Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тургалиева Маншуктің аудандық
«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі-2018»
сайысына дайындаған шығармашылық баяндамасы
2017-2018 оқу жылы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1,5].
«Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы сан алуан. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық.
«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлік , «logos» – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминін - өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым - деп аударуға болады.
«Білім беру технологиясы» - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» - ұғымы «білім беру технологиясы» - ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» - негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға қажетті білім берумен шектелмей алған білімін керек уақытында қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет. Ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануы керек.
1 сыныпта ана тілінен «Қой.Қозы. Жуан дауыстылар» тақырыбын өткенде төмендегідей әдістерді қолдандым:
1.«Мәтін мазмұнын сатылай кешенді талдау» әдісі
Қой
Сыртқы кейпі:
Төрт түліктен ерекшелігі:
Сүйсініп жейтін шөптері:
Алынатын өнімдер:
Жүнінен жасалатын заттар:
Нәтижем: Оқушылар мәтін мазмұнын жан-жақты талдап, қой жайлы түсініктерін жинақтады.
2. «Семантикалық карта» әдісі
|
|
ашық буын |
жуан дауысты |
дауыссыз дыбыс |
бітеу буын |
қосарлы дау |
тұйық буын |
|
а |
|
+ |
|
|
|
|
|
д |
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
ю |
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
Нәтижем: Жаңа тақырыпқа байланысты әр оқушының грамматикалық тапсырмаларды орындауын меңгеру деңгейін нақты анықтай алдым.
Б
лум
таксономиясы
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныпта «Болымды және болымсыз етістік» тақырыбын өткен кезде Блум таксономиясының «Талдау» кезеңінде төмендегідей топтық жұмыстар жүргіздім:
І топ.
«Кітапханашылар»сөзін сөз құрамына талдау.
ІІ топ.
«Көктем» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
ІІІ топ.
1.Сөйлем мүшелеріне талдау
Кішіпейіл бала үлкендерді үнемі сыйлайды.
«Жинақтау» кезеңінде
І топ: Электронды оқулықпен жұмыс
ІІ топ: Тест
ІІІ топ: “Семантикалық карта” әдісі бойынша жұмыстанды.
Қол жеткізген нәтижем: Уақытты үнемдедім, оқушылар тапсырмаларды орындауға түгел қатысты.
«Бағалау» кезеңінде “Екі жақты түсіндірме күнделік” әдісін қолдандым.
|
Маңыздысы |
Түсініктеме |
|
Болымды етістік |
|
|
Болымсыз етістік |
|
|
Болымсыз етістік жасаушы жұрнақтар |
|
Нәтижесі: Оқушылар жаңа сабақ бойынша алған ақпарат
құндылығын талдай біледі.
«Бір минуттық әңгіме» әдісі
Тапсырмасы: «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жазу.
Нәтижем: Оқушылар ойын еркін жеткізуге, біріккен сөздерді ажыратуға үйренді.
«Сана туннелі» ойыны
Біріккен сөздер айта отырып,сана туннелі аркылы бір оқушы шығады
Нәтижем: Оқушылардың қызығушылығы артты, оқушылар тапсырманы орындауға түгелдей қамтылды.
«Талдау» кезеңінде топтарға тапсырмаларды төмендегіше алдым:
І топ
-
Сөз құрамына талдау.Ғарышкердің, дәріханадан.
ІІ топ
1.Математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Достық, келбет.
ІІІ топ
1.Сөйлем мүшелеріне талдау
Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр.Жанат бұған қуана келісті.
«Жинақтау»
«Кім жылдам» ойыны арқылы екі түбір сөзден біріккен сөз жасау тапсырылды.
Саңырау қосақ
Кемпір құлақ
Темір бақа
Бибі жиек
Көк гүл
Тас қазық
Нәтижесінде оқушылар біріккен сөздер екі түбір сөздердің бірігуі арқылы жасалатынын ұғынды.
«Топтық жұмыс» кезінде мынадай тапсырмалар бердім:
/Оқылған үзіндінің қай шығармадан алынғанын атап, мәтіннің бастапқы бір абзацын оқу./
І топ:
... Бір күні түс әлетінде демалып жатсам, үйге жүгіріп келіпті.
қарақаттай мөлдіреп тұратын жанары жасқа толып, әрең сөйлейді.
Құмырсқалар. К.Сегізбайұлы
ІІ топ:
... Бұл тыңдамайды. Тыңдамаған болады. Аналар жақтары талған соң, бет-бетімен тарап кетеді. Оңаша қалғанда ойлайды.
Алтын балық. Ж.Әлмашев
ІІІ топ:
... Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі қалтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі бірдей біркелкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінінен балаларға қарай ұшты?
Балмұздақ. Е.Өтетілеуов
«БІЛІМ»кезеңінде топтық жұмыстарды мына үлгіде алдым:
І топ: Оқиғаның басталуы.
ІІ топ: Балалардың әрекеті.
ІІІ топ: Мұхтарға мінездеме.
ІV топ: Оқиғаның аяқталуы.
2. “Автор орындығы” әдісін үй тапсырмасын пысықтауда қолдандым. Оқушылар М.Сүндетовтың “Қайырымдылық” мәтінінің мазмұнын орындықта отырып баяндады.
Оқушылардың қызығушылығын ояту кезінде «Жануарлар әлеміндегі айқастар» атты бейнекөрініс көрсету арқылы оқушылар қорытынды жасады.
Қол жеткізген нәтижем:Оқушылардың қызығушылықтары артты, бейнероликке байланысты өз ойларын ашық айтты.
«Қолдану» кезеңінде мынадай топтық жұмыстар жүргіздім:
І топ:
“Дөңгелек үстел ” әдісі.
Топтағы әр оқушы киік туралы өз білгендерін жазады да, келесі оқушыға жалғастырады.
ІІ топ: “Түртіп алу” әдісі арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі.
Шоқырақтау-
қарасын үзбеу-
таяқ сілтем-
діңкесі құрыған-
ІІІ топ: “Бес жолды өлең” әдісі
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Мағыналас сөз
«Бес жолды өлең» әдісі арқылы оқушылар берілген зат есім сөзге қатысты басқа сөз таптарына жататын сөздерді жазады, пәнаралық байланыс жүзеге асады.
«Бағалау» кезеңінде жаңа сабақ “Екі жақты түсіндірме күнделік” әдісі
арқылы қорытындыланды.Әр топ оқушылары өз ойларын айтты.
І топ: 1.Жабайы аңдар мен жануарлар жауынан қалай сақтанады?
ІІ топ: Теке айла таппаған болса не болар еді деп ойлайсыз?
ІІІ топ: Киік жайлы не білдік?
Білім берудің қазіргі таңдағы тиімді әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып біз: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткіземіз деген ойдамын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі"

шағым қалдыра аласыз