Материалдар / Баяндама Жаңартылған білім беру негізінде көркем еңбек пәнін оқыту ерекшеліктері
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Баяндама Жаңартылған білім беру негізінде көркем еңбек пәнін оқыту ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал көркем еңбек пәні бойынша мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ   КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Осыған орай сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбнесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. «Иновация» деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқу процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістерге сүйене отырып білімді, сыни тұрғыдан ойлана алатын, өзін-өзі, бірін-бірі оқыта алатын дербес ізденістегі жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – әрбір пән мұғалімінің басты ұстанымы. «Өнер көзі халықта» «Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ» демекші, қолданбалы қолөнердің орны ерекше. Қолданбалы қолөнер ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі. Этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық ұлттық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруда көркем еңбек пәнінің айырықша орны бар. Осы ұлттық рухани байлығымызды жоғалтпай ары қарай дамыта беруіміз керек. Ұлттық өнерді көне дәстүрлі оқу жүйесінен жаңа ғылыми негізге салып, жаңа ғылыми ізденістер арқылы заманауи білім беру жүйесіндегі әдіс-тәсілдерді пайдаланып жеке тұлғаларды дамытуға болады. Осы бағыттарда мектептегі эстетикалық пәндерден теориялық және тәжірибиелік білім беру жүйесі жандана түссе бай мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, ұлттық рухты жаңғырту әр ұстаздың басты міндеті. Заман талабына сай білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушыға жана тәсілдер, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы сапалы білім саналы тәрбие беру. Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазіргі таңда оқушы –ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оқушының рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару – басты ұстанымымыз.

Күнделікті сабақты түрлендіру арқылы тақырыпты оқушылардың ізденуімен идея таба отырып оқушыны еркін сөйлеуіне ықпал жасау. Топтық, жұптық жұмыс диалог ретінде сабақты қызықты етіп өткізуге сабақтың құрылымына стратегияларды пайдалану, сұрақ –жауап арқылы идея туындатып сабақтың тақырыбын ашып алуға болатынына көзім жетті. Әрине бұл жағдайда мұғалім өзі сабаққа жоғары деңгейде дайындықпен келіп оқушыларды жұмылдыра жұмыс істеуге яғни барлық оқушы сабаққа толық қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонымен қатар оқушыларға итерактивті тақтамен жұмыс, бейнероликтер көрсету арқылы баланың дүние танымын кеңейтуге болады. Мен өз сабағыма пайдалану арқылы ұлттық бай мұрамыздың тарихы мен жасалу жолдарын практикамен ұштастыра отырып әртүрлі тиімді тәсілдерді оқушылардың жапай ізденуіне ықпал жасадым, ұялы телефон қосымша ақпараттар табу арқылы сабақ толықтырылды. Оқытумен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерді жаңашыл педогогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қоймай, оны мүмкіндігінше пайдалану қажет.

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі, білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты. «Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі қызу болғаны дұрыс» деген Ж.Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескере отырып жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға, қызметке деген сүйіспеншілік болу керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлғa – жаңа технологиямен қаруланған, білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер, оқушы бойындағы қайрат-жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты. Баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Барлық мұғалім талантты болмасада өз ісінің шебері болуға міндетті. Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін ұтымды пайдалана біледі. Жаңа қоғам педагогы – рухани дамыған, шығармашыл, үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға болуы тиіс.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналы, 2011 ж.3,5.

  2. Е.Акитбаев «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары», 2006 ж.

  3. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.




























Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі