Дуалдық жүйе
Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуалдық жүйені кәсіптік білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.
Елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үрдісіне дуальдық оқыту жүйесiн ендіруді қолға алуды тапсырған болатын. 2014 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуалдьдык, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруа керектігін басып айтты.
Дуальдық оқыту жүйесінің түпкі мақсаты - жас ұрпақты болашақ өмірге толық дайындау. Жақсы дайындықтан өткен студент өзін шығармашылық немесе тағы да басқа жақтарынан көрсете отырып, интеллектуалды немесе жұмысшы мамандығына жататын еңбекпен айналысса да өз таңдауымен өмір сүретін қоғамның белгілі бір бөлігін құрайды.
Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.
Қазіргі кезеңде кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік нақты білім беру мекемелерінің жұмыс берушілермен, жергілікті атқарушы үкімет, еңбекпен қамту қызметтерімен, қоғамдық ұйымдармен жастардың кәсіби қалыптасу, олардың аймақтық еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттесуінің ерекше түрі болып табылады. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-қатынасқа қатысушылар мемлекет, өндіріс, кәсіптік және техникалық оқу орны болып табылады. Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесінде әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның қос бағытты білім беру – дуалдық жүйесі кеңінен қанат жаюда.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері тұр. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» да нақты көрсетілген. Жоғары білім жүйесінің қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушылардың жалпы-білімдік және кәсіби даярлық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - осы заман талабына сай білімді, білікті және компьютерді еркін түрде меңгере алатын мамандарды дайындау.
«Озық индустриялы елдерде –
Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы кадрларды
даярлаудың дуалдық жүйесі өзін жақсы жағынан
көрсетті. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен
енгізу қажет. «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар
тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын
әзірлеуді тапсырамын.Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін
кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды» – деген Елбасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алдымызға бірқатар
жаңа міндеттер қойды.
Елімізде 600 мыңнан астам адам техникалық және кәсіптік білім
берумен қамтылған. Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің нақты жолы
- жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу болып
табылады. Бұл мәселе жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы арқылы өріс
алып келеді.
ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені енгізген «Қазақмыс», «Кегок», «Самұрық-Қазына» сынды компанияларды атап өтті.
Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты:
-біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр;
-екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау;
-үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы;
-төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.
Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады.
Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде дуалдық оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі артықшылықтарды айқындайды:
-дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін – теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
-дуалдық жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасап жатыр. Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;
-жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
-жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады.
Дуалдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді. Дуалдық жүйеде тараптардың қарым - қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.
Бұл үшін ең алдымен Елбасы Жолдауында көрсетілген алғашқы екі бағыт соңына дейін қарастырылуы қажет. Мұның біріншісі, ел ішіндегі жұмыссыздықпен күресу. Жұмыссыздық мәселесі еліміздің, қоғамның ілгері дамуына өзінің теріс әсерін тигізбей қалмайды. Бүгінде тұрақты жұмысы, меншікті баспанасы және мамандығы жоқ үлкен әлеуметтік топ пайда бола бастады. Екінші бағыт өз тамырын осы аталған бірінші бағыттан тарта алады . Өйткені, баспанасы жоқ жанның әлеуметтік көңіл-күйі де, мемлекет болашағына деген сенімі де жоғары бола қоймайды.
Дуалдық оқыту жүйесіне еліміздің 100 колледжі енгізіледі. Қазіргі кезде қалаларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда, еліміздің 100-ден астам колледждерінде ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және кен өндірісі салаларындағы кадрларды дуалдық білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр. Биыл Астанадағы 10-нан астам кәсіпорынның білікті кадрлар дайындап шығаруға қатысуына мүмкіндік береді. Ал республика көлемінде 120-дан астам мамандық бойынша жаңа кадрлардың 70 пайыздық өндірістік тәжірибеден өте жүріп білім алуына жол ашылады.
Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.
Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды . Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.
Дуалдық оқыту жүйесіне көшудегі шешілмей тұрған проблемалар:
-өндірістік тәжірибеден өту тетіктері заңдастырылмаған, жұмыс берушілерді бұл үрдіске қызықтыру қаралмаған, ең басты мәселені практикаға студенттерді қабылдауға мекемелердің құлқын (мотивация) арттыруды шеше алмай отырмыз;
-колледж студенттері үшін қандай да бір практиканы ұйымдастыру толығымен оқу орны басшыларына жүктеледі.
Дуалды жүйемен оқытудың жетістігі:
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа
орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен
тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын
игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ
жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын
маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады.
Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген
жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен
жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға»
принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан
гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы
қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде
шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға
берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады.
Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы,
өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана
теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп,
заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды,
себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан
оқушы оны күнделікті көріп,
игереді.
Дуалды оқыту жүйесін енгізудегі қиындықтарды ескере отырып, төмендегідей ұсыныстар білдіремін:
-Дуалды оқыту жүйесіндегі студенттердің тамақтануына, жолақысына, арнайы киімдері үшін қаражат бөлу;
-Кооперативтік оқыту аясында жұмысшы мамандықтары бойынша бірыңғай үлгідегі сертификат;
-Кооперативтік оқыту бойынша деңгейіне сәйкес бірыңғай әдістемелік нұсқаулықтар дайындау;
-Шетелдегідей мектеп түлектері мен оқушылар болашақ мамандығына деген сұраныс туралы өзіне қажетті ақпарат алу үшін кәсіптік бағдар беретін арнайы орталықтар құру.
Дуалды жүйені оқыту кезінде оқу орындары өздеріне серіктес табуы керек.Алайда қазіргі кезде өндіріс орындарының бәрі жеке меншіктің қолында. Жеке меншіктің қолында болғандықтан практикаға баратын студенттерді толық деңгейде оқыта алмайды.Теориялық білімді 40% ға ал тәжірибені 60% ға өсіру қажет. Ол үшін өндіріс орындарының қызығушылығын арттырып кооперативтік оқытуға қатысушы мекемелер үшін салық көлемін төмендету қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Дуалдық жүйе"

шағым қалдыра аласыз