Баяндама "Эмперикалық зерттеу әдісі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Эмперикалық зерттеу әдісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесінде әртүрлі әдіс -тәсілдерді қолдану мақсатында теориялық білім негізіне сүйенген дұрыс болар деген оймен ұсынылып отырған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


32 мектеп-гимназия








Баяндама

Тақырыбы: "Эмперикалық зерттеу әдісі"










Дайындаған: Балымова К.Б.


















Ақтөбе 2017жыл



Эмперикалық зерттеу әдісі

Педагогика-ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың,білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып санала-тын философия негізінде дамиды.Мысалы диалектикалық материализм табиғаттың,қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарынзерттейді.Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып,педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама түрде ғана «көшіре»салмайды,ол тәрбиенің заңдылық-тарын ашады,тәрбиедегі себепті,нәтижелі байланыстарды анықтайды,тәрбиенің болашағын көрсетеді.Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан,диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыс-тарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында,қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды

талап етеді.

Методология–дүниені білу тәсілдері туралы ілім.Ғылымның методологиясы –ғылыми зерттеу әдістерін белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жерін)зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы,оған тән зерттейтін әдістері бар.Оның сипаты зерттеудің алдын-да тұрған міндеттерге байланысты.

Педагогиканың методологиясы дегеніміз-кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер,философия заңдары.Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып,оның ішінде өзіне тән әдістердә қолданады. «Даму»сөзі философияныкі.

Ғылым өз пәнін ылғи зерттеп отырмайынша дами алмайды.Педагогика ғылымы да өз өзінің күш-жігерін ,тәрбие,білім беру,оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды.

Педагогикалық зерттеу әдістері- педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері.Педагогикалық зерттеу теориялық және эмперикалық болып бөлінеді.

Теориялық әдістер:педагогикалық әдебиеттерд талдау, индукция, дедукция, жіктеу, аналогия,салыстыру.Эмперикалық әдістер:мәліметтерді жинау (бақылау,әңгімелесу,сауалнама,тест);тексеру және өлшеу(шкалалау)мәліметтерді өңдеу;математикалық,статистикалық,графикалық,кесте,баға беру әдістері,(өзін-өзі бағалау рейтингі,педагогикалық консилиум)зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент) Зерттеулерде мына әдістер пайдаланылады.

Педагогикалық бақылау.

Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.

Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады.Байқағыштық-педагогика-лық біліктіліктің көрсеткіші.

Л.Н.Толстой: «Мұғалім баланы үнемі бақылап,ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек»,-деген.

Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің катысуына байланысты.

Күрделі бақылау-зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.

Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақылап,ол туралы фактілер жиналады.

Бақылау –еңбек операциясының,іс-әрекеттің құрамдас бөлігі.Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі-зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау,оларға баға беру.Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. (Нақты пайымдау)ой елегінен өткізумен байланысты,аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс,процестердің байланысы ашылып,ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.

Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы,эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама,ашық, жабық бақылаулар болады.Бақылаудың бағдарламасы жасалып,болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.

Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады.Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі.Мысалы,бастауыш сынып оқушыларының ойындарын,жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады.Ол үшін зерттеуші нақты нұс-қаулар береді,бақылаудың табыстылығы,зерттеушінің дайындығына байланысты.

Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі-зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін,екіншісі-оқушылардың,үшіншісі-жекеленген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.

Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлерінен енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау.Мысалы,бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытта үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады.Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.

Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінез түрліше болады.

Сондықтан,бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз.Сондықтан,жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтероқиғаның толық суретін береді.

Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу.

Мысалы:сабақ,тәрбиелік іс-шара,т.б.объектілер үзіліссіз қаралады.Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады.Мысалы:бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу.

Объектілер оқушының мәдениеттілігі,ой-өрісі,мінезі,т.б.Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады.Бақылауды күнделікті дәптер түрінде жүргізген пайдалы.

Ең әуелі баланың денсаулығы ,отбасының құрамы,ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек.Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады.Жазулар хронологиялық жүргізіледі.Сабақ кезінде,үзіліс кезінде,сыныптан тыс сабақ кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ.Дегенмен ,қысқаша жазып отыру керек болады.Оқушылардың айтқан сөздерін сөзбе-сөз ,олардың сөздерін өздерінің ерекшеліктерін сақтай отырып,жазған дұрыс.

Әңгіме әдісі.Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толық-тырылады.Оның арнайы жоспары болады.Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді.Себебі,кейбір оқушылар мұғалім сұра-ғына жауап бермей,өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды.Сондықтан,әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек.Жауаптар дәптерге жазылады.Кейде оқушыға білдірмей магнитофонға жазуға болады.Әңгіме бақылау және экспериментпен ұштасса,нәтижелі болады.

Педагогикалық эксперимент-педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент-оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін,тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу.Педагогикалық эксперимент-тің негізгі міндеті-педагогикалық ықпал меноның нәтижелері арасында байланыс орнату.Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиім-ділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған алдын-ала,айтылған ой гипотеза деп аталады.

Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады.Кең көлемді,ірі эксперименттерді,ғылыми мекемелержәне білім беруді басқару органдары өткізеді.

Мысалы,ХХ ғасырдың 60-жылдарында балаға 6жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп,оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті.Нәтижелері жақсы болған соң балалар6жастан бастап білім алуға көшті.Ойдағы эксперимент-іс-әрекетті санада жасау.Жасанды жағдай-бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу.Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.

Тексеру эксперименті,ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжам-ды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады.

Мысалы, педагогикалық ғылыми зерттеу –институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың,бағдарлама-лардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді.Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін,принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.Оны жасампаз эксперимент дейді.Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы,тексеруші,нақтыландарушы деп бөлінеді.

Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі.Жасампаз,өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады.

Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.

Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу-тәрбие,басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді.

Зертханалық экспериментарқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын –ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасайды.Ол рольдік ойынға ұқсас,себебі тәжіри-бедегі керек модель тексеріліп,табиғи экспериментке енгізу үшін әзірленеді.Нәтижесінде эксперимент бағдарламасы жан-жақты түзетіліп,табиғи эксперимент-те қолдануға әзірленеді.Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие,білім беріледі.

Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері,сынып журналдары,оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары,үйірме жұмыстарының жоспарымен есеп,үйірме мүшелерінің баяндамалары,педагогикалық кеңестің хаттамалары,мектептіңжылдық есебі,мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады.Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніпзерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашып,тиісті қорытында шығаруға мүмкіншілік береді.

Оқушылардың жұмысын зерттеу.Оқушылардың жазба ,бақылау және графика-лық жұмыстары,суреттері,пәндер бойынша дәптерлері,әртүрлі тақырыптарға жа-зылған баяндамалары мен мәнжазбалары,еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.Оқушылардың жеке қабілеттерін ,оқуға жіне еңбекке көзқарасын,тәжірибелік даярлығын,мұғалім-дердіңде іс-әрекетін зерттеп,анықтауға болады.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу.Бұл әдістер әртүрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыс-тарын, олардың өлшемін,сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады.Бұл үшін әртүрлі көрсеткіштерді,мысалы,оқушының сабаққа қатысуын,алған бағаларын, мектепте таза,жинақты жүруін,т.б.белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу,тәртіпке келтіру немесе реттендіру,яғни,бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.

Педагогикалық зерттеулерде әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2864
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі