Қарабұтақ орта мектебі.
Баяндама
«Гуманитарлық пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»
Орындаған: гуманитарлық пәндер
бірлестігінің жетекшісі
Жаманова Анар Бекжановна.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен.
Сондықтан оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде гуманитарлық пәндердің алатын орны ерекше.
Бүгінгі қоғамның талабы оқушының пән арқылы мектептен тыс өмірде қолдана алатын құзыреттіліктерді меңгеруін қажет етуде. Осыған байланысты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінің мақсаты оқушының әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін өз қажетіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып белгіленді.
Осы жылы гуманитарлық бірлестігінің пән мұғалімдері 1-жартыжылдық бойынша ашық сабақтармен сыныптан тыс шараларға белсенді түрде араласты.
Мысалы: 7-сыныпта қазақ әдебиетінен Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі бойынша өткен сабақ құрылымы оқушылардың күнделікті өміріне жақын, олардың әр күн сайын орындайтын әрекеттеріне байланысты таңдалды.
Бұл тақырыпқа қатысты материалдар тілдік бөлім, лексика, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша сарапталды.
«топтық жұмыс» модулі бойынша стандартқа сай міндетті түрде нені білу керек? 1.Тақырыпқа сай өз сөздерімен әңгімелесу білу керек. 2. Өлеңді талдай білу керек.
Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «талдау табыс кілті», «миға шабуыл», «хат» әдістерін қолданды.
Орыс тілін, ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны басқа тілдерді оқыту әдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшін де, болашақ үшін де маңызы зор.
Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта бірлестік мұғалімдері өз сабағын Блум таксаномиясы негізінде құрастырады. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.
Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)
Пән мұғалімдері сабақта пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдері
«Балық сүйегі»
Фишбоун (балық сүйегі): басы – негізгі тақырып, жоғарғы сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары, төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті
Интернет-технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда әлеуметтік сервистер мен қызметтердің кең тарап келе жатқанын көре аламыз.
Олар:блог; твиттер; ютюб; қыстырма (закладки) т.б
Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
Қазақ тілі сабақтарының «Қызықты грамматика әлемінде», «Квест-сабақтар», «Жоба сабақтар», «Ойын сабақтар» сияқты оқу іс-әрекеттері белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы оқушылардың өз бетімен тілдерді меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол болады.
Ойын «Сиқырлы сандық».Сұрақтарды қағазға жазып, сандыққа салады. Басқа топтың оқушылары орындыққа отырып сұрақты өздері таңдап,жауап
береді(2сұрақ-4балл,1сұрақ-2балл)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық әдісін, рөлдік ойын әдісін, дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісін, сұрақ-жауап әдісін атауға болады.
Өз сабақтарымда, әсіресе 3- класта рөлдік ойын түрінде жиі өткіземін Оқушылар шағын мәтінді оқып оны рөлге бөліп образға еңіп түсінгендерін қимыл, интонация арқылы жеткізеді. Осындай сабақтарда оқушы бұрыңғы білімдеріне сүйене отырып, жаңа білімге ие болады.
Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында литературное чтение сабақтарында «Озвучка текста» атты техниканы пайдаланам, оқушы мультфильмнің дыбысын өзі айтып тұрады. Мысалы: «У лукоморья дуб зеленый...», суреттері ютубте бар. 7 класпен факультатив сабағында проектілер жасаймыз «История одного слова», «Пушкин и его сказки». Өлеңді тез жаттап алу әдісі мен 3-4 класс оқушылары бір өленді 10 минутта жаттап алады. 1. Өлең толығымен тақтада көрсетіледі, оны бірнеше рет оқиды. 2. Өлеңен бірте - бірте әр жолдан бір сөзден алынып отырылады, алынған сөзді еске түсіріп отырып оқиды. 3. Тақтада 1-2 сөз қалады оқушылар еске түсіру арқылы барлығын жатқа айтады.
Бұндай сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіруге, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпалы зор екені сөзсіз.
Өзге тілдерді оқыту барысында, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында, оқытуды ұйымдастыруда осындай сабақтар тиімді нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын.
Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі ретінде қосымша білім мен мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге, нанотехнологияларға, робот техникасына, легожобалауға және т.б. аударылады.
Гуманитарлық бірлестікте сыныптан тыс шараларының бірі факультативтік бағдарламалар Бұл сағаттардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі, ағылшын пәндеріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың пән бойынша білім, білік дағдыларын жетілдіру, оқушылардың бойында сөйлеу дағдысын, көркем сөйлеу мәнерін, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттерін дамытуды көздейді. Қазақ тілі бойынша оқушылар арасында жобалар сайысы, шығарма жазу, өлең оқу, жыр мүшәйрасы өткізіліп тұрады, оқушылар белсенді түрде қатысып, облыста өткен кезеңдерінен жүлделі орынға ие болды. Орыс тілі мен ағылшын тілінен өткен мектепішілік сайыс сабақтарға, сыныптан тыс шараларға халықаралық сырттай сайыстарына қызығушылықпен қатысады.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн. Сөзімді қорыта келе, Марк Туллий Цицеронның «Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек» деген қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым, Астана, Үкімет Үйі.

Наурыз 2016 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Гуманитарлық пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»

шағым қалдыра аласыз