Баяндама "Дарынды оқушылармен жұмыс. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс тәсілдері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Дарынды оқушылармен жұмыс. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада дарынды оқушыларды қалай анықтау керектігі айтылады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері бар. Олар мысалға сабақта түрлі тапсырмалар орындату.
Материалдың қысқаша нұсқасы









Shape1





Тақырыбы:

«Дарынды оқушылармен жұмыс. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс тәсілдері»



Оқыған: Беловодское орта мектебінің

ағылшын тілі мұғалімі

Батырбекова Д.К.





2017-2018 оқу жылы

Меніңше, ұстаз болу – үлкен өнер,себебі баланы оқыту,шәкіртті тәрбиелеу, баланың шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар мұғалімнің ұстанымы, көзқарасы, шешімі, іс-әрекеті болу керек деп ойлаймын.  Сондықтан да мен мұғалім екенімді мақтан тұтамын. Менің ұстаздық өтілім- 7 жыл. Өмірлік ұраным: “Іздеген - мақсатына жетер”.

Қолданатын технологиялар : компьютерлік,модульдік,дамыта оқыту, ойын технологияларының элементтері, коммуникативтік әдістер. Мен сабақтарымда тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелеген қасиеттерін, жазбаша мен ауызша ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіре отырамын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін жұмыстарды атқарамын. Оқушының бұрынғы білімін жаңа ақпараттармен ұштастыра отырып, пікір айта алатындай етіп жоспарлауды мақсат етемін. Яғни, менің алдыма қойған мақсатым:

- дарынды баланы олимпиадаға және ғылыми жобаға жақсы дайындау, мақсатыма жету үшін келесі тұжырымдаманы басшылыққа алдым:

Әр оқушымның білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін айқындау.

Олимпиадаға қатыса алатын оқушымның бойындағы жетістіктерін, кемшіліктерін қабылдау.

Шәкірттеріме қиындықтарды жеңуге және кемшіліктерден арылуға көмектесу.

Әр мұғалім әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, тиімді пайдаланғанда ғана мақсатқа жете алады деген ойдамын. Сондықтан олимпиадаға дайындық сабақтарымда мен мынандай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн деп есептеймін. 

Ал, мен оқушымның тілін қалай дамытып, сөздік қорын қалай молайту үшін тілді жиі қолдану керек. Мысалы:ағылшын тіліндегі шығармаларды көп оқу, мәтінді аудару, мазмұндау, оған жоспар құра білу, практикалық тапсырмаларды орындау.

Ауызша- мәтінмен, сөздікпен, диалог, монолог, сұрақ, суретпен, өлең жаттау, сөздік жаттау жұмыстары.

Жазбаша- жаттығулар орындау, суретпен жұмыс, диктант, сөздік диктант, шығарма ,эссе жазу,тестпен жұмыс. 

Сондай-ақ оқушылардың психологиялық дайындық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға да көп көңіл бөлемін, ортақ мақсатымызды нақты көрсетемін.    Ағылшын тілі пәнінен дарынды балаларды қабілетін зерттеу барысында бастауыш мектепте-ақ байқауға болады..

            Дарынды балалардың белгілері:

- көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады, 1-сыныпта оқитын оқушының бұрын оқымаса да әжептәуір ағылшын тілінен сөздік қоры болады. Мысалы.: онға дейін санау, отбасы мүшелерінің атауларын т.б біліп келеді. Осы білімін ары қарай қызығушылығымен алып кететін дарынды оқушылар болады.

- Дарынды оқушылардың шет тілінен өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың және ғылыми конфференциялардың өткізілуі;

- Тілді    оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын, сөздік қорын дамытатын, ауызекі еркін сөйлеуге және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

- Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс ағылшын тіліне деген ынтасын ашуға сабақ барысында мүмкіндік туғызу.

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, олимпиада мен ғылыми конференцияларға ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге тырысамын:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.



Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 

Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеу

Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бұл мүмкіндіктерді біз көбінесе пән олимпиадалар мен ғылыми конференцияларда көре аламыз. Белгілі бір жетістіктерге жету үшін алдымен оған үлкен дайындықты, тиімді жоспарлауды қажет етеді. Оқушы дайындап, дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ал бұл жетістіктерге шығармашылық қабілеті дамыған нағыз дарындар қол жеткізе алады.

Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолданамын. Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты

«Қосымшасын тап». Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.

Omar…. Asel were watch…TV…8 o’clock. My friend came home…9 o’ clock yesterday evening. His mother was cook the kitchen.

«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.

«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.

«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

«Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?

«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

«Сөздердің антонимдерін тап».

Sly-naive fast-slow

Greedy-kind clever-silly

Cowardly- brave strong-weak

Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.

Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп:

1. Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі.

2. Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.

3. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.

4. Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жүргізілу мүмкіндігі.

Осы тапсырмаларды орындау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

Жеке тұлға өз жұмысының нәтижесін көре алады;

Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;

Ой-өрісі дамиды;

Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады. Осы тәсілдерді тиімді қолдану арқылы әсіресе олимпиадаларда үлкен жетістіктерге жете аламыз.

Сонымен қатар олимпиадаларда жетістікке жету үшін грамматикалық білімінің маңызы зор. Грамматикалық білімдерін жетілдіру мақсатында қосымша сабақтар өтікіземін. Сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдаланмын.

факультатив;

үйірме жұмысы;

уақытша топтарды жасау;

өз-өзіннің білімін көтеру;

пән апталықтарын өткізу;

ғылыми-практикалық конференциялар;

олимпиадалар;

Осы қосымша жұмыс түрлері оқушының дамуына ықпалы өте зор. Осы жұмыстар тиянақты атқарылу үшін алдын-ала мынадай жоспар құрамын.

Қыркүйек

1-2 Дарынды оқушыларды байқап, тізімін жасау 

3-4 Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсат-міндеттерін, бағыттарын анықтау

Қазан

1-2 Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын анықтау. Оқушылардың ғылымға деген көзқарасын білу

3-4 Олимпиадаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру

Ғылыми жобаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру

Қараша

1-2 Ағылшын тілінен ережелерді еске түсіру, тапсырмалар орындау

Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет 

Ғылыми жоба түрлері

3-4 Мектепшілік олимпиадаларға қатысу

Ғылыми жоба құрылымы

Желтоқсан

1-2 Аудирование арқылы ауызша тапсырмалар.

Кітапхана, интернет, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс 

Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау

3-4 Ағылшын тілінен ізденіс жұмыстары

Жазбаша тапсырмалар орындау, қатемен жұмыс жасау 

Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру

Қаңтар

1-2 Аудандық олимпиадаларға қатысу

Әдебиеттермен жұмыс

Қорыта айтқанда, олимпиада, дарынды оқушылармен жұмыс жасау арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. Біздің ойымызша сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмаларға қызыға қарайды, табыспен меңгере алады. Осындай жұмыстарды меңгергенде ғана дарынды оқушылар, білімді 90% дәрежеде өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мәніндегі шығармашылық дәрежеге көтеріле алатын дарынды шәкірт бола алады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011ж. 32 бет

2. Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011ж 24 бет

3. Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж. 38 бет

4. Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет

5. Джамилова Г. «Обучение английскому языку через образное представление материала» Инастрынный язык в школе 6.2007ж

жұмыстарының түрлері» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 43-бет

8. Жексенбаева Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»

9. Қараев Ж. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы»

10. Рамазанова Н. «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың»

11. Сарузенова Ғ «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту» [электронник ресурс] адрес http://www.baiandama

12. Слямжанова У. «Орта буын оқушыларының ағылшын тілі сабағында шығырмашылық пен ізденіс қабілеттірін дамыту жолдары» [электронник ресурс] адрес http://www.baiandama

13. Сураншиева Н. «оқушының өзіндік жұмысындағы грамматикалық ойындар рөлі» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 44-бет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі