Материалдар / Баяндама "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада жалпы білім беретін мектеп оқушыларының оқу нәтижелерін бағалау жайында айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
660
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Имансеитова З.А. Алматы облысы Ұйғыр ауданы«Сүмбе орта мектебімектепке дейінгі шағынорталығымен» мемлекеттікмекемесі

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында бәсекеге қабілетті ел болу үшін білім берудің қазіргі заманғы ауқымды қадамдарын нақтылап отырғандығын атап көрсеткен.Қазақстанда соңғы жылдары оқушылар жетістіктерін бағалау жүйесін әлемдегі білім дамытудың қазіргі заманғы ағымдарына сәйкестендіру мақсатында нығайту қажеттігі пайда болды.Білім беру қызметкерлері ,оқушылар және ата-аналардың 5 балдық бағалау жүйесінің ынталандырушы және болжамдаушы қызметінің жеткіліксіз екендігін танып білуі-осыған негіздеме болып табылады.Қолданылатын 5 балдық шкалада және оның критериалдық негізінде тұлғалардың жеке қасиеттерін айқындауды есепке алудың мүмкіндігі жоқ. «3»(қанағаттанарлық)бағасының пәндік нормасы және критерийлері анық емес,бұл мектеп тәжірибесінде педагогтың ұстанымына байланысты «жоғарылату» және «төмендету»бағаларына алып келеді.Сонымен қатар,мектептерде қанағаттанарлықсыз бағаны тұлғаны басу,оқушылардың үрей мен мазасыз жағдайларын тудыру құралы ретінде қолдану кездеседі.Осы факторлардың бәрі білім берудегі жеке бағдар әдісінің қағидаларын жүзеге асыру ,гуманитандыруға бағытталған білім беру процесі бағалау аспектін реформалау жолдарын анықтады. «ҚР баға берудің жаңа жүйесін енгізудің мақсаты-орта мектепте оқыту сапасын жоғарылату,мектеп бітірушілер алатын білімді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.» Оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеу барысында мәселелерді шешу үшін келесі негізгі тәсілдер қолданылады:
  • Жеке-бағдар тәсілі,оқу жетістіктерін бағалаудың түрлі деңгейдегі теңестірме шкаласын пайдалану арқылы әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктерін дамыту және есептеу кіреді ;
  • Қызметтік тәсіл,оқушының өзіндік өнімді қызметін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттерін анағүрлым толық айқындауға бағытталған;
  • Денсаулық сақтау тәсілі,жалпы оқу процесінде бағалау жағдайында қолайлы психологиялық климат құру жолымен балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық денсаулықтарын сақтау және нығайту міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Аталған тәсілдерді жүзеге асыратын педагогикалық жағдайларға аспектілер кіреді:оқу жетістіктерін бағалау үшін объективтік және жеке маңызды критерилерді пайдалану;оқу процесінде аталған көрсеткіштерге сәйкес түрлі деңгейдегі және типтегі тапсырмаларды қолдану;жұмыс қарқыны және оқу қызметінің түрлерін шынайы таңдауды қамтамасыз ету.Бағалау барысында жоғарыда аталған жағдайлардың орындалуы бала құқығын теңгереді,танымдық белсенділігінің деңгейін арттырады,эмоционалдық байсалдылық және өз мүмкіндіктеріне сенімділікті сақтауына ықпал етеді:
  • Баға критериалдық болып табылады,яғни бірінші кезекте критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейі белгіленеді,содан кейін сол негізде нақты балдар немесе бағалар қойылады;
  • Оқу нәтижелерінің пән бойынша білім стандартына және білім бағдарламасына сәйкестігі айқындалады;
  • Орта білім сатысындағы мектеп бітірушілердің жете білушіліктерін қалыптастыру деңгейі белгіленеді.
Бүгінгі ұрпақтың кезеңі өз болашағына,оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне,дұрыс таңдау жасай білуі мен икемділік дағдыларына бейімделген уақытқа сай келіп отыр.Оқушылардың шығармашылығын дамыту,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күннің басты талабы.Себебі,ізденімпаз оқушы еңбекке бейім,ол шығармашылық тапқырлыққа жігерлі еңбек етеді.Оқытудың вариативтік бөлігіндегі шығармашыл,ізденімпаз оқушымен жұмыс істеу алға дамудың көптеген бағыттарына қояр талаптарының бірі.Бағалау білім ,ептілік,дағдыларды меңгеру деңгейін өлшеу үшін стандартталмаған тапсырмалар арқылы жүргізіледі.Білім жетістіктері нәтижелерінің деңгейін жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз етеді.Оқушы таңдау курсында белгілі бір тақырып көлемінде ізденіске ұмтылдыру тиімділігі мынада:
  • Әдебиет сабағында алған білімдерін тереңдетеді;
  • Оқушылар ғылыми ізденіс жолында өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізеді;
  • Оқушының дербес пікірлесу қабілеті артады;
  • Әдеби материалдарды саналы түрде меңгереді.
Таңдау курстарындағы оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмысын қалыптастыру жолдары алуан түрлі болғанымен ,оның ішінен сол мектеп пен мұғалімнің мүмкіндігіне сай келетін ,оқушыларға қолайлы түрлерін таңдау дарынды баламен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Оқытудың вариативтік бөлігіндегі «Ақындар әлемі»таңдау курсы 7-сыныпқа арналған. «Ақындар әлемі»оқу бағдарламасы 34 сағатқа жасалынды.3 модульдан тұрады. 1-модуль тақырыбы «Туған жерім-тұғырым»(әдебиет теориясынан поэзия және өлең құрылысы қарастырылады)16 сағат.5 сағаты лекция сабақтары,10 сағаты практикалық сабақ,1 сағаты аралық бақылау. 2-модуль «Табиғат-тыныс,тірлігім»(әдебиет теориясынан лирика және ұйқас түрлері)9 сағат.3 сағаты лекция сабақтары.6 сағаты практикалық сабақ. 3-модуль «»Арналы бұлақ-асыл сөз (әдебиет теориясынан фигура және троп түрлері)9 сағат.2 сағаты лекция сабақтары,6 сағаты практикалық және 1 сағат қорытынды бақылау. Бағдарламаға оқушылардың жас ерекшеліктері мен біліміне,ой-өрісіне сәйкес келмейтін ауыр өлеңдер,сондай-ақ көркемдік дәрежесі төмен өлеңдер енгізілмеді.Оқушыларға білімділік,тәрбиелік жағынан лайықты авторлар алынды. «Ақындар әлемі»таңдау курсы бойынша оқушының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
Әріптік жүйе бойыншаБалл бойыншаПайыздық мазмұндамаБаға
А495-100Үздік
А-3,6790-94

В+3,3385-89Жақсы
В3,080-84

В-2,6775-79

С+2,3370-74Қанағаттанарлық
С2,065-69

С-1,6760-64

Д+1,3355-59

Д-1,050-54

Ғ00-9Қанағаттанарлықсыз


Оқушының білімін рейтингтік бағалау өте тиімді. «Ақындар әлемі»таңдау курсының оқу үрдісі барысында мұғалім мен оқушының арасында өзара жаңа байланыс қалыптасып,оқушы осы курс бойынша өзінің жеке дайындығына көп уақыт бөліп,оқу үрдісіне белсенді түрде қатысып және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығы артты. Оқу жоспарының вариативті бөлігінен оқытылатын курстарды бағалау бойынша және оқушының өз бетінше оқуға деген міндеті мен жауапкершілікті дамыту үшін мұғалімнің қызметіне төмендегідей тәсілдер ұсынуға болады:
  • Оқудың қоғам және жеке тұлға үшін мәнін оқушыға жеткізе білу;
  • Ғылым жетістіктеріне сүйенген еңбектердің қаншалықты тиімді екенін көрсету;
  • Оқушыны білім алу жолында жігерлілігін және қажырлылығын шыңдауға үйрету;
  • Оқушыларды оқу қызметіне бірізді ашық талаптар қою;
  • Оқушылардың білімін бағалау үшін есеп берудің мақсатын,мәселелерін,формасы талаптарын анықтау;Оқушылардың өздеріне талап қоя білуіне үйрету.
Оқу жоспарының вариативті бөлігінен оқытылатын курстарды рейтингтік бағалау арқылы төмендегідей дидактикалық міндеттерді шешуге болады:
  • Жалпы білім беретін мектепте білім берудің біртұтастығын сақтай отырып,оқытылатын білім мазмұнының басты және маңызды мәселелерін бөліп,жан-жақты қарастыру;
  • Тек оқушылардың білімін ғана емес,сонымен қатар өз бетінше білімдерін тез толықтыра алатындай,ғылыми және саяси ақпараттар ағынында дұрыс бағдар жасайтындай,оқулықтармен жұмыс істей білу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру;
  • Оқытудығ пәнаралық байланысын қамтамасыз ету;
  • Оқушының ынта-ықыласын терең білім алуға бағыттау;
  • Үлгермеушіліктің алдын алу мақсатында деңгейлік тапсырмалар мен жаттығуларды пайдалану;
  • Оқушылардың білімін толық бағалау мен көп деңгейлі бағалауына мүмкіндік туғызу;
  • Оқушының өз бетінше жасаған жұмысының мағыналылығын арттыра отырып,оны жүйелі бағалауды ұйымдастыра отырып,оқушының өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру.
Сонымен қорытындылай келе,рейтингтік бағалау жүйесімен жұмыс жүргізу төмендегідей проблемаларды шешуге мүмкіндік берді.
  • Әлемдік білім кеңістігіне енудің алғы шарттары жасалды;
  • Тұлғаның өзін-өзі әрекет үстінде көрсетуіне жағдай жасалды;
  • Оқушының өздігінен білім алу деңгейі көтерілді;
  • Білімді жүйелі тұтас алу көзделді;
  • Бағалаудың балдық жүйесі тәжірибеге енгізілді;
  • Білім сапасы артты;
  • Шығармашылық ынтымақтастық орын алды;
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жасау және онымен дұрыс жұмыс істей білу жүзеге асты;
  • Оқушылар өзін-өзі бақылауға мүмкіндік алды;
  • Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қабілетті.
Рейтингтік бағалау жүйесі -мектепте де білім сапасын арттыруға қазақ мектебін әлемдік білім деңгейіне жақындатуға ықпал ететін оқу жетістігін бағалау жүйесі. Қорыта келе,жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу жетістігіне рейтингтік бағалау жүйелерін енгізу арқылы 2011-2020 бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын және өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын өмірге белсенді көзқараста болатын оқушыларды шығаруына мүмкіндіктер жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. «Қазақстан мектебі»,№9,1998,26-бет2. «Қазақстан мектебі»,№1,2000,22-28-бет3. «Қазақстан мектебі»,№2,2000,38-40-бет4.Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру,Алматы,2000,11-15-бет































































Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының оқу нәтижелерін бағалау мәселелері























Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығыменмемлекеттік мекемесі































Имансеитова З.А.қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі











2012 жыл
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!