«Діни экстремизм мен
терроризм»
«Діни экстремизм мен
терроризм» Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық мәден және
рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм
ХХІ ғ. Ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Терролық
актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе
түсуде.
«Экстрмизм» термині сөзбе-сөз
(лат. Extremus-шеткі) шектен тыс көзқарастар
мен ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде
анықталды. Экстремизм – әруақытта әр қалай көрініс беретін өте
күрделі құбылыс. Ал «терроризм» ұғымына қатысты көптегене
анықтамалар мен түсніктемелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ
анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық- зомбылық»,
кінәсіз адамдарға «қорқыныш үрей туғызушылық кесір тигізуі» сияқты
басты белгілерін айқындай кетуге болады.
Қазірге кезде діни
фундементализм мен лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса
түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық
мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті. «Қазақстанда терроризм
сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық
терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен
аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен
ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп
ойдн шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» 2001 ж 11
қыркүйектегі АҚШ-тағы болған терролық акт жаңаша сипат
алып,терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа
кезеңіне негіз болды. Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін
атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік
негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты
экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс
емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі
лаңкестік әрекеттерінің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни
көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше
. Өйткені ол осы, кездегі діни экстремизм мен терроризмнің
жәрдемдеседі.
Екіншіден қазіргі кезде
Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда
негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи
ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық әрі Азиялық
мемлекет.Орталық Азиядағы діни экстремизм мен террозимнің
Қазақстанға тигізер ықпалы қандай Ауғанстандағы Талибандарға
Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергінімен ортаазиялық мемлектерге діни
экстремизм қауіп сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік
ұйымдардың ұялары сақталған. Үшіншіден астам державалар тарапынан
лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу
себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда.
Олай болса «діни экстремизм , исламдық терроризм» турлы әлемдік
ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда, біздіңше, ғылыми
дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басым.
Төртіншіден еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол
ашылды. Көп жыл кеңес тергеуінін көрген мұсылман қауымы Құран
–Кәрімде еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын,
оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын уағыздайтын тәуелсіз
басқарма.
Иә, жас ұрпаққа рухани тәрбие
беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдайды жасадық деп айта
алмаймыз.