жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Дарынды баламен жұмыс
Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары
«Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» К. Д. Ушинский.
Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс- әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз .
Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептің мұғалімдері өздерін «дарынды оқытушылар » ретінде көрсетуі тиіс (Eyre and Lowe). МАН 72-бет.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасап, олармен тыңғылықты бір нәтижеге жету үшін ең алдымен алға қарай дамыту жұмыстарын жасау керек. Баланың шығармашылық қабілетін ашу арқылы, оны салауатты өмір салтын сақтайтын, ұлтжанды, қоғам талабына сай,шығармашылық қабілеті мол, мәдениетті тұлға қалыптастыруға болады. Дарындылықтың табиғаты шексіз әлем. Зерттеушілік, қызығушылық, ізденушілік – балаға тән құбылыс. Білуге деген құштарлық , бақылауға талпынып тырысушылық, тәжірибеден өткізуге және ол туралы мәліметтер жинап, қызығушылық таныту сияқты қасиеттер балаға тән мінез деп айтсақ әсте қателеспесіміз анық. Балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің бір- біріне деген ынтымақтастығы қажет. Биік танымдық қабілет, тұрмыс –тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындай бастайды екен. Сондықтан да баланы бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Олай болса, баланың қызығушылығы мен ізденпаздығын арттыра отырып, өз ойлаған арман- мақсаттарына қол жеткізу үшін қабілеттерінің ашылуына көмектесуіміз керек.
-
Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
-
Сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,қызығушылығын жоймау.
-
Өзін- өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы қабілеттерді мойындауы және оны әрі қарай дамыту керек. Бұрынғы дәстүрлі сабақ пен қазіргі біздің өтіп жатқан сындарлы оқыту бағдарламасын салыстыруға келмейді. Мұғалім түсіндіреді, тыңдайды, бағалайды.Оған кедергі келтірмей,тып- тыныш тыңдау керек. Одан әрі қарай өмір сүру дайындығы қалай болмақ. Ол сол күйінде жаттанды түрде қалып қояды да, болашақта іске асыруға деген еш мүмкіншілігі болмайды.
Ал, ендігі жағдайда айтар болсақ,мұғалім барлығын өзі айтуға және өз білімін таңғалдыруға тырыспайды. Барлығын біліп тұрса да оқушының өз еркімен ізденіп, талпынғанын қалайды. Оқушы алдына проблема тастап, ойлаудың түрлі жолдарын ашады. Бағдар беріп,алға қарай жетектейді. Осыдан барып оқушы білім мен ғылымға қызыға қарап, проблеманы шешуге бел буады. Ізденіс пен қызығушылық ұштасқанда барып, нағыз білімді, өз ойын ашық айта алатын немесе еркін жеткізуге деген батылдығы бар оқушылар қалыптаса бастайды.Осы мысалдармен – ақ сындарлы оқыту бағдарламасының дарынды оқушылармен жұмыс жасауда үлкен нәтижеге қол жеткізеріне сенім мол. Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай- ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік тұрғыдан дарынды балалардың өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойларын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақытты қажет ететініне мысалдар да бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. МАН 73-бет.
Осы мұғалілімге арналған нұсқаулықта айтылған бір ауыз сөз астарынан мен өз тәжірибемде көптеген оқушыларды тани бастадым. Бір оқушы бір жағынан епсіз болса, басқа бір жағынан өзінің жақсы бір қабілетін көрсете алатындығына анық көзім жетті. Мысалы, алтыншы сынып оқушысы Н.А. есімді қыз бала сабаққа деген қызығушылығы төмен болғанымен, сурет салумен қыздардың шаштарына әдемі етіп түрлендіріп шаш үлгісін жасауда алдына жан салмай өте бір қызығушылықпен орындағанын байқамасқа шараң болмас еді. Және де сол қолымен жазатын С.А. есімді ер баланың суретті өз қиялынан шебер салып шығуы оның ойлау қабілетінің ұшқыр екенін, яғни сол қабілетін қағаз бетіне шебер орындау арқылы айқындала түсті. Спортқа, биге, өлең оқу мен кесте тоқуға да ерекше көзге түсетін оқушылар аз емес.
«Талант деп аталатын ерекше қасиет басқалар көре , аңғара алмайтын құбылыстарды көре алмайды» деген Л.Н.Толстойдың сөзі көңілге қонарлық . Дарында бала өзінің қабілетін, күш- қуатын,бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді. Бірақ осы бір бала бойындағы көріне алмай бұйығып жатқан қабілеттің ашылуына кішкене де болса септігін тигізер ол ұстаздар қауымы мен ата- аналардың қамқорлығы , жылулығы.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан сұрақтар сарнап тұрары сөзсіз «Дарындылық дегеніміз не», «Оны қалай анықтауға болады», «Кей балаға ерте,неге кейбір балаға ересек шағында беріледі». Осы бір сан сұрақтың жауабына үңіле білген ұстаз ғана дарынды оқушыны жақсы оқитын оқушы деп ойлаймыз. Алайда , белгілі ағылшын психологы Торранстың зерттеулерінде қисынсыз көп сұрақтар қойып, тәуелсіз, түсінбеушілік туғызатын, нашар оқитын оқушылар арасында да ерекше дарын иелері болатынын анықтаған. Оған дәлел ретінде тақырыптың алдыңғы легінде айтылды. Дарынды бала мұғалімдердің қайталау әдісі мен тәуелділіктен тез жалығып кетеді.
Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің бағыт- бағдарына байланысты талаптар:
-
Дарынды оқушымның ата-анасыментығыз байланыс орнату;
-
Оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым- қатыныста болу;
-
Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс- тәсілдерді талмай іздену;
Дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің біліміне мынадай қағидаттар қажет:
-
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды білуі;
-
Дарынды оқушыны оқытуына ғана көңіл бөлмей, өзінің сабақ беретін пәнін жоғары деңгейде білуі;
-
Жеке тұлға теориясы, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
-
Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі, қызығушылығын арттыратын ойындар ұйымдастыра алу.
Дарынды оқушылардың қабілетін аша түсу үшін ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуға жетекшілік жасау әрбір ұстаздың парызы. Осыдан барып түрлі сайыстармен олимпиадаларға дайындап , биік шыңдарға көтеріле беруіне ықпалы зор болмақ.
«Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп Абай атамыз айтқандай,алдағы уақытта да оқушыларға мектеп бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, олардың сапалы білім алып, өз бойларындағы қабілеттерін көрсете алатындай етіп, көлемді тың тапсырмалармен жұмыс жасай отырып,зерттеу әдістері арқылы олардың қызығушығын айқындайтын нәтижелерге қол жеткізетініме сенімім мол . Болашақ- білімді жастардың қолында!
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Мұғалімге арналған нұсқаулық», ІІІ базалық деңгей.
«Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы,2009жыл, наурыз .
«Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы», 2010 жыл.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген