Материалдар / Баяндама "ХХІ ғасыр білімі қандай болуы керек?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "ХХІ ғасыр білімі қандай болуы керек?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
3742
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Баяндама

Тақырыбы:

«ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ...»












Дайындаған: Жарқынбаева Гулзира Тынысбекқызы








Мақтаарал 2016 жыл




Баяндама тақырыбы: «ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ...»



Баяндама құрылымы:


І..Кіріспе

ХХІ ғасыр білімі қандай болуы керек?


ІІ.Негізгі бөлім

1.Жаңа бағдарламаның түйінді идеялары мен көзқарастар

2.ХХІ ғасыр мұғалімінің міндеті –баланы өмір сүруге

үйрету


ІІІ. Қорытынды

Өмір бойы азық боларлықтай білім беру

























Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.


Н.Ә.Назарбаев.

Кіріспе

ХХІ ғасырда біздің еліміз жаһандану процесіне көшуде.Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімділігі мен біліктілігі негізгі роль атқарады.Білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды дұрыс пайдалана білудің өзі сауаттылық және өзекті мәселеге айналуда. Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда.Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Халық пен халықты теңестіретін-білім»-деп,атап көрсеткеніндей,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу керек. Әсіресе Қазақстанда білім жүйесіне жаңашылдық енгізіліп, мектепте білім беру жүйесі жаңартылып, ұйымдық-құқықтық құрылымдарға түзетулер енгізілуде.

Қасиетті Құран-и-Кәрімнің өзінде айтылғандай, Алла-Тағала топырақтан жаралған Адам-Атаны оттан жаралған періштелерден жоғары қою және бар періштелерді оған бас идіреді. Ол үшін Жаббар Иеміз Адам-Атаны барлық жаратылғанның аттарына (атауларына), яғни бар білімге үйретеді. Осы білім арқылы Адам-Атаның мәртебесі өзінен анағұрлым ертерек жаратылған періштелерден бірқыдыру биік болған.[.Асхат Әлімов.11-бет]

Жаңа бағдарламаның түйінді идеялары мен көзқарастар

Білімнің құдыреттілігіне қарай отырып, XXI ғасырда білім жүйесі қандай болу керек? деген сұрақ туындайды. Білімге тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Бұрынғы тар мағынадағы «біліктілік» термині енді «құзырлылық» ұғымымен алмастырылған. Ал бұл дегеніңіз оқушының кең ауқымды контекст аумағында (рухани-моральдік, философиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, т.б) оқып-үйреніп, өмірдің көлденең тартқан қандай да болмасын проблемаларын шешуге құзырлы болуы керек дегенді білдіреді. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға оқушыларды белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады.[А.Әлімов.6 бет] Қалай десек те білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:

1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?).

2. Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?).

3. Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?).

Басқаша сөзбен айтқанда, білім шәкірттің басында сонау жаратылыс кезінде орналасқан, алайда бұл дүниеге пәк күйінде келген шәкірт оны білмейді, сондықтан да адам психикасының тұңғиығында беймәлім күйде жатқан білімді сананың бетіне «суырып алу» керек. Ал оны кім және қалай суыруға болады? Өз басындағы білімді үйренушінің өзі «суырып алуы» керек, ал ұстаз осындай «суырып алуға» жағдай жасап, шәкіртіне жәрдем беруі керек, мәселен «еске түсіруді» жеңілдететін, ынталандыратын сұрақтар қою арқылы.Сондықтан да болар ғұлама философ Сократ өз шәкірттерін ешқашан да үйретпеген, оның орнына оларға тек сұрақтар ғана қойып отырған (атақты маевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып, шәкірттері өз бойларында әу бастан қалыптасқан, бірақ ұмыт болып қалған білімді есіне түсіріп, бастарынан «суырып» алғандай болған. Бірде тіпті Сократ сұрақ қою арқылы қол өнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-13 жасар көмекшісінің өздігімен Фалестің теоремасын («теңбүйірлі үшбұрыштың табанының бұрыштары бірдей болады») құрастыруына себепкер болған дейді аңыз...Дәстүрлі сабақтарда: «Мен айтып берсем – оқушы түсінеді» деген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады. Алайда сөздің нәтижелігі шамалы: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын» (Конфуций). Бұнда мәселе тек қана ұстаздың білім беру әдістеріне келіп тіреліп тұрған жоқ сияқты. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» немесе «Жетектеген ит қораға үрмейді» деген аталы ұғымдары осындай жәйтті меңземей ме? Көне қытай нақылы да осындай идеяны білдіреді: «Аш адамға балық берме, қармақ бер!»

Көне заман философтарының бірі «Адамның табиғи қасиеті есте сақтау емес - ұмыту» деген екен. Шынымен-ақ, біз тіпті де есімізде көп нәрсе ұстай алмаймыз-ау. Әсіресе мәлімет пен мағлұматтарды. Сенбесеңіз, мектепте оқыған, бір кезде жаттап алғандарымыз қазір қайда кетті? Елімізге танымал педагог-ғалым Немеребай Нұрахметов бірде былай деп еді: «Мен химия ғылымдарының докторымын, профессормын, академикпін. Маған бұл ғылыми лауазымдар өзімді аз да болса білімді адам деп санауға құқық береді. Ал менің білетінім қаншама? Химия ғылымында бес миллионнан астам атау мен құбылыстар бар, ал мен солардың ары кетсе екі мыңын ғана білетін шығармын»деген.

Өмір сүруге, адам және тұлға болуға үйрену/үйрету

Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль, немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру – адамның ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктеріңмен, мүшелеріңмен сезіну: дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан-жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?!

Сондықтан да шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өзіндік көзқарасы бар тұлға болуы керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру, «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді емес пе?!

Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы ғана. Ал егерде оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе пәнді білмесе, бұл қынжылуға тұрарлықтай жәйт емес, өйткені мұндай жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт оқу нәтижесінде қандай да болмасын пәнді біліп емес, адам болып қалыптасуы керек.

Жан-Жак Руссо ХVІІІ ғасырда «Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ» деп налып айтқан екен. Шынымен-ақ бүгінде қолында бірнеше дипломы бар мамандар жыртылып-айырылып жатыр да, ал тұлғалар тапшы емес пе?.Өз алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу,адам тәрбиелеу. Жаңа бағдарламаның түйінді идеялары Дональд Шонның рефлексиялаушы практигі қазақ ғұламасы Абайдың 17 –ші қара сөзінде:«Жүрекке де айна керек.Күніне бір мәрте немесе аптасына тым болмаса айына өз-өзіңнен есеп ал...Көкіректе сәулесі жоқтың,көңілде сенімі жоқ».Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) Ұлы Абайдың 19-ші қара сөзінде: «Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,соны адам десе болады.»деген ойларымен мағыналас.Ал ХХІ ғасырда экономикалық бәсекелестік заманы болғандықтан адам өзін-өзі дамытып отыру керек екенін естен шығармауымыз керек.Әлем өзгеріп жатса, бізге неге өзгермеске?Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекші» деп аталған қасиеттері болған жағдайда ғана оқыту табысты болады.Біздің ұлы Абайдың ХІХ ғасырдың өзінде-ақ «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек»деп атап көрсеткен қасиеттерінің өзі біздің қазағымыздың әу бастан-ақ ұстаздың тұжырымды пікірі мен ұстанымы қалыптасқан жандар екендігін ашып көрсеткен. Тарихшы-өткенге қарайды,саясаткер-бүгінгіні саралайды,ал мұғалім-болашақты болжайды.

Мұғалім – мектептің жүрегі.. ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек. 
Сонымен, ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? 
Тәуекелшіл,психолог,білікті педагог, көшбасшы,ең бірінші өзіне сенімді. 
Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес. 
ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса, онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің,бір елдің абыройы болар еді. 
Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелл
игентті тұлға болуы керек. Бала көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды. Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбек. Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогикамен әдістемемен хабардар,оқыта білетін мұғалім.Екінші-оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы да ыңғайлы болуы.Үшінші-мектепке керекті бағдарлама. Сабақты сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетік білуі тиіс. Сонымен қатар мұғалім педагогика,психология әдістемелеріне сүйенеді.Психология мен теорияның бірігуі «біртұтас әдіс»деп аталады.Қазір оқытудың әдістері өте көп. Мұғалімнің шеберлігі өзіне қолайлы деген әдісті ұтымды қолдана білуінде.Қазіргі таңда ұстаздарға тренерлік жасай отырып,ойым жүйеленуде.Орыс жазушысы Л.Толстой: «Жақсы дерлік те,жаман дерлік те бір әдіс жоқ.Олқылықтың белгісі-бір ғана әдісті болуы,шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу,орнында жоқ әдісті табу да қолынан келуі. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші және көп әдісті меңгерген жан болуы керек.Сонымен оқыту әдісін түрлендіру оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін туғызады. Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Қазіргі заман мұғалімі «мұғалім-фасилитатор» және «мұғалім-челленджер» рөлдерінде болу керек.Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты- қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып, ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Әр сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың амандасуын, психологиялық-эмоционалдық дайындық сәтін өткізіп, олардың жан-дүниесіне үңілу арқылы сабаққа қатысуға баланың дайындығына бақылау жасап аламын. Өйткені мұғалім мен оқушылардың арасында өзара түсіністік, мейірімділік қарым-қатынас орнату сабақтың жемісті өтуінің басты кепілі. Ынтымақтастық орнату мақсатында тренингтер ұйымдастырамын. Бұл тренингте оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді.

 Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Олар көбінесе жұптық,топтық жұмыстар, бірігіп постерлер жасау арқылы креативті ой қалыптаса бастайды.Оқушылар бір- бірімен араласа отырып,сөйлеуге үйренеді, бір-біріне ықпал етеді. Осындай арнайы курстар мені жаңашыл мұғалім болуға, өз тәжірибеме үнемі сараптама жасап, өзгерістер енгізуге ынталандырды. Әр сабақ сайын ойың жаңарады, жаңа идеялар пайда болады, жаңа жобаларға ұмтыласың. Бала жаны жаңалыққа құмар, белгісіз нәрселерді ашуға тырысатындықтан, олардың талпынысын дамытуға көп көңіл бөлемін. Баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы – пәнді оқытуда тиімді тәсілдер арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады. Сабақ барысында мұғалім аз сөйлеп, ал оқушылар көп сөйлеуге (сұрақ қою, мысал келтіру, ой бөлісу, достарының жауабының дұрыс-қатесін дәлелдеу т.б.) дағдылануы тиіс. Мұғалім берген тапсырманы орындауға, сұраққа жауап беруге топпен ақылдасу арқылы оқушылардың барлығы қатысады, белсенділігі мен жауапкершілігі артады. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Біз бұрын таланты,дарынды оқушы деп тек 5-ке ғана оқитын оқушыларды танумен болатынбыз. Енді менің түсінігім, кез келген оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, әр балаға қарай жұмыс жасасақ, «жеке тұлға »суырылып шығады екен. Нәтижесінде:

-Барлық оқушылар сабаққа өте белсенді қатысады;

-Барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;

-Жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;

- Ең бастысы олар бір-біріне әсер етеді, бір-бірінен үйренеді;

- Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады;

- Жүйелі сұрақтар қоюға, сұхбаттасуға дағдыланады;

- Сабақ өте қызықты өтеді.










Қорытынды

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Жаратушының адам мен адамзат қоғамы алдына қойған ең басты мақсаты - осы сынды өгейсіну мен жатсынуды жеңу, жоққа шығару сияқты. Сонда ғана біз өзімізді нағыз адам деп санауымызға толық құқылы болармыз. Ал бұл үшін адамдардың бір-бірімен адами тұрғыдан қоян-қолтық қарым-қатынас құруы керек, бір-бірімен шынайы диалог жасауы керек. Ал мұндай әрекеттерге үйрену бірінші кезекте интербелсенді оқу/оқыту процесінде жүзеге асырылады.

ХХІ ғасырда білімді азаматтарымыз көп болса, өмірге азық боларлықтай білім нәрімен сусындата алсақ , жұлдызды ғасыр болары айдан –анық...


















Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.Үлестірме материалдар

3.Абайдың қара сөздері. «Ел»1993 жыл

4.Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістерді қолдану» Алматы 2009 ж

5. Ғаламтор материалдары









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!