екендігін ұғындыру.

"Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды.

Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. «Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби қойылым өткіздім. Ал балалар аз ғұмырында біздерге зор құнды дүниелер қалдырған ұстазға деген сүйіспеншіліктерін бойларындағы өнерлерімен көрсетті. Құрашұлы Ясин «Кел, балалар оқылық!», Молдабай Ұлжан «Өзен » өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқып жүрекке жеткізсе, бірі «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» және «Әке мен бала» әңгімелерінен сахналық қойылымды шеберлікпен орындап, көрермендердің көңілінен шықты. Ең бастысы балалардың рухани азық алғанына қуандым. Балаларымның тілі жатық,сөздік қорлары кеңейіп,мәнерлеп оқуға дағдыланды. Мектепте өткен Ы.Алтынсарин атамызға арналған апталықта белсенділік танытып марапатқа ие болды.

Балаларды өнер-білімге, оқуға, ұлы орыс халқының озық мәдениетімен үлгі-өнеге шақыруымен қатар, Ыбырай Алтынсарин отырықшылық тұрмыстың артықшылығын, белгілі бір мекен болудың жақсы жақтарын түсіндіруді мақсат етті. Жер, қолөнер кәсіптерімен айналысудың пайдалы жақтарын айтты. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған қай шығармасын алсақ та, одан да жас өспірімдерге үлгі-өнеге берерлік, болашығына жол сілтерлік, оларға өмір таныталық және іс-әрекетке үйретелік мол дүниенің есігі ашылғандай болды.

Алдымдағы шәкірттерді бірінші рухани адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу барысында ұстаздың бала тәрбиесіндегі ұстанымдарына сүйенемін. «Өнер – бұлақ, білім – шырақ» деп халық даналығы айтқандай, шәкірттеріміз осы өнер мен білімді бойларына сіңіріп, болашақтары жарқын болсын.

Ұстаздың түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Яғни, көзі ашық, көкірегі ояу жастар ақиқатты танып, өмірде өз орындарын адаспай табады деп ойлаймын. Осы мақсатты көздеген Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам болса, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратып, ақиқатты таныған ұлы ұстаз деп ойлаймын. Қорыта айтсақ: Қазіргі уақытта білім берудің аясы кеңейіп, дидактикалық жаңа бағыттар пайда болып, оқыту мазмұны мен әдісі өзгеріп,жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы –бүгін қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтиже де соншалықты жемісті болмақ.













Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым,

2.Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар .- Алматы

3. «Кел, балалар оқылық» Ы.Алтынсарин Алматыкіта

4. Интернет сайт материалдары.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!