Баяндама Жамбыл Жабаев 175 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Жамбыл Жабаев 175 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге музыка пәнінен көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24». Мерейтойға орай жыршының туып-өскен жері Алматы облысы, Жамбыл ауданында дәстүрлі «Жамбыл күні» әдеби-мәдени іс-шарасы өтті. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сұраншы батыр ауылында балабақша мен мәдениет үйі ашылып, ел игілігіне берілді. Дәстүрлі Жамбыл күні аудан орталығы Ұзынағаштағы Мәдениет үйінде басталды. Жамбыл Жабаев ақпан айының соңғы жұлдызында дүниеге келген. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің мол мұрасы – қисса дастандар, батырлар жырларын, халықтың өнегелі нақыл сөздерін жадына сіңірген жыр алыбының өмірі мен шығармашылығы жөнінде көрме ұйымдастырылды. Өлең сөздің дүлділі, айтыскер ақын әрі жыршы туралы елімізге белгілі ғалымдар мен қаламгерлер баяндама жасады. Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді дейді зиялы қауым. Жұмабай Шаштайұлы, жазушы: – Орыс ұлты жалпы символдарды, әртүрлі белгілерді қатты зерттейді. Ал Жамбылда соның барлығы болған. Жамбылдың бойында әулиелік құбылыстар болған. Ол қазаққа тән үлкен құбылысты бойына жинаған. Біз кісілік тұрғыдан, демократиялық тұрғыдан Жамбылға үңілуіміз керек. Рәтбек Терлікбаев, ҚР жазушылар одағының мүшесі: – Жамбылдың ұлылығы сонда, екі дәуірді – 19-20 ғасырды сол жалғап тұрғандығында. Қазақтың эпостық ұлы дүниесін, 200-300 жылдық әдебиетін бізге жеткізуші. Қуанышқа толы мерейлі күн Сұраншы батыр ауылында жалғасын тапты. Ауыл халқы көптен күткен балабақша ашылды. 90 балаға арнап салынған мектепке дейінгі мекемеге 35 адам жұмысқа орналасты. Ауылдық аймақта жыл сайын бала саны артып келетіні қуантады. Бала тәрбиесімен айналысатын мамандар да бар. Жас маман Салтанат Сәкенқызы бала тәрбиешісі болып жұмысқа орналасыпты.  Салтанат Қожабергенова, жас маман: – Шыны керек, осы балабақшаның ашылуын біз қатты күттік. Балаларымызды имандылыққа, патриоттыққа, Отанын сүйюге тәрбиешілеріміз атсалысады деген ойдамыз. Сұраншы мен Қастек ауылдарында өнерпаздар жетерлік. Қариялар ансамбілінің құрылғанына да он жылдан асты. Бірақ мәдениет үйі жоқ еді. Оның салынуын қарттар да жастар да күтті. Сол үміттері ақталып, бюджеттен қаржы бөлініп ғимарат ашылды. Мәдениет үйінде қолөнер мен домбыра үйірмесі де бар. 9 адам жұмыс істейді. Талапты жастардың қабілетін шыңдауға, өнерін дамытуға жағдай жасалды.  Гүлжан Талдыбаева, ауыл тұрғыны: – Ауыл жастарының белгілі бір баратын жерлері болмай қиналып жүруші едік. Ауылымыздың күннен күнге көркейіп жатқанының белгісі. Керемет мәдениет үйі ашылып, халық қуанышқа бөленді. Жалпы биыл Алматы облысында мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бойынша 45 балабақша мен мәдениет үйі ғимараттары қайта жөнделіп, ел игілігіне беру жоспарланған.



Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/458601-zhambyl-zhabaev-zhasampaz-rpa-pen-m-gi-birge-zhasaj-bere

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі